Тікелей эфир

Альмодовардың алабөтен туындысы

Адам баласы махаббатқа құштар. Ол оның тыныстау, тамақ ішу, ұйықтау тәрізді қарапайым қажеттілігі. Ол бірнеше жылдар бойы терең ұйқыдағы адам ба, немесе жай ғана көшеде кетіп бара жатқан кәрі шал ма, маңызды емес. Біреуді сүйуге, біреудің сүйіктісі болуға бәріміз де құштармыз. Бұл тақырыпты қозғағанда ұлттар арасындағы шекара өшіріле бастайды. Өйткені махаббат тақырыбы бүкіл адамзатқа ортақ тақырып. Тек оған әр ұлт өзінің "менін", өзінің болмысын сан қырынан көрсетеді. Махаббатың өзгеше де, біздің ұғымымыздан бөлек қырын испан режиссері Педро Альмодовар «Онымен сөйлес" (исп. «Hable con ella») фильмінде көрсетеді (2002ж).
______________________________________________________________________

Бұл фильм түсірушілеріне 51 млн доллардай ақша тауып, "Ең үздік сценарий" номинациясы бойынша "Оскар" сыйлығын иеленуге мүмкіндік берді. Фильмнің сценаристі де Альмодовардың өзі. Сондай-ақ бұл туынды иесіне "Алтын глобус", ресейдің "Золотой овен", және т.б. көптеген сыйларды алып берді.

Альмодовар табысының құпиясы неде? Оның әр фильмі көрермен жүрегінің қай талшықтарын қозғайды? Оған қоса, туындыларында қымбат спецэффект те жоқ, әрлеуші қымбат киімдер де, машиналар да көрінбейді. Оның басты көзге ұстайтыны - адам тағдыры. Қарапайым сезімдер мен күйзелістер. Алайда Альмодовар оның бәрін нәзік эстетикамен, торғын шымылдықпен ғана әрлейді. "Онымен сөйлес" фильмінде көзге бірден түсетіні - испандықтардың мінезі, темпераменті. Альмодовардың формасы - тым натуралистік болғанынан, біздің көзге ол дөрекі көрінуі де мүмкін.

Алайда стереотиптен арылып, ұлт шекарасын өшіріп, бұны әлемдік деңгейдегі өнер ретінде  қарастыратын болсақ, туындының кино әлеміндегі жауһардың бірі екенін жасыра алмаймыз. Көтерілген тақырыптар, сюжеттік құрылым, қиыннан қиыстырылған режиссерлік шешімдер - бәрі де бұл туындыға көрінбес көркемдік, сезілмес шынайылық беріп тұр. Әсіресе Альмодовардың спектакльдер мен үнсіз фильмді қолданғаны кино-туындыға қосымша тебіреніс береді. Жалпы, спектакльдерді кино арасына қосу Альмодовардың стилін көрсететін бірден-бір тәсіл. Бұл тәсілді Педро өзінің тағы да бір «оскарлы» «Бәрі де анам туралы» (исп. Todo sobre mi madre) атты фильмінде қолданған (1999).

«Онымен сөйлес» драмасы бізге екі жұптың тағдыры жайлы баяндайды. Бірінші жұп – авариядан кейінгі летаргиялық ұйқыға кеткен Алисия атты қыз бен оған өлердей ғашық, әрі оның 24 сағат бойы күтушісі болып жүрген Бениньо. Фильм басында Бениньо өзінің атына сай («бениньо» - ақкөңіл, мейірімді дегенді білдіреді) момын, балаға тән аңқаулығымен танылады. 20 жыл бойы ауырған анасының қасында жүрген жігіт, 4 жыл бойы Алисиямен сау адамдай сөйлесіп, айналадағылардың оның «сау» жігіт екендігіне күмәнін келтіреді. Бір жағынан қарасаң, «ұйқыдағы ару» оған ешбір жауапты сезім білдірмейді. Алайда Бениньо оны өзінің қиялында бұрыннан әйелі етіп алған. Ол Алисияға ұнайтын фильмдерге барады, спектакльдерді көреді. Қысқасы, Алисияның өмірін өзі өмір сүріп береді.

Бір күні Бениньо журналист Маркомен танысады. Марко керісінше, өзін бірінші орынға қоятын жігіт. Оның қосағы Лидия - тореадор. Фильмге қайталанбас көрік беретін осы әйел сәтсіз корридадан кейін комаға түседі. Осы кезден бастап Марко мен Бениньоның арасында достық қарым-қатынас орнайды. Ғашығына мұндай халде жақындай алмайтын Маркоға бұл «салада» тәжірибесі бар Бениньо: «сен онымен сөйлесе бер, ол сенің көңіліңді сезеді» - деп кеңес береді.

Фильмде әр сюжет өрмекшінің өрмегіндей бір-бірімен байланысты. Ең алғашқы кадрдағы керемет Пина Бауштың «Кафе Мюллер» атты спектакліндегі екі әйелдің көздерін жұмып алып, сомнамбулалық қозғалыстар жасап жүрген үзіндісі кейіннен ұйқыдағы Алисия мен Лидияның тағдырын баяндайтын секілді.

Альмодовардың шеберлігі – Бениньоның іс-әрекеті қылмыс болып саналса да, бізді оған сүйсіндіріп қоюында. Расында да, фильмді көріп болғаннан соң, басты кейіпкер ретінде Бениньоны көріп, оған жанымыз ашиды.

