Бүгін Астанада Қорғаныс министрлігінде ведомство басшысы Әділбек Жақсыбеков АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Джон Ордвейді қабылдады
Бүгін Астанада Қорғаныс министрлігінде ведомство басшысы Әділбек Жақсыбеков АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Джон Ордвейді қабылдады. Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарымен стратегиялық әріптестік шеңберіндегі қорғаныс саласындағы әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. – Екі ел көшбасшыларының жемісті саяси үнқатысуының арқасында қазіргі таңда әскери саладағы қазақ-америка ынтымақтастығы жеткілікті деңгейде дамуда. Біз үшін бітімгершілік мәселелері, әскери-техникалық саладағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ әскери білім саласындағы ынтымақтастық Қазақстан мен АҚШ әскери ведомстволары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен нығайтудың басым бағыты болып табылады. Өз кезегінде Джон Ордвей АҚШ пен Қазақ…