Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

ТЕННИС РЕЙТИНГІ: Қазақстандық қыздар мен жігіттердің жағдайы қалай?

Қазақстандық теннисшілер Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев кәсіби теннисшілер қауымдастығының жаңарған рейтингісінің бірінші жүздігінде өздерінің орындарын сақтап қалды, деп жазады sports.kz. 14 сәуірдегі жағдай бойынша, Кукушкин 56-шы, Голубев 59-орында. Сонымен бірге, бірінші жүздікте қазақстандық Александр Недовесов екі сатыға көтерілді — енді ол 75-орында. Бесінші жүздікте қазақстандық Евгений Королев үш сатыға — 448-орынға дейін көтерілді. Қазақстандық Денис Евсеев бұл рейтингте 608-орында. Жекелей сында рейтингті испандық Рафаэль Надаль бастап тұр, екінші — серб Новак Джокович, ал үшінші орында швейцариялық Станислав Вавринка тұр. Сондай-ақ, қазақстандық теннисшілер Ярослава Шведова мен Галина Воскобоева өткен аптада Әйелдер теннис қауымдастығының жекелей сындағы жаңартылған рейтин…

0
0
381

ХОККЕЙ: «Сарыарқа» Братина кубогы финалында түмендік «Рубинмен» бақ таластырады

Түменнің «Рубині» Жоғары хоккей лигасының финалына шықты. Енді олар қарағандылық «Сарыарқамен» бақ таластырады.

Бесінші жартылай финалдық ойында «Рубин» сырт алаңда Пермьдік «Молот-Прикамьені» 4:1 есебімен жеңді.

Осылайша, Жоғары хоккей лигасының ақтық сайысында «Рубин» Қарағандының «Сарыарқа» командасымен кездесетін болды. Ал қазақстандық клуб жартылай финалда ЖХЛ жеңімпазы «Торосты» ойсырата жеңіп, өткен маусымдағы финалда сүріндірген қарсыласынан кек алды.

Финалдық серияның бірінші матчы Түменде 18 және 19 сәуірде болады. Ал 22-23 сәуірде ойындар Қарағанды қаласында өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
313

Футбол: «Ақтөбе» командасы «Ордабасыдан» ұтылды

Футболдан Қазақстан чемпионы жаңа маусымда алғашқы ұтылысына жол берді. Актөбелік командадан шымкенттік «Ордабасы» басым түсті.

Шымкентте өткен кездесуде алаң иелері 1:0 есебімен алға шықты. Жалғыз голдың авторы ретінде шабуылшы Эдин Юнузович танылды.

Осы жеңістің арқасында «Ордабасы» тоғыз ұпай жинап, турнир кестесінде бесінші орынға көтерілді. «Ақтөбе» 11 ұпаймен үшінші орынға төмендеді, деп жазады Vesti.kz.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
315

Даллмэн астаналық «Барыс» клубына қайта оралады

Санкт-Петерборлық «СКА» командасының қорғаушысы Кевин Даллмэн астаналық «Барысқа» қайта оралуы мүмкін, деп хабарлайды vesti.kz сайты.

33 жастағы хоккейшінің келісімшарты 2014 жылдың 30 сәуірінде аяқталады. Спорт басылымдарының жазуынша, оның «Барыс» клубына қайта оралуының басты шарты ретінде Даллмэннің Беларусь елінде өтетін әлем чемпионатында Қазақстан құрамасында ойын көрсетуі жөнінде талап бар.

Спорт-Экспресс сайтының хабарлауынша, Даллмэн астаналық командамен 3 жылға келісімшарт жасамақ. «Барыс» сапында хоккейші 2008-2012 жылдар аралығында төрт маусым бойы ойнаған болатын.

Биылға маусымда Кевин Даллмэн чемпионатта өткізген 29 матчта 9 ұпай (5+4) және плей-офф кезеңінде өткен 10 ойында 9 ұпай жинады.

Басты сөздер: СпортАстана
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
297

Қазақстандық теннисші Путинцева АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева американдық қала Пелхамда өтіп жатқан сыйлық қоры 25 мың долларды құрайтын ITF турнирінің финалына шықты.

