Мазмұнға өту
minoboronyRK

МО РК

@minoboronyRK

Сайтта 2013 ж. 13 ақпанКазахстан, Астана

Министерство обороны Республики Казахстан является центральным исполнительным органом, осуществляющим государственную политику в сфере обороны, а также руководство Вооруженными Силами Республики Казахстан. Веб-сайт МО РК www.mod.gov.kz

рейтинг

100

жазбалар

1 061

пікір

1

тіркелуші

7

жазылымдар

0

Алматы облысында шақырылушыларды әскер қатарына шығарып салды

Алматы облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті Талдықорған қаласында «Әскер қатарына шақырылушы күні» әскери-патриоттық акциясын өткізді. Осы акция шеңберінде әскер қатарына шақырылып отырған жастарды әскери қызметке шығарып салу рәсімі болды. Салтанатты іс-шарада жас жігіттер алдында Қарулы Күштердің ардагерлері, жергілікті атқару органдары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері өнегелі сөздер сөйледі. Сондай-ақ салтанатты шығарып салу рәсіміне Талдықорған қаласының 28 мектебі мен 14 колледжінің оқушылары қатысты. Бұл жолы Алматы облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті 26 әскер қатарына шақырылушыны іріктеп алды. Олар ҚР Республикалық ұланында қызмет ететін болады. - Жетісулық жігіттер өз жерлестері мен туған-туыстарын жерге қаратпай, лайықты Отан қорғаушылары болатынына сенім…

0
0
251

Астанада әскерге шақырылған бозбалаларды салтанатты шығарып салу рәсімі өтті

Ер азамат елінің тыныш ұйқысы мен шынайы күлкісін сақтауды Отан алдындағы борышы санайды. Еліміздің Қарулы күштерінің қатары осындай жалынды жас жауынгерлермен толықпақ. Астанадағы «Отан қорғаушылар» алаңында шұғыл әскери қызметін өтеуге шақырылған азаматтарды салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Мұхамеджан Таласов, ҚР Қарулы күштері Бас штабы тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің басшысы: Бүгін елордада жас жігіттерді әскер қатарына шақырып салу үшін жиналдық. Биыл әскер қатарына, Қорғаныс министрлігіне 1500 адам шақырылды. Барлығының білімдері жоғары, психологиялық тексеруден өткен. Арасындағы ең жақсылары бүгін сапта тұр. Салтанатты шара «Отан Ана» ескерткішіне гүл себетін қойып, 1 минуттық үнсіздікпен басталды. Іс-шараға әскерге дейінгі және әскер жасындағы 2000 астам бозб…

0
0
636

Қазақстан Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Алматы өңірлік гарнизонында жұмыс сапарымен болып қайтты

Алматы өңірлік гарнизонында қорғаныс ведомствосының басшысы Әділбек Жақсыбеков 38-десанттық-шабуыл бригадасында, ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің әскери институтында және Армия орталық спорт клубының нысандарында болды. Аэроұтқыр әскерлердің қолбасшысы генерал-майор Дәулет Оспанов Министрге Аэроұтқыр әскерлердің бөлімдеріндегі істің ағымдағы жай-күйі – жеке құрамның жауынгерлік даярлығы, бөлімдердің техникалық жарақтандырылуы туралы баяндап, 38-десанттық-шабуыл бригадасының инфрақұрылымымен таныстырды. Әділбек Жақсыбеков қазақстандық бітімгершілік бригадасының жеке құрамымен кездесіп, әңгімелесті. - Сіздер Қазақстан әскерінің элитасы болып табыласыздар. Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы – еліміздің Президенті Аэроұтқыр әскерлерге ерекше көңіл бөледі және біздің армиямыздың ұтқыр…

0
0
310

Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің парашютшілері Қытайдан он алтын медальмен оралды

ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің парашютшілер спорт командасы Азия мен Океанияның XV және ҚХР-ның 37-ші әскери парашют спорты бойынша интернационалдық ашық чемпионатына қатысты. Жарыстар қытайдың Вухань және Куанглай қалаларында өтті. Қазақстан, Қытай, Катар, КХДР, Оңтүстік Корея, БАӘ, Марокко мен Бахрейн командалары парашюттік акробатика және классикалық парашютизм түрлері бойынша өнерлерін ортаға салды. Әуе қорғанысы күштері командасын бастап барған команда бастығы майор Леонид Дудкиннің жетекшілігімен Қазақстан Қарулы Күштерінің оңай жарылатын жаңғақ емес екендіктері танытылды, қоржынға 21 медаль түсті. Азия мен Океанияның және Қытайдың интернационалдық ашық чемпионатында күмбезді парашюттік акробатика командасының мүшелері прапорщиктер Сергея Болотнов, Арсения Тарабаева, ста…

0
0
281

Қазақстан Қарулы Күштерінің кіші сержанты бокстан әлем чемпионы атанды

Биылғы әлем чемпионатына 110 елдің спортшылары қатысты. Қазақстандық боксшылар төрт алтын медаль олжалап, бокстан әлем чепионатының жалпыкомандалық есебінде бірінші орынды иеленді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі


