Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сағыныш кернеп бойымды...

"Сағыныш кернеп бойымды, жазамын сізге бұл xатты" - деп, басталған өз өленімнің өлең жолдарын есіме алсам, сол бір күндерді, қаһарлы қысты, желтоқсан айындағы оқиға өз-өзінен суреттеліп келіп, бір сурет ретінде көз алдыма елестейді. "Ата қатты ауырып жатыр, дәрігер дайын болыңдар деп кетіпті" деген әкемнің сөзін естігенде, мен өмірімдегі ең жақын адамнан айырылатын уақыт келгенін сездім. Сол бір сәрсенбі, сол бір үшінші желтоқсан күні анам екуміз үйді жинап, жолға шығайық деп шештік. Міне, үй жиналды, біз атамның қаласына, менің туған жеріме бара жатырмыз. Кенет, әкем телефон шалды. "Біз үлгермедік" - деді ол. Біз үлгермедік, атамды соңғы сапарына мен оның ерке әрі қолында өскен немересі өзім жібере алмадым. Ақырғы дем алуын да көре алмадым...

 Әкемді тосып, бауырым мен анам- төртеуміз аттандық. Үйге келдік, өте көп адам. Барлығы да көңілсіз. Ал әжемнің түрі мүлде басқаша. Аққу сияқты өзінің сыңарынан айырылған  әжемнің өмірі енді басқа бір мұңды келбет алғандай. Осы жыл бойы жиналмаған немере мен балалар осы күні бір  шаңырақ астында жиналды. Қара шаңырақ астында жиналған адамдардың қаралы күні.
Уақыт деген не? Ол ең алдымен емші. Әрине, мен бұл сөзге бұрын сенбедім. Бірақ, талай айлар өтті. Бүгінгі күні әрбіреуіміз атасыз өмір сүруге үйренсек те, ол кісіге деген маxаббат жүрегімізде мәңгі қалары анық. 
  Маxаббат. Сезім. Бақыт. Өкініш. Менің атам мен әжем бірге тату - тәтті тұрды. Олардың  маxаббаты 54 жылға созылды. Мен бір-бірін құлай сүйген жандардың жанында өстім. Атам мен әжемнің маxаббаты, менің бүгінгі мінезімнің қалыптасуына да әсерін тигізген болатын. Шексіз бір-бірін сүйді,әлі де сүйеді. Бұл өмір мен сол бір аспанның ар жағындағы өмірдің байланысы бар да шығар. Маxаббат- құдіретті күш. Әлі де есімде, атам мен әжем бір күнде өмірден кеткісі келді. Себебі, бір бірінсіз өмір мәнісін түсінбеді. Бүгінде олардың артында қалған алты баласы бар. Әрбіреуі де маxаббаттың қадірін біліп өскен жандар. Жүректеріңіздегі маxаббат сезімі өшпесін және дәл қазір ата мен әженің қасында болсаңыз, оларға деген сезімдеріңізді айтып, бір құшақтап алуларыңызды сұраймын.
FP8niCtnOWvtUavMc51qUGAP103Bf6.jpg 

316KWKSzD7yry6u7DC5LxmYyMtvbg0.jpg

0
0
2352

Осы тақырып бойынша

Сағыныш кернеп бойымды... - Yvision.kz