Жартылай финалда ол  кортта жергілікті теннисші Ирина Фальконимен бақ таластырды. Жарыс қожайыны қарсыласынан  екі сетте тек бес гейм ғана ала алды. Қазақстандық спортшы  6:3, 6:2 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

Еске сала кетсек, осы уақытта Путинцева  Әйелдер  теннис қауымдастығының (WTA) рейтингінде 157-орында, деп хабарлайды Vesti.kz.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
265

Жанкүйермен соқтығысқан «Астана» велошабандозы жарақаттанып қалды

«Астана» велоклубының шабандозы Алессандро Ванотти 5-ші кезең басталғанға дейін басков елдерінің турына қатыса алмайды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. «Мен 5 шақырым жылдамдықпен кезең алдындағы қол қою рәсімінен келе жатқанда, алды-артына қарамай жолды кесіп өткен көрерменнің бірі мені қатты соғып, құлатып кетті. Ол тіпті артына бұрылып, халімді сұрауға да жараған жоқ. Мен сол шынтағыммен құладым, жаман бірдеңе болғанын бірден сездім. Жолға тас төселген, сол қолым тастың қырына қатты соғылды. Тасқа соғылмағанда, жарысты жалғастырар ма едім, кім білсін», — деген А. Ваннотидің сөзі келтірілген баспасөз қызметінің хабарламасында. Велошабандоз рентгенографияға түсіп, емделу үшін жергілікті ауруханаға жеткізілді, бүгін ол дәрігерлермен кеңесу үшін Италияға ұшып кетеді. Баспасөз қызм…

0
0
319

«Барселона» УЕФА Чемпиондар Лигасынан шығып қалды

Испандық «Барселона» футбол клубы Мадридте жергілікті «Атлетико» командасынан ұтылып, УЕФА Чемпиондар Лигасынан шығып қалды. Испанияның астанасындағы матч алаң иелері пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. Кездесудің 6-минутында «Атлетико» ойыншысы Коке қарсылас қақпасына гол соқты. Осылайша екі матчтың қорытындысы бойынша (алғашқы кездесу «Камп Ноуда» 1:1 есебімен аяқталған) Месси бастаған еуропалық футбол серкелерінің бірі УЕФА Чемпиондар Лигасындағы бас жүлде үшін күресті аяқтады. Мюнхендік «Бавария» мен «Манчестер Юнайтед» командаларының ойыны да тартысты өтті. 3:1 есебімен қарсыласын артта қалдырған «Бавария» жартылай финалға жолдама алды. Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын турнирдің жартылай финалына мадридтік «Реал» мен лондондық «Челси» құрамалары шыққан. Жозе Моуриньоның тәлімгерл…

0
0
339

Головкиннің промоутері тағы бір қарсыластың атын атады

WBA және IBO нұсқалары бойынша орта салмақта бокстан әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық Хулио Сезар кіші-Чавеспен жекпе-жектен соң американдық Келли Павликпен арада тартысты кездесуді ұйымдастыру өте орынды болатынын мәлім етті. Бұл туралы Vesti.kz жазды. Атап айтқанда, WBC және WBO нұсқалары бойынша орта салмақта экс-чемпион Келли Павлик Фейсбук әлеуметтік желісі арқылы Геннадий Головкинмен жекпе-жектің болуы мүмкіндігі жайында өзінің оқырмандарымен пікір алмасқан екен. «The Sweet Science» журналистерінің бірі Том Леффлерге осы тақырыпта сауал қойды. «Қазіргі кезде Головкин мен Чавес арасындағы жекпе-жек бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Осыдан кейін Павликпен қолғап түйістірсе, өте орынды болар еді»,-деді Головкиннің промоутері. Басылымның жазу…

0
0
265

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде тоғыз саты жоғарылады

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде тоғыз саты жоғарылап, 118-орынға шықты, деп жазады alaman.kz.

«Қазақстан өткен айда 127-орында тұрған. Осылайша, біздің құрама қазір Ливан, Мозамбик, Судан, Вьетнам елдерін құрамаларына жақындап қалды.

Алғашқы ондықта да біраз өзгерістер орын алды. Аргентина құрамасы үш саты төмендеп, алтыншы орында тұр. Португалия үздік үштікте. Ал Бразилия алтылыққа енді», — деп жазылған ұлттық спорт порталында.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
293

«Арыстан» – Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері

Шайбалы хоккейден Теміртаудың «Арыстаны» биылғы маусымдағы ел чемпионатының қола жүлдегері атанды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Шешуші кезеңі плей-офф жүйесімен өтіп жатқан ел чемпионатының ақтық ойындары сәуірдің басында басталған. Қола жүлде үшін Теміртаудың «Арыстаны» мен Атыраудың «Бейбарысы» кездесіп, екеуара дода өте тартысты өтті. Үш жеңіске дейін өтуі керек болған додада бес ойын толық ойналды. Жалпы есеп – 3:2. Сөйтіп, «Арыстан» алғаш рет ел чемпионатының жүлдегері атанып, қола медаль жеңіп алды. Бұл жүлдеге «Арыстан» бірден қол жеткізді деп айта алмаймыз. Теміртау клубы үш жыл қатарынан үшінші орын үшін додаға түсіп, алғашқы екеуінде жолы болған жоқ. 2011/2012 жылдар маусымында қола жүлдені «Сарыарқамен» сарапқа салып, 0:3 есебімен есе жіберіп алған болатын. Ал 2012/2013 жылд…

0
0
523