Бүгін «Жол картасы -2020» бағдарламаcы бойынша «Ауылдағы жұмыспен қамту» акциясы өтті.
Бүгін "Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалында «Бизнестің жол картасы-2020», «Жол картасы -2020» бағдарламалары және ауылшаруашылық несиелендіру бағдарламалары шеңберінде микрокредиттеу механизмдері туралы «Ауылдағы жұмыспен қамту» акциясы өтті. Акцияға Маңғыстау аудандық "Атамекен" кәсіпкерлік палатасы филиалының және Маңғыстау аудандық кәсіпкерлік бөлімінің мамандары қатысып, тұрғындар аталған бағдарламалар бойынша кеңестер алды. Сондай-ақ, «БИЗНЕС БАСТАУ» және жұмыс жасайтындарға арналған "Бизнес мектеп" жобалары бойынша:
Атамекен ҚР ҰКП-ның «БИЗНЕС Бастау» жобасына
NEET санатындағы жастар, жас және аз қамтылған көпбалалы отбасылар, 18 жастан жоғары 63 жасқа дейінгі еңбекке жарамды мүгедектер қатыса алады.
Бұл жоба арқылы алатын мүмкіндіктер:
Кәсіп ашу;
Бизнес-жоспарлау дағдыларын уйрену;
Тәжірибелі үздік бизнес-тренер практиктерден заманауи әдістер бойынша оқу;
Жеке істі дамытуға қайтарымсыз грант алу (555 600тг);
Жеңілдетілген жылдық 6% -бен несие алу.
Мамандар аудан тұрғындарына осы мүмкіндіктерді пайдалануға шақырды.
