Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

В.Школьник: Жанармай қымбаттамайды

25 февр. 2016 г.

Елде бензин құны қалыпты, кей өңірлерде баға төмендеген. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында АИ-92 бензині 122-125 теңге аралығында.

Мемлекет жанармай бағасын реттемейді. Тек дизельді отынның литрі 99 теңгеден аспауы тиіс.

Бұл туралы Оралда жүрген Энергетика министрі Владимир Школьник мәлімдеді. Оның айтуынша, еркін бағамен сату басталғалы елде бензин тапшылығы жойылды.

Елімізде жылына 2,5 млн тонна бензин өндірілсе, сұранысымыз – 3,5 млн тонна.

Атырау, Павлодар, Шымкент мұнай өңдеу зауыттарында жаңғырту жұмыстары аяқталғанда, жылына 5 млн тоннадан астам бензин өндіретін боламыз.

«Сонымен мәселе 2018 жылы түбегейлі шешілуі тиіс», – деді министр.

Владимир Школьник, ҚР Энергетика министрі

-Осы жұмыстар аяқталған соң біз 5,6 миллион тонна бензин өндіреміз. Әрине, ол «Еуро 4», «Еуро 5» стандарттарына сай болады. Мұнай өңдеу зауыттары жыл соңында жаңғыртылып бітеді және олар 2017 жылы біртіндеп іске қосылады. Президенттің тапсырмасы бойынша, біз 2018 жылы ішкі нарықты толық қамтамасыз етіп, көрші елдерге дайын мұнай өнімдерін экспорттай бастаймыз.

 

https://www.youtube.com/watch?v=27Q_mStZTfE

Осы тақырып бойынша

В.Школьник: Жанармай қымбаттамайды - Yvision.kz