Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Осы күнім ерекше өтті...

 

Мамыр айының бесінші жұлдызында, Алматы қаласындағы Нұр Отан ХДП-сы ғимаратында, «Жас Отан» жастар қанатында қызмет ететін ҚазҰу-дің, журналистика факультетінде оқитын 3 курс студенті Фаризаның жүргізуімен шеберлік класы болып өтті. Онда болашақ студент журналистер жиналды. Біз «Заң» газетінің белгілі журналисті, заңгер Аманхан Әлімұлы мырзамен кездестік. Ол кісі өз сөзін «Журналист-мамандық емес, ол - туа біткен талант», - деп бастады. Ары қарай, «яғни журналист болу - бұл Алланың cендерге берген сыйы. Оқып инженер бола аласың, оқып мұғалім бола аласың, оқып дәрігер де бола аласың, ал бірақ оқып журналист бола алмайсың, себебі  іс-қимылмен, ізденумен қатар көп еңбек етсең ғана нағыз журналист бола аласыңдар! Ақынға да, жазушыға да, тіпті әншіге де табиғи тума талант, дарын берілмесе, онда ол өзін ақынмын, жазушымын, әншімін деп, өзіне көп ала бермесін. Кейбіреулерге, белгілі бір сомаға жаздырып алып, беті бүлк етпестен, «міне, мен жазып келдім», деп айта салу әлдеқайда оңай. Ал, нағыз дарын иесіне мұны жазу үшін қаншама еңбек, қаншама талап керек екенін ұғыну қиын. Журналист қай кезде де арлы болуы керек. Журналист - ұлттың ар-ожданы, қоғамның ар-ожданы, мемлекеттің ар-ожданы. Журналист арлы да адал болса ол нағыз қазіргі заманға сай журналист бола алады. Сонымен қатар журналист бір саланың маманы емес, жан-жақты болуы керек, яғни кез-келген саланы меңгеруі керек. Себебі, ол жазғанда не нәрсені болсын мақтап немесе даттап жаза алады емес пе?! Сондықтан да, олардың ойы ұшқыр да жан-жақты бола білуі тиіс!» -  деп жалғастырды. Меніңше, журналист мамандық атауы емес, ол – орысша айтқанда призвание.                                                                                                                            Тағы да бір сөзінен ұққаным журналист тек қана өз саласының маманы емес, ол сонымен қатар заң тұстарын да  білуі керек. Егер, ол заңды білмесе, онда нені жазу керек екенін, нені жазбау керек екенін аңғара алмайды. Және де журналистің мықтылығы әркімнің өзіне байланысты екенін де айтып өтті. Жалпы, мен бұл шеберлік класына барып, өзіме қажетті көптеген мәліметтерді алғаныма қуаныштымын. Уақытым зая кеткен жоқ деп ойлаймын. Ең бастысы, мен осы «Жас Отан» жастар қанатының қатарына қосылу мүмкіндігіне ие болдым.         

0
1
650

Осы тақырып бойынша