Бүгін «Lectorium» жобасы аясында «Елбасы және Маңғыстау» атты Zoom платформада онлайн кездесу өтті.
Бүгін «Lectorium» жобасы аясында «Елбасы және Маңғыстау» тақырыбында Zoom платформасында онлайн кездесу өтті. Кездесуге ауданның қаржы саласында қажырлы еңбек еткен ардагер Сұлтан Жұбаев және белсенді жастар қатысты. Шара барысында ардагер С.Жұбаев өзінің еңбек еткен жылдарынан естелік айта отырып, Маңғыстауымыздың өркендеуі, халықтың әл ауқатының жақсаруы туралы айтты. Тәуелсіздік алмай, алғашқы Президентіміз сайланбай тұрған уақыттағы қиыншылықтар мен бүгінгі ұрпақтың алаңсыз өмірі, тұғырлы тәуелсізідігімдің бізге берген жемісі туралы салыстыра отырып, мысалдармен жеткізді. Елбасымыздың өзге мемлекеттермен келісім жасай отырып, шекарамызды анықтауы, сындарлы саясаты, мән-маңызы зор бағдарламаларына әрқашан қолдау білдіріп, елімізді көркейте түсуге атсалысып, үлес қосуды үлкен абырой, міндет санайтынын баса айтты. Сондай-ақ сайын даланы ата-бабамыз ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қорғағанын, тұғырлы тәуелсіздік жолындағы ерен еңбек иелерін қастерлеуге шақырып, бүгінгідей жарқын бейбітшілік заманда күн кешіп жатқан жастарға тәуелсіздіктің қадірін түсініп, олардың бойында Отансүйгіштік пен патриоттық сезімнің мол болуын тіледі. Жастар ардагерімізге сұрақтарын қойып, ақсақалдың батасын алды.
