Сағыныш кернеп бойымды...
"Сағыныш кернеп бойымды, жазамын сізге бұл xатты" - деп, басталған өз өленімнің өлең жолдарын есіме алсам, сол бір күндерді, қаһарлы қысты, желтоқсан айындағы оқиға өз-өзінен суреттеліп келіп, бір сурет ретінде көз алдыма елестейді. "Ата қатты ауырып жатыр, дәрігер дайын болыңдар деп кетіпті" деген әкемнің сөзін естігенде, мен өмірімдегі ең жақын адамнан айырылатын уақыт келгенін сездім. Сол бір сәрсенбі, сол бір үшінші желтоқсан күні анам екуміз үйді жинап, жолға шығайық деп шештік. Міне, үй жиналды, біз атамның қаласына, менің туған жеріме бара жатырмыз. Кенет, әкем телефон шалды. "Біз үлгермедік" - деді ол. Біз үлгермедік, атамды соңғы сапарына мен оның ерке әрі қолында өскен немересі өзім жібере алмадым. Ақырғы дем алуын да көре алмадым... Әкемді тосып, бауырым мен анам- төртеуміз атт…