Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мұрат Мәйкеев пен Эндрю Берриер Қазақстан мен АҚШ Құрлық әскерлері арасындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін Астанада ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігі жанындағы әскери атташе полковник Эндрю Берриермен кездесті.

Келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен АҚШ Құрлық әскерлерінің әскери-техникалық ынтымақтастық және әскери білім саласындағы өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. Сонымен қатар, Мұрат Мәйкеев пен Эндрю Берриер Орталық Азия аймағындағы өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін де қарастырды.

Бас қолбасшы НАТО, оның ішінде, АҚШ Қарулы Күштерінде кеңінен қолданылатын жауынгерлік дайындықтың жаңа жүйесі – нұсқаушылар жүйесі Құрлық әскерлерінде сәтті қолданылып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, Мұрат Майкеев полковник Эндрию Берриерге ҚР Қарулы Күштерінде жүргізіліп жатқан реформалар, кәсби әскерге көшу туралы айтып берді.

–    Бүгінде Қазақстан Қарулы Күштері жасақтаудың келісімшарт бойынша түріне өтуге дайын. Құрлық әскерлері қазіргі заманғы қару-жарақпен қамтамасыз етілген, жеке құрамның кәсіби дайындығы жоғары деңгейде. Осының бәрі кәсіби әскерге көшудің алғышарттары. Ең бастысы, біз ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысының саны жағынан аз, кәсіби және қорғаныс қабілеті мықты әскер құру туралы талабын орындаудамыз, - деді генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев.

Өз кезегінде полковник Эндрю Берриер жуырда ғана Ресей Федерациясының аумағында өткен «Мызғымас бауырластық-2013» бітімгершілік оқу-жаттығуына қатысқан «Қазбриг» жеке құрамының жоғары кәсібилігін атап өтті.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
452

Осы тақырып бойынша

Мұрат Мәйкеев пен Эндрю Берриер Қазақстан мен АҚШ Құрлық әскерлері арасындағы ынтымақтастықты талқылады - Yvision.kz