Мазмұнға өту
minoboronyRK

МО РК

@minoboronyRK

Сайтта 2013 ж. 13 ақпанКазахстан, Астана

Министерство обороны Республики Казахстан является центральным исполнительным органом, осуществляющим государственную политику в сфере обороны, а также руководство Вооруженными Силами Республики Казахстан. Веб-сайт МО РК www.mod.gov.kz

рейтинг

100

жазбалар

1 061

пікір

1

тіркелуші

7

жазылымдар

0

Талап жоғары: Қорғаныс министрлігінде құжаттау мәселелері талқыланды

Бүгін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Қорғаныс Министрлігінде әскери басқару органдары, Ақмола гарнизоны әскери бөлімдері мен мекемелері құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшелерінің өкілдері қатысқан жиын болып өтті. Жиында мемлекеттік органдардың құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшелеріне қойылатын талаптардың артып келе жатқанына айрықша назар аударылды. Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан-2050» Стратегиясы – Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің мақсатымыз – мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру. Ол қоғамға қызмет ету мен мемлекеттілікті нығайтудың жаңа міндеттеріне сай болуы тиіс» деп атап өткен. Қорғаныс министрлігінің басшылығы жалпы орындаушылық тәртіпке, ақпараттық-коммуникациялық технологиял…

0
0
731

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Қазақстан Қарулы Күштері тәрбие құрылымдарының офицерлері жылды қорытындылады

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде тәрбие және идеологиялық жұмыстар бойынша қорытынды оқу-әдістемелік жиын өтті. Жиынға әскер түрлері бас қолбасшыларының, тектері қолбасшыларының, әскери бөлім командирлерінің, әскери-оқу орындарының, қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің және Қазақстан Қарулы Күштері әскери полиция жасақтары бастықтарының орынбасарлары қатысты. Тәуелсіздік жылдары Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының сарабдал саясатының арқасында елімізде әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің нақты жағдайлары жасалды. Тұңғыш президент күніне орайластырылған ҚР ҚК әскери тәрбиеші-идеологтарының жиынына ғалымдар, саясат және тарих ғылымдарының докторлары, жетекші ғылыми қызметкерлер, «Әскери-ғылыми…

0
0
449

Қазақстандық әскер – ТМД-ның үздік үштігінің қатарында

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050: қалыптасқан елдің жаңа саяси бағыты» Стратегиясында әскери мүмкіндік пен қорғаныс қабілетті арттыру керектігі және қорғаныс мақсаттағы механизмдерге қатысу керектігі айтылды. Аталмыш міндеттемені орындау қарулы күштердің кешенді шараларын қолға алуды талап етеді. Соның ішінде Қарулы Күштердің кадрлық саясатын барынша жақын арада және ұзақ мерзімді жетілдіруге деген қажеттілік те жоқ емес. Бүгінде Қарулы Күштердің дамуы әскери дайындықтың қарқынды өсуімен өлшенеді. Атап айтар болсақ, дайындық шаралар санының өсуі, әскердің жоспарлы түрде қару жаңартуы. Қазіргі таңда еліміздің қарулы күштері шет елдерде болатын түрлі оқу-жаттығу шараларында шеберліктерін шыңдап, өзге елдердің қатарында алдыңғы лектен көрінеді. Қазақстан әскерінің заманау…

0
0
425

«Бар жақсымыз балаларға!»: ҚР Қорғаныс министрі Тұңғыш Президент күні қарсаңында елордалық балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтады

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Қазақстан Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков елордалық балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтады. Әскери қызметшілер «Ризашылық» қайырымдылық акциясы аясында қорғаныс ведомствосы басшысының атынан Астана қаласы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне спорттық құралдар жинағын, доптар, бадминтонға арналған жинақтар, шахматтар, теннис ракеткаларын, ал ең кішкентайлар үшін жұмсақ ойыншықтар сыйға тартты. Осы күні Балалар үшін әсем әуендер әуелеп, ән мен биге кезек берілді, үлкендер балалармен араласты. Келген қонақтар педагогтармен бірлесіп бараларға мереке ұйымдастырды, олардың шығармашылығымен және тұрмысымен, спорттық және басқа да табыстарымен танысты. Сондай-ақ осы іс-шараның шеңберінде спорттық ойындар өткізілді. Түстен кейін балалар үйі мен Сағадат Нұрма…

0
0
587

Талғат Мұсабаев ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының Құрметті профессоры атанды

Бүгін Ақтөбеде Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевқа ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының «Құрметті профессоры» академиялық атағы берілді.

