ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Физика олимпиадасы — 7-ші сынып

7-ші сыныптың басында математика базасын, фундаментін қалағаннан кейін физика тақырыптарын бастау керек.

Жалпы, жаңадан велосипед ойлап тауып, Американы ашудың керегі жоқ шығар - 7-ші сыныптың оқулығын алып оның ішіндегі тәртіппен тақырыптарды өту керек. Бірақ сол оқулықты 9 ай емес, 1-2 максимум 3 айда бітіру керек. Ол мәселе оқушының қабілеті мен мұғалімнің қалауына байланысты. Бірінші тоқсанда бітірейік. Содан кейін бірінші тоқсанның каникулында олимпиадалық кітаптарды (3800 задач по физике, Сборник задач Гольдфарб, 1001 задача по физике және т.б.) бастау керек. Бұл - бірінші вариант (барлық тақырыптарды бітіріп сұрақ жинақтарын бастау).

Екінші вариант - бір-екі тақырыпты өтіп, сол тақырып бойынша алғашында оңай, содан кейін қиын сұрақтарды шығару. КӨӨӨП сұрақ шығару. Сосын келесі бір-екі тақырыпты өтіп, тағы да КӨӨӨП сұрақ шығару. Бұл вариант - өте жақсы, бірақ оқушының бір-екі тақырыпта ұзақ уақыт отырып қалып, басқа тақырыптарды өте алмау (дұрыс өте алмау) қаупі бар. Қай вариантты таңдағаныңыз абзал? Бұл сұрақтың жауабын тек қана тәжірибе бере алады: бір жыл бірінші вариантты, екінші жыл екінші вариантты қолданып салыстырыңыз. Ал үшінші жылы синтез жасап өзіңіздің варианттыңызды ойлап тауып қолдана беріңіз.

7-ші сыныптың соңында оқушыңыз Гольдфарб сұрақ жинағын, 1001 сұрақ жинағын бітірсе (механиканың барлығы, заттың агрегаттық күйлері, тұрақты ток тақырыптарының сұрақтарын) - өзіңізді керемет мұғалім деп есептеуіңізге болады.

Көбінесе оқушылардың қиналатын тақырыбы - екі бағытты қозғалыс (гравитациялық өріс ішіндегі қозғалыс). Бұл тақырыпты түсіндірген кезде формула жаттатқызбай, қозғалысты екі бағытты қозғалысқа жіктеп, бөліп түсіндіру керек (горизонталь бағытта түзу сызықты бірқалыпты, вертикаль бағытта түзу сызықты үдемелі қозғалыс). Басқа тақырыптарды да жіктеп, талдап, бөліп түсіндіру керек.

7-ші сыныпта олимпиада аз болады, бірақ бар болған олимпиадаларға оқушыларыңызды қатыстырыңыз. 8-9-шы сыныптарды озса, 8-9-дардың орнына аудандық, қалалық, облыстық, республикалық олимпиадаларға кіргізе беріңіз.

Жоғарыда жазылған мәселелер - жасалуы қиын, ауыр мәселелер. Бірігіп көтерілген жүк жеңіл - сондықтан сіз (мұғалім), оқушы, ата-ана бірігіп серіктес және жолдас болуыңыз керек. Бір орындық тұруы үшін минимум 3 аяқ керек. Сол сияқты, олимпиадаларда жетістікке жету үшін мұғалім-оқушы-ата-ана арманы бір, мақсаты бір, жолы бір болуы керек. Арман - дұрыс адам болу, мақсат - олимпиадаға қатысқан оқушыны жеңіске жетелеу, жол - аянбай еңбек ету жолы болсын. Ал қиындықтан қорықққандар - үйлеріне тығылып шықпасын.