0
0
291

Елімізде әскери офицерлер қатары толықты

Ақтөбедегі Талғат Бигелдинов атындағы Әуе Қорғаныс күштері институының 167 түлегі жоғары білімді маман атанып, диплом алып шықты. Олардың бірі – ұшқыш, енді бірі – авиациялық-инженер мамандығын алғандар. Еліміздің Қарулы күштеріне кәсіби кадр дайындайтын институттың бұл – 16-шы түлектері. Институт базасы 1974 жылы ұшқыштар дайындайтын училище болып құрылған еді. Сол кездері 5 мыңнан аса маман даярлап шығарды. Олардың көбі шет мемлекеттер мен ТМД елдерінде еңбек етіп жүр. 2003 жылы училище институт болып қайта құрылды. Жыл санап техникалық базасы нығайтылып, жаңа үлгідегі ұшақтар мен тікұшақтар әкелінді. Өткен жылы ғана су жаңа 8 ұшақ және ұрыс жаттығуларын орындауға арналған «Л-39» ұшағы алынды. 2006 жылдан бастап, келісімшарт бойынша шет мемлекеттерге ұшқыштар дайындайды. Елімізде ұшқыш-…

0
0
962

Астанада әскери-спорттық слет өтті

Астанада әскерге шақырылуға дейінгі жастар арасындағы әскери-спорттық клубтардың слеті өтті. Бұл жолы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті қаладағы 25 мектеп пен колледжде білім алушыларды жинады. Ағымдағы жылдың алғашқы әскери-спорттық эстафетасында оған қатысушылар автоматты шашып, жинаудан, пневматикалық мылтықтан атыс дайындығынан және денешынықтыру бойынша 1 шақырымға жүгіріп, білтемірге тартылудан сынақ тапсырды. ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің 5 жылдығына орай өткізілген жауынгерлік жарыстың қорытындысы бойынша № 71 мектеп-лицейдің командасы бірінші орын алды. Ал, № 4 мектеп-гимназияның оқушылары жүлделі екінші орынды иеленсе, Гуманитарлық колледж студенттері үшінші орыннан көрінді. Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті мектеп оқушылары…

0
0
356

ҚР Қарулы Күштерінде авиация бағыттаушыларының жиыны өтуде

Алматы облысындағы «Қазақстан» полигонында авиация бағыттаушыларының жиыны өтуде. Биылғы жиынға Қазақстан Қарулы Күштері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының, Аэроұтқыр әскерлерлерінің әскери қызметшілері тартылған. Жаттығу жиынына қатысушылар бір ай бойы жауынгерлік міндеттерді орындау кезіндегі авиациялық техниканы басқарудың теориялық және практикалық мәселелерін пысықтайтын болады. Қазіргі уақытта Қазақстан армиясы ұрыс жүргізуді ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы технологиялары мен әдістерін, сондай-ақ жерүсті нысаналарына жауынгерлік авиацияны бағыттауды қолданып келеді. Қазіргі заманғы ұрыста авиация бағыттаушыларының рөлі нысанаға дейінгі қашықтықты және авиазиялық зақымдау құралдарын қолдану тәсілдерін түзетуге келіп тіреледі. Жерүсті әскерлерінің құрамындағы авиация бағыттаушылары коо…

0
0
268

Қазақстан армиясында әскерлерді қорытынды тексеру басталды

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде 2013 оқу жылы үшін әскерлерді қорытынды тексеру басталды. Оның нәтижесі бойынша әскер түрлері мен тектерінің үздік құрамалары мен бөлімдері анықталатын болады. Тексеруге Қазақстан әскері жеке құрамының 100 % қатысады. Басқару органдары өз бағынысты бөлімшелерінде әскери қызметшілердің барлық жауынгерлік және кәсіптік даярлық пәндері бойынша машықтану деңгейін тексереді. ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығу орталығында офицерлер мен сержанттар атыс қаруынан оқ ату бойынша шеберліктерін көрсетті, БМП-дан және Т-72 танкісінен штаттық снарядпен жауынгерлік оқ атумен тактикалық іс-қимылдарды пысықтады. - Қорытынды тексеру кезінде әрбір әскери қызметші жоғары нәтиже көрсетуі тиіс. Тексеру кезінде жеке құрам ұйымдасқан түрде үйлесімді қимылдап, тамаша…

0
0
665

Қарулы Күштерде мерзімді қызметін өтеген сарбаздарды запасқа шығару басталды

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бөлімдері мен құрамаларында мерзімді қызметін өтеген әскери қызметшілерді запасқа шығару басталы. Әскер түрінен мыңға жуық мерзімді қызметтің әскери қызметшісі запасқа шығарылды. Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – бас штаб бастығы полковник Марат Уашпаев: – Әскери қызметін өтеу кезінде сарбаздарда шын мәніндегі жауынгерлік сапа қалыптасады. Біздің жауынгерлеріміз спортпен шыныққан және төзімді. Сендер әскерде жүріп, жақсы жауынгерлік тәжірибе алдыңдар, әртүрлі көлемдегі тактикалық оқу-жаттығуарға қатыса жүріп, қару-жарақ пен әскери техниканы сауатты меңгердіңдер, – деді. Командирлер жауынгерлерге үлгілі қызметтері үшін ризашылық білдіріп, Қазақстан Қарулы Күштеріндегі қызметтері жас жігіттер үшін ерлік пен патриотизм мектебі болғаны…

0
0
347