Фильмнің сценариі өмірде болған оқиғадан туған екен. Румыниядағы морг қызметшісі комаға түскен бір қызбен жақындасқаннан кейін науқас қалың ұйқыдан қайта оянады. Қыздың жанұясы қызметшіге алғыс айтқанымен, оған қылмыскер деген айып тағылады. Яғни, біздің өмірімізде мұндай бір-біріне қарама-қарсы, парадоксты жағдайлар қаншама. Қылмыстар тек жауыздықтан емес, сүйіспеншіліктен де жасалады. Сонда сүйіспеншіліктің шегі қайда? Ғашығын соншалықты сүйетін Бениньоның есі ауысқан ба, әлде біреуді жан-тәнімен сүю деген осы ма? Альмодовар бізге осы сұрақтарды қойып, көрерменін сынап отырғандай.

Ұлы режиссер бұл туындысымен кино сыншылары мен өнер сүйер қауымды түпсіз ойдың тұңғиығына сүңгітті. Бұл кино туралы айта беруге де, ішіңнен қайта-қайта жаңа ой қазбалай беруге де болады. Немесе жай ғана оның әсем әуеніне, көңіліңді жібітетін сезіміне бойлап, ләззат алуыңа тағы болады.

Алия Arsik
23 қазан 2012, 22:21
1078

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Zere
0
0
Мен бұл киноны көріп, мұндай кинола көруге әлі дайын емес екенмін дедім. )) Маған сол голливудтық ерегілер жарай береді ))
иә, басында мен де көре алмай, үзіп-үзіп көргенмін. Алайда кино бір апта бойы есімнен шықпай жүрді. Қатты әсер етті)
Arsik
0
0
Анара, сен баяғыда көрген шығарсың, қазір тағы бір қарап шық, басқа киноларын да, мүмкін басқа әсерде қаласың). Бірақ соңғы киносы (кожа, в которой я живу) ұнаған жоқ, не айтқысы келгенін ұқпадым, шым-шытырық бірдеңе.
Альмодоварға әңгіме жоқ :)
Aikona
0
0
Көріп шықтым осы жерден оқыған соң. Тақырып өзге, жалықтырған голливуд киноларынан өзге.
онда басқа арт-хаус туралы жаза береміз :)
қуана оқып, сол киноларды көруге тырысар ем. Кітаптар жайлы да солай
рахмет, жақын арада деп айта алмаймын, бірақ, әрине, жоспарда бар).

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

В ближайшие годы в Центральной Азии будут проживать восемь миллионов китайцев, считает заведующий отделением востоковедения национального исследовательского университета высшей школы экономики.
kurmanovainur
вчера / 11:23
  • 31945
  • 13
Они сделали это! Kaspi Bank презентовал свое мобильное приложение

Они сделали это! Kaspi Bank презентовал свое мобильное приложение

Изучив ошибки предшественников и собрав воедино новейшие идеи онлайн-банкинга, Kaspi Bank наконец выпустил... свое мобильное приложение!
niyazov
20 июня 2017 / 15:05
  • 8233
  • 5
Кайрат Келимбетов об азербайджанской инвестиции: «Вернется и «тело», и проценты»!

Кайрат Келимбетов об азербайджанской инвестиции: «Вернется и «тело», и проценты»!

Мы записали уникальное интервью с Кайратом Келимбетовым. Предлагаю вам посмотреть первую часть, где мы постарались по возможности поставить все точки на «I» именно по Азербайджанскому вопросу.
Zhumanova
19 июня 2017 / 12:00
  • 5910
  • 7
Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Как одним критичным постом зарубежному журналисту Джеймсу Палмеру удалось вскрыть сразу несколько гнойников казахстанского общества.
anotherblogger
21 июня 2017 / 0:39
  • 5761
  • 59
Долговое рабство: почему казахстанцы берут кредиты под 1330%

Долговое рабство: почему казахстанцы берут кредиты под 1330%

Эти кабальные займы никакой пользы для экономики не несут, при этом ухудшают финансовые возможности населения, пополняют ряды новых неплательщиков, тем самым создавая социальную напряженность в...
Armanjan
18 июня 2017 / 15:43
  • 3876
  • 28
Инфантильный миф о «молодом народе Казахстана» опасен. В 21-м веке ни у кого нет форы

Инфантильный миф о «молодом народе Казахстана» опасен. В 21-м веке ни у кого нет форы

Терпеть не могу миф о том, что мы "молодой народ, окруженный старыми нациями" и у нас еще есть время на развитие. Это чушь! Мы что - на миллион лет позже эволюционировали из обезьян?
Aks_Ras
18 июня 2017 / 10:16
  • 3142
  • 18
В Казахстане заблокировали сайт, раскритиковавший EXPO в «захолустной» Астане

В Казахстане заблокировали сайт, раскритиковавший EXPO в «захолустной» Астане

Все помнят Медузу и ЖЖ. Теперь в этот "особенный" список попал сайт Foreign policy. Предполагается, что причиной блокировки стала нелицеприятная заметка Джеймса Палмера об EXPO в Астане.
Seattle
19 июня 2017 / 15:40
В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

Недавно один знакомый задал вопрос: «Я сейчас выступаю как свидетель по одному делу. У меня забрали удостоверение личности (УЛ) в РУВД и не вернули обратно. Так можно?». Я сразу задалась вопросом...
asselsabekova
21 июня 2017 / 10:17
  • 2276
  • 10
Инструкции по сопроводительному письму и собеседованию, которые подойдут всем

Инструкции по сопроводительному письму и собеседованию, которые подойдут всем

Наткнулась на статью Ассоциации юристов Новой Зеландии, в которой они дают советы выпускникам юрфака по поиску работы. Статья меня поразила, поскольку там описано все до мелочей, а их советы подойдут абсолютно всем.
asselsabekova
20 июня 2017 / 16:10
  • 2219
  • 6