Жартылай финалда ең көбі – Қазақстан боксшылары
Софияда жалауын желбіреткен жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына ең көп боксшысы шыққан – Қазақстан, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жігіттер арасындағы әлем чемпионаты 10 салмақ дәрежесінде өтуде. Жартылай финалға біздің елден төрт боксшы шықты. Өзбектерден де шешуші кезеңге төрт боксшы шығыпты. Ал жеті жігіті ширек финалға шығып, өзгелерден асып түскен Украина құрамасының төрт боксшысы ширек финалда ұтылып қалып, жартылай финалға үшеуі ғана жолдама алыпты. Жалпы, жартылай финалға мына елдердің боксшылары шыққан: 1. Қазақстан, Өзбекстан – 4 боксшыдан; 2. Украина, Ресей, Хорватия – 3; 3. Куба, АҚШ, Әзірбайжан, Болгария, Ұлыбритания, Жапония – 2; 4. Үндістан (AIBA), Италия, Корея, Қытай, Румыния, Германия, Доминикан Республикасы, Беларусь, Армения, Норвегия (IBA), Венгрия –…


