Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ұлт көшбасшыларына берілген үлкен мүмкіндік

Nur Otan партиясы ұлт тағдырын ойлаған, елге адал қызмет ететін көшбасшылардан құралған партия. Осы көшбасшылар басын біріктіретін үлкен бастама бастау алды.

Бұл партияішілік сайлау, праймериз. Бұл праймеризге әрбір партия мүшесі қатысып өз бағын сынай алады.

Праймериз- АҚШ саясаткерлерінен бастау алған, партия белсенділерін ашық таңдау тәсілі. Өзге елдердің тәжірибесінде өзін-өзі дәлелдеген және сынақтан өткен ең тиімді тәсіл.

Праймериздің негізгі мақсаты партия ішілік сайлауда өндіріп іс жасайтын, ел алдына шығар көшбасшысын таңдау.

Осындай мүмкіндікті пайдалану бізге де туып тұр. Жүрегі елім деп соғатын әрбір патриот Қазақстандықтың белсенділігін танытатын уақыты келді.

Мен Nur Otan партиясының праймеризіне қатысамын. Замандастарымның мәселесін көтеріп, тиімді шешім қабылдауға өз үлесімді қосамын. Праймеризге қатысушы көшбасшыларға сәттілік тілей отырып, әрбір талапкердің жобаларын қолдай отырып, жаңа бағыт, жаңа идеяларды жүзеге асыруға өз үлесімді қосамын.

Кеген аудандық мәслихат депутаты Дарубаева Ғалия Әділжанқызы

0
0
172

Осы тақырып бойынша

Ұлт көшбасшыларына берілген үлкен мүмкіндік - Yvision.kz