Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Өзің шешесің бе, әлде сырттан келер көмекке жүгінесің бе?

Компаниядағы пиар қызметінің жұмысы қалай өнімді болады – ұйым ішінде толыққанды департамент болғанда ма (in-house), әлде толығымен арнайы мамандандырылған пиар агенттіктерінің (outsourse) қызметіне жүгінгенде ме? Бұл сұраққа жауап іздемес бұрын төмендегі жайттарды ескерген абзал.

Компанияның ұйымдық құрылым аз қысым көрсеткен сайын, кез келген аутсорсинг тәрізді, олар да қызметақысын қымбаттатады және құпия сақталуы тиіс ақпараттарды бақылау мүмкіндігі шектеледі. Жақсы жарнама жасау үшін пиар агенттігі негізгі ақпарттармен таныс болуы тиіс, алайда жеке ақпартты агентікке айтсаңыз (құпияны таратпау туралы келісімге қол қойғанның өзінде), кейін ол оны компанияда қарсы өз пайдасына қолданып, оның тұтқынына айналуыңыз әбден мүмкін.

Оның үстіне пиар қызметін көзден таса қылуға болмайды. Мәселен, егер компания бюллетеньдер шығарып, корпоративті басылымдарды беттеп, веб-сайт пен ғаламторды реттеп отыратын ұшыр ойлы дизайнерге жалақы төлеп, өз қарамағында ұстаса, оның ақпарат таратуы мен жұмыс сапасы мекеменің тікелей бақылауында болады. Оған қоса, компания оның біліктілігін арттыру үшін оқытып, тәжірибесін ұштап отырады. Егер аталған қызметтерді пиар агенттігінің мойнына артсаныз, мұның бәрін аккаунт-менеджер басқарады да, үшінші орындаушы тұлғаның жұмысын тапсырыс беруші бақылай алмай қалады. Мысалы, агенттіктегі дизайнерлер жұмысты бір-біріне сілтеп (себебі, сіз жалғыз тұтынушы емессіз), жұмыстың сапасы төмендеп, стилі мың құбылып кетеді.

Пиар агенттіктерін мейрамханаға теңеуге болады. Жақсы мейрамхананың беделі оның ішкі безендірілуіне емес, бас аспазына байланысты. Бас аспаз ауысқанда жаңадан келген аспаз өзін дәлелдегенше, мейрамханаға бес жұлдыздан айырылуына тура келеді. Агенттік бренд емес, дарынды адамдардың тобы, соған орай тұтынушылар қызметіне жүгінген пиар агенттігі жұмысшыларының ауысқанына хабардар етіп отыруы тиіс. Дегенмен білікті маманы жұмыстан кетіп жатқанын агенттік жариялай қояр ма екен.

0
0
508

Осы тақырып бойынша

Өзің шешесің бе, әлде сырттан келер көмекке жүгінесің бе? - Yvision.kz