Ғани Қасымов қазақша ән салды
Қазақстан президенттігіне үміткер Ғани Қасымов жақында Талғар қаласында орналасқан штаб пәтерінде жергілікті халықпен кездесіп, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Генералдың саяси тұғырнамасында әлеуметтік саяси жағдайға көп көңіл бөлінген. Жағдайы төмен отбасылар, мүгедектер, зейнеткерлер мен ардагерлердің лайықты өмір сүруі және қаржылық төлемдермен толық қамтамасыз етілетіндігі айтылған. Ол президент болған күнде мемлекет өзінің барлық азаматтарына мейлінше қамқорлық пен қолайлы жағдай жасау қажеттігін айтады. Мүгедектерге төленетін төлемдер, арнайы мемлекеттік жәрдемақылар қайта қаралатын болады. Ғани Қасымов «Нұр» отбасылық балалар үйінің де бүгінгі ахуалымен танысты. Қайырымдылық негізде құрылған балалар үйінде бүгінде бала тәрбиеленуде. Оның 80-і студент. Ал бұған дейін бұл жер…