Белгілі блогшы Әсет Нұрпейісов ҚазҰУ-ға келді
26.02.2011ж Қазақ Ұлттық Университетіне Қазақстанға белгілі блогшы Әсет Нұрпейісов және оның шәкірті Ерсұлтан келді. Олар бізге өздерінің білгендерін айтып, 2сағат көлемінде сабақ өткізді. Сабақты екі тілде, яғни Әсет орыс тілде сөйлесе, Ерсұлтан қазақ тілінде біраз ақпаратты тарқата алды. Олардың өткізген сабақтары маған қатты ұнады. Өйткені, өте қызықты дүниелер мен материалдарды айтты. Соның ішінде Қазақстанның ең үздік 10 сайты жайлы, оның бірі "www.yourvision.kz" сайты туралы айтты. Онда көбінесе яғни 90%-ы орыс тілді блогтардың көп жазылатынын және ол сайтқа күніне 1300-1500дай халық кіретіні жайлы айтты. Қазақстанның блогплатформалары-мамандыққа көптеген тәжірибелерін тигізетінін айтты. Бірақ, Қазақстандағы блогплатформаларда бір тақырыпқа 6-7 блог жазылса, Ресейдің блогплатф…