Перейти к содержимому
mangystau.mng.nurotan.kz

Мангистауский филиал

@mangystau.mng.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 17 қыркүйекКазахстан, Мангистау

Официальный филиал партии "Nur Otan" Мангистауского района Мангистауской области

рейтинг

250

жазбалар

514

пікірлер

7

тіркелуші

11

жазылымдар

5

Тұңғыш Президенті күніне орай жастардың қатысуымен "BIRINSHI" челленджі өтті.

1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ауданның белсенді жастарының қатысуымен "BIRINSHI" челленджі өтті. Челленджге қатысушылар Елбасыға арналған өлеңдерді оқып, белсенділік танытты. Назарларыңызға Шетпе гимназиясының 9-сынып оқушысы Асхатқызы Айбанудың Елбасына арнап шығарылған өлеңдерден үзінді жолдарын ұсынамыз.

0
0
122

Елбасы – татулығымыздың, береке - бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі.

Сіздерді 1 желтоқсан – Елбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның бірлігін, Конституцияның панасын, адамның құқығын және бейбітшілігін қамсыздандырған, жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін салушы болып табылады. Қысқа мерзім ішінде Қазақстан қанатын кең жайған саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырған, өзінің даму жолын тапқан жаңа заманғы бәсекеге қабілетті ел болып таңылды.

Тұрақтылық және қоғамдық келісім, сыртқы саяси жауапты бағамы – елдің халықаралық беделінің өсуі үшін берік негіз болды. Күшті стратегия және мақсаттылықтың арқасында біз жолымызда тұрған әр кедергіні жетістікпен жеңіп аламыз.

Осы айрықша мәнді күні елдің игілігі үшін барлықтарыңызға зор денсаулық, мол бақыт, береке тілейміз!

0
0
114

Бүгін бақылау топ орталық саябақ алаңды абаттандыру жұмыстары бойынша рейд жүргізді.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалының бақылау тобы Шетпе селосындағы орталық саябақ аймағы мен орталық алаңды абаттандыру жұмыстары бойынша рейд жүргізді.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында «Шетпе селосындағы орталық саябақ аймағы мен орталық алаңды абаттандыру» жұмыстары да жүргізілуде. Абаттандыру жұмыстары ішінде келесі жұмыстар қамтылатын болады: ҰОС -на қатысқан батырларды мәңгі есте сақтау ескерткішін орнату, ту монументі аумағы мен жалауша орнату, балалар ойын алаңын салу, кіре беріс доғасын орнату, субұрқақ салу, әр түрлі іс-шаралар өткізуге арналған сахна орнату, орталық алаңға брусчатка төсеу. Бұл жоба бойынша жұмыспен қамту орталығынан 30 адам жұмыспен қамтылды. Жұмыстың аяқталу мерзімі 31.12.2020.

0
0
120

Бүгін бақылау тобы Шетпе селосындағы орталық кітапхана жұмыстары бойынша рейд жүргізді

Бүгін «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалының бақылау тобы Шетпе селосындағы орталық саябақ аймағы мен орталық алаңды абаттандыру жұмыстары бойынша рейд жүргізді

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында «Шетпе селосындағы орталық саябақ аймағы мен орталық алаңды абаттандыру» жұмыстары да жүргізілуде. Абаттандыру жұмыстары ішінде келесі жұмыстар қамтылатын болады: ҰОС -на қатысқан батырларды мәңгі есте сақтау ескерткішін орнату, ту монументі аумағы мен жалауша орнату, балалар ойын алаңын салу, кіре беріс доғасын орнату, субұрқақ салу, әр түрлі іс-шаралар өткізуге арналған сахна орнату, орталық алаңға брусчатка төсеу. Бұл жоба бойынша жұмыспен қамту орталығынан 30 адам жұмыспен қамтылды. Жұмыстың аяқталу мерзімі 31.12.2020

0
0
189

Бүгін «Lectorium» жобасы аясында «Елбасы және Маңғыстау» атты Zoom платформада онлайн кездесу өтті.

Бүгін «Lectorium» жобасы аясында «Елбасы және Маңғыстау» тақырыбында Zoom платформасында онлайн кездесу өтті. Кездесуге ауданның қаржы саласында қажырлы еңбек еткен ардагер Сұлтан Жұбаев және белсенді жастар қатысты. Шара барысында ардагер С.Жұбаев өзінің еңбек еткен жылдарынан естелік айта отырып, Маңғыстауымыздың өркендеуі, халықтың әл ауқатының жақсаруы туралы айтты. Тәуелсіздік алмай, алғашқы Президентіміз сайланбай тұрған уақыттағы қиыншылықтар мен бүгінгі ұрпақтың алаңсыз өмірі, тұғырлы тәуелсізідігімдің бізге берген жемісі туралы салыстыра отырып, мысалдармен жеткізді. Елбасымыздың өзге мемлекеттермен келісім жасай отырып, шекарамызды анықтауы, сындарлы саясаты, мән-маңызы зор бағдарламаларына әрқашан қолдау білдіріп, елімізді көркейте түсуге атсалысып, үлес қосуды үлкен абырой, мі…

0
0
135

Бүгін «Жол картасы -2020» бағдарламаcы бойынша «Ауылдағы жұмыспен қамту» акциясы өтті.

Бүгін "Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалында «Бизнестің жол картасы-2020», «Жол картасы -2020» бағдарламалары және ауылшаруашылық несиелендіру бағдарламалары шеңберінде микрокредиттеу механизмдері туралы «Ауылдағы жұмыспен қамту» акциясы өтті. Акцияға Маңғыстау аудандық "Атамекен" кәсіпкерлік палатасы филиалының және Маңғыстау аудандық кәсіпкерлік бөлімінің мамандары қатысып, тұрғындар аталған бағдарламалар бойынша кеңестер алды. Сондай-ақ, «БИЗНЕС БАСТАУ» және жұмыс жасайтындарға арналған "Бизнес мектеп" жобалары бойынша:Атамекен ҚР ҰКП-ның «БИЗНЕС Бастау» жобасынаNEET санатындағы жастар, жас және аз қамтылған көпбалалы отбасылар, 18 жастан жоғары 63 жасқа дейінгі еңбекке жарамды мүгедектер қатыса алады.Бұл жоба арқылы алатын мүмкіндіктер:Кәсіп ашу;Бизнес-жоспарлау дағдыларын…

0
0
124

Бүгін Ауған соғысының ардагері Кенжебаев Қайырғалимен жастардың кездесуі өтті.

Бүгін Маңғыстау аудандық Жастар ресурстық орталығында "Ардагерлерді ардақтайық" тақырыбында, Ауған соғысының ардагері Кенжебаев Қайырғалимен жастардың кездесуі өтті. Қ.Кенжебаев жастарды Отан сүйгіштікке,ұлтшылдыққа тәрбиелейтін әсерлі әңгімелерін айтып жастардың сұрақтарына астарлы жауап берді.Батырларымыз аман болсын. Аудан жастары ардагерлерді әрқашан құрметтейді.

0
0
118

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "NurOtan" партиясының кезектен тыс XX Съезі болып өтті.

Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "NurOtan" партиясының кезектен тыс XX Съезі болып өтті.

Съезд барысында Парламент Мәжілісінің сайлауына партиялық тізімді бекіту, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстыру және басқа да бірқатар іс-шаралар негізінде баяндама жасалды. Партиялық тізімге партияның Саяси Бюросы мен Саяси кеңесінің өткен отырыстарының қорытындысы бойынша съезге шығарылатын 126 кандидат кірді. Барлық партиялас-әріптестерге сәттілік тілеймін.

0
0
129