Ақ алтын сыңғыры
Мақтарал ауданы - Оңтүстік Қазақстан облысының қиыр оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 1,8 мың шаршы км (облыс аумағының 1,5%-ы). Тұрғындары 300 мыңнан асатын ауданның жалпы халық санының 82,7%-ын қазақтар құрайды. Аудан жеріндегі 182 елді мекен, 1 қалалық, 3 кенттік және 23 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы - Жетісай қаласы. Облыс орталығы Шымкент қаласынан 232 км қашықта орналасқан. Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі бағыты — шитті мақта өндіру. Оның үдесіне ауданның ауыл шаруашылық өнімінің 70,8% тиесілі, егіс аумағының 80%-ын алып жатыр. 1997 жылға дейін аудандағы 11 ұжымшар және 19 кеншар мақта өсіріп, өңдеуге маманданып келген, оның негізінде қазір ауданда 5 мақта тазарту, 3 мақта майын, медициналық мақта жасау зауыты жұмыс істейді. Аудан…