Серік Ахметов Германияға сапар шекті
Қоршаған ортаға зиян тигізбей, өндірісті қалай дамытуға болады?! Осы мәселе бойынша, Германияның Ганновер қаласында ірі өнеркәсiптiк жәрмеңке өтіп жатыр. Оған еліміздің Премьер-министрдің бiрiншi орынбасары Серiк Ахметов қатысуда. Шараға 69 мемлекеттен 5000 астам кәсіпорын атсалысқан. Олар табиғатқа залалсыз жаңа технологияларды, энергия үнемдеудің тиімді тетіктерін, сондай-ақ автоматикалық өндіріс үлгілерін көрсетті. Германия Қазақстанның Еуропадағы әлеуетті әрiптестерiнің бірі. Екi ел арасындағы сауда-саттық пен өзара әріптестік жыл сайын артып келеді. Мәселен, былтыр Қазақстан мен Германияның аралығында тауар айналымының көлемi 5,74 миллиард еуроға жетті.
Серік Ахметов, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:
Мен мына жерде Қазақстанмен бұрыннан бірге жұмыс істеп келе жатқан «Сименс», «Шнайдер» сияқты ірі компанияларды, технология мен инновация саласындағы «Фраунгофер» атты ірі институттың қатысып отырғанын көріп тұрмын. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германияға соңғы сапары екі ел арасындағы қарым-қатынасқа жаңа екпін берді. Соның арқасында екі ел іскер топтары, үкіметі мен министрлік, ведмостволары ның жасыл экономика төңірегінде жаңа мүмкіндіктер ашады..
Эрик Дитзель, «Фраунгофер институт» маркетингтік қызмет басшысы:
Біздің институт Қазақстанда жақсы біледі. Біз ГПФИИР бағдарламасы аясында ҚР Көлік министрлігі және экономикалық даму министрлігімен байланыс орнатқанбыз. Бұл сіздердің Үкіметтеріңіздің «Қазақстан-2020» бағдарламасының орындалуына игі ықпал етеді. Сонымен қатар, біз жетекші ғылыми орталық Назарбаев университетімен байланыс орнатуды жоспарлап отырмыз. Ақтау университеті базасында инженерлік орталық ашып, қазақстандық мамандарды қайта даярлау бойынша келісіміміз бар.