Ақтөбе облысының Достық үйінде Талғат Мұсабаев Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының профессорлық-оқытушылық, ұшу-нұсқаушылық, инженерлік-техникалық және курсанттар құрамы алдында Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқынаЖолдауында белгіленген тапсырмаларды іске асыру шеңберінде Қазақстанның ғарыш саласының дамуы» туралы баяндама жасады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
436

Генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев – жыл әскериі

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев «Жыл таңдауы – Жыл адамы» халықаралық фестивалінің қорытындысы бойынша 2013 жылдың әскери адамы деп танылды. Генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев «2013 жылдың әскери адамы» номинациясындағы жеңісі үшін «Алтын адам» мүсіншесімен марапатталды. Жыл сайынғы «Жыл таңдауы – Жыл адамы» фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты Алматы қаласында өткізілді. Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өткен шарада 2013 жылдың түрлі саладағы үздіктерінің есімдері жарияланды. Олардың қатарында әскери, мәдениет, өнер, бизнес, медицина, спорт және тағы басқа саланың майталмандары бар. «Қазақстандағы жыл таңдау № 1» фестивалі ТМД-ның бес елінде өткізіледі және халықаралық м…

0
0
496

ҚР Қорғаныс министрлігі: Қазақстан мен Литва қорғаныс ведомстволары арасында 2014 жылға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойылды

Бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінде қазақстандық қорғаныс ведомствосының халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ететін әскери қызметшілері өздерінің литвалық әріптестерімен кездесті. Жиырма жылдан бері Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы барлық деңгейде жүйелі диалогты қолдап келеді. Бұл түрлі салалардағы конструктивті қарым-қатынас пен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға жағдай жасайды. Бүгінгі таңда Қазақстан-Литва әскери ынтымақтастығы жоспарлы түрде дамуда. Әскери қызметшілерді Литваның әскери оқу орындарында курстық даярлық жүйесі бойынша оқыту оның негізгі бағыты болып табылады. Жыл сайын қазақстандық әскери қызметшілер медицина курстарына және нұсқаушы-сержанттарды даярлау курсына қатысып келеді. - Біз екі ел арасындағы достық байланыстардың бұдан әрі нығайтуға мүдделіміз…

0
0
396

Әскери оқытылған резерв дайындау: Қорғаныс министрлігі 2013 жылдың қорытындысын шығаруда

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери оқытылған резерв даярлау жөніндегі жұмыс жалғасуда. Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығында әскери міндеттілерді даярлаудың тағы бір кезеңі аяқталуда. «Спасск» оқу-жаттығу орталығында 100-ге жуық адам әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі жиынды аяқтауда. Осы уақытқа дейін қандай да бір себептермен әскерде қызмет етпеген жасы 27 толған азаматтар бір айлық жиынға шақырылды. Олардың ішінде түрлі мамандық пен кәсіп иелері бар. Жиыннан өту кезеңінде олардың жұмыс орындары сақталып, мемлекет есебінен айлық орташа жалақылары төленеді. Бұл осы оқу орталығында жыл басынан бері өткізілген тоғызыншы жиын. 2013 жылы осы оқу-жаттығу орталығында Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақмола, Қостанай облыстарынан және Астана қаласынан ке…

0
0
491

Қазақстан Қарулы Күштері үздік әскери қалашықты таңдады

ҚР Қорғаныс министрлігі Қазақстан Қарулы Күштерінің өңірлік қолбасшылықтары, әскер тектері және гарнизондары арасында өткен «Үздік әскери қалашық» байқау-конкурсының қорытындысын шығарды. Қорғаныс министрлігінің байқау комиссиясы тұрғын үй және қызметтік қорлардың жай-күйін, сондай-ақ әскери қалашықтардың іргелес аумағын көркейтуді тексерді. Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы қабылдайтын шаралардың нәтижесінде әскери қызметшілердің тұру және тұрмыс жағдайларының жақсаруына қол жеткізгенін атап өткен жөн. Байқау-конкурстың қорытындысы бойынша бірінші орынды Ұлттық қорғаныс университетінің әскери қалашығы жеңіп алды (Щучинск қ.). Екінші орынды «Отар» әскери базасы еншілесе, үшінші орын «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 35748 әскери бөліміне бұйы…

0
0
445

Кәсіпқой – Армия негізі: Қазақстан Қорғаныс министрлігінде алқа отырысы болып өтті

Бүгін Астанада қорғаныс ведомствосының басшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Алқасының отырысы болып өтті. Алқа жұмысына Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың басшылығы, әскер түрлерінің бас қолбасшылары, тектерінің, өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшылары, Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштер департаменттерінің, бас басқармаларының, басқармалары мен орталықтарының бастықтары, қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің, әскери оқу орындарының бастықтары, әскери бөлімдердің, мекемелердің командирлері, сержанттық құрам, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары қатысты. Биыл бөлімдердің жауынгерлік даярлығы айтарлықтай арта түсіп, бұл кәсіби шеберліктің артуына оң ықпал етті. 7 мамыр – Отан қорғаушы күні төл әскеріміздің жауынг…

0
0
492