Зарина Диас WTA турнирінің екінші айналымына өтті
Қазақстандық теннисші Зарина Диас Куала-Лумпурде өтіп жатқан WTA турнирінің екінші айналымына өтті.
Дүниежүзілік рейтінг бойынша 93-орынға табан тіреген жерлесіміз байрақты бәсекенің бірінші кезеңінде әлемнің 290-ракеткасы Грециялық Элени Даниилидумен кездесіп, жеңіске жетті. Бір сағаттық сында Зарина қарсыласынан 6:2,6:2 есебімен басым түсті. Отандасымыз алда тунистік Онс Жабер және италиялық спортшы Джулии Гатто-Монтиконе арасындағы матч жеңімпазымен бақ сынасады. Естеріңізге сала кетейік, аталған турнирдің жүлделік қоры – 250 мың АҚШ доллары.

