Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан Республикасының Аэроұтқыр әскерлерінде бригадалық-тактикалық жаттығулар басталды

Бүгін ҚР Қарулы Күштерінің Аэроұтқыр әскерлерінде бригадалық-тактикалық жаттығулар басталды. ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес бригалық-тактикалық оқу-жаттығулар 2014 жылғы 14-18 сәуір аралығында өтеді. Оқу-жаттығулар бірнеше кезеңнен тұрады.

2014 жылғы 14 сәуірде Аэроұтқыр әскерлері толық жауынгерлік әзірлікке келтірілді және шартты жауынгерлік іс-қимыл аудандарына жеткізілді. Жауынгерлік аудандарға марш жасау барысында десантшылар басқару, өзара әрекет ету, бөлімшелердің ауызбірлігі мәселелері шешіледі және түнде Іле өзенінен жүзіп өтеді. Аэроұтқыр әскерлерінің төрт гарнизоныны үш бағыт бойынша көпшақырымды марш жасайды.

- Өткізілетін оқу-жаттығудың ерекшелігі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тарихында тұңғыш рет техниканы өзен арқылы түнде алып өту болып табылады. Оқу-жаттығуларға барлығы 2 мыңнан астам әскери қызметші, 500 бірлік жауынгерлік машина қатысады, олардың ішінде 100-і – бронды техника, - деп атап өтті ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары – ҚР ҚК ҚӘ Бас штабының бастығы генерал-майор Әділбек Алдабергенов.

Су бөгетін басып өтпестен бұрын бөлімшелер қарсыластың күшін  анықтау мақсатында жергілікті жерге барлау жүргізеді.

Содан кейін инженерлік-саперлер бригадасының мамандары жағалау аймағын минадан арылту жұмыстарын жүргізеді. Шартты қарсыластың тылына тікұшақтан парашютпен әуе десанттары түсіріледі.

Қарама-қарсы жағада орналасу және негізгі күштерді тастау үшін жайлы жағдай жасау мақсатында әскери барлау және десанттық-шабуылдау батальоны БТР-80 Іле өзенін кесіп өтеді.

Ауыр және дөңгелекті техниканы инженерлік бөлімшелер бекіткен қалқымалы көпір арқылы алып өтеді.
2014 жылғы 17 сәуірде оқу-жаттығудың белсенді фазасы барысында Аэроұтқыр әскерлерінің батальоны әскери іс-қимылдарды тауда өткізеді, пилотсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып рейдтік іздестіру жұмыстарын, аталған аудандарда тазалау жұмыстарын  жүргізеді.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
405

Осы тақырып бойынша