Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Өз тіліңді құрметте, өзге тілдің бәрін біл»

"Ал, екінші бақытым тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілім дедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім"- деп, мұзбалақ ақын - Мұқағали Мақатаев жырлағандай, шынымен де, әрбір адам баласы үшін туған жері қандай ыстық болса, тілге деген маxаббаты сондай шексіз әрі мықты болуы керек. Қазақ жастары үшін өз ана тілін емес, өзге тілді білген көбірек ұнайды. Бірақ, бұл істің несі дұрыс? "Өз тіліңді құрметте, өзге тілдің бәрін біл" демекші, әрбіреуіміздің бойымызда тілге деген құрмет жоғалмауы тиіс. Тіл - қасірет пен қасиет. Олай дейтінім, тәуелсіздікті алу жолындағы жастардың көрген азабы. Дініміз бен тіліміз жоғалмауы үшін ат салысқан өр руxты жастарымыздың аруағы үшін, ана тілімізді жаңғыртуымыз керекпіз. Құрметті оқырмандар, анамызды қалай құрметтесек, тілімізді де сол дәрежеде қастерлейік!
b90C2ZSQNBJNS1i0MSO58nYP7TB7W8.jpg
0
0
2541

Осы тақырып бойынша

«Өз тіліңді құрметте, өзге тілдің бәрін біл» - Yvision.kz