Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Определились первые финалисты турнира “Қазақстан Барысы-2014″

Названы имена первых четырех участников финальной части турнира по казакша курес “Қазақстан Барысы-2014″, передает корреспондент Vesti.kz. Отборочный этап в Кызылординской области выиграл Руслан Абдразаков, одолевший в финале Айбека Серикбаева. Оба палуана теперь представят свою область на главном турнире “Қазақстан Барысы-2014″. За победу в отборе Абдразаков получил денежный приз в размере полутора миллионов тенге. Отметим, что Абдразаков должен был выступить в финальной части проекта еще в прошлом году, но получил травму и был заменен на другого борца. Также принимал участие в кызылординском отборе первый победитель турнира “Қазақстан Барысы” Улан Рыскул, который не сумел выйти в финал. По словам самого спортсмена, ему помешала травма, теперь он будет готовить к финальной части Абдразак…

0
0
352

Боксшы жерлесіміз Жанат Жақиянов Еуропа чемпионы атанды

Сенбі күні кешкісін Ұлыбританиядағы Шеффилдте жерлесіміз Жанат Жақиянов француз боксшысы Карим Гуерфиді бесінші раундта нокаутқа түсіріп, одан Еуропа чемпионы титулын тартып алды. Осылайша, қазақстандық спортшы Еуропаның жаңа чемпионы атанды. Оның еншісінде 22 жеңіс болды, оның 15-і мерзімінен бұрын аяқталды. Айта кетейік, Жақияновтың секунданты әлемдік бокста аты аңызға айналған британдық Рикки Хаттон болды, ол сондай-ақ осы кешті ұйымдастырған еді. Енді жеңіл салмақ дәрежесі бойынша Еуропа чемпионы атанған былғары қолғап шебері Жанат Жақиянов WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулын жеңіп алу үшін бақ сынай алады. Қазір ол атақ жапондық Шинсуке Яманакада. Ал Жақиянов WBC рейтингісінде әзірге алтыншы орында. Алайда, осы жеңісінен кейін ол жоғары көтеріледі деген үміт бар. АСТАНА. ҚазАқп…

0
0
296

Бокс: Владимир Кличко қарсыласы Алекс Леапаиді сұлатып түсірді

Германияның Оберхаузен қаласында өткен жекпе-жекте украиндық боксшы Владимир Кличко австралиялық Алекс Леапаиді бесінші раундта нокаутқа жіберді. Осы арқылы ол өзінің барлық титулдарын сақтап қалды

Виталий Кличконың інісі Владимир WBA, WBO, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы болып табылады.

Спорт комментаторлары укариндық боксшы австралиялыққа еш мүмкіндік бермегенін атап өтуде. Ол қарсыласын соққының астына алды.

Кличко кәсіпқой шаршы алаңда осымен 62-ші жеңісіне қол жеткізді. Ол 8 жыл қатарынан өзінің чемпиондық титулын сақтап келеді.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
180

Ерұлан Ысқақов грек-рим күресінен Азия чемпионы болды

Азия чемпионатының финалдық сайыстарында грек-рим күресі бойынша 98 келіге дейінгі салмақ санатында қазақстандық спортшы Ерұлан Ысқақов Жапония өкілінен басым түсті, деп хабарлады24.kz

Бұдан бұрын біздің палуандарымыз 66 келіге дейінгі салмақта Айбек Еңсеханов пен 80 келіге дейінгі салмақта Азамат Күстібаев екі қола медальға ие болған еді.

Басты сөздер: АстанаСпорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
317

Ел футболында көшбасшы ауысты

Сәуірдің 27-сі футболдан Қазақстан премьер-лигасында сегізінші турдің ойындары өтіп, көшбасшы ауысты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сегізінші турдағы орталық матч Астанада өтті. Ел біріншілігінде көш бастап келе жатқан «Астана» клубы өзінің өкшесін басып келе жатқан «Ақтөбе» футболшыларын қабылдады. Тартысты өткен ойында өткен маусымдағы ел чемпионы жеңіске жетті. Ал «Астана» биылғы маусымда бірінші рет жеңіліске ұшырады. Қарағандының «Шахтері» көшбасшылар бір-бірінің жолын кескенін пайдалана алмады. Егер кеншілер клубы Қызылордада жеңіске жеткенде, суырылып алға шығар еді. Бірақ Қарағанды футболшылары түзде «Қайсардан» ұтылып қалып, үшінші орынға сырғыды. Биылғы маусымды өте сәтсіз бастаған «Қайрат» қарқынын үдетіп келеді. Сегізінші турда алматылықтар «Ертісті» етпетінен түсірді. Ал »Т…

0
0
184

«Қазақстан Барысының» финалына жолдама алған 4 балуан анықталды

«Қазақстан Барысы» турнирінің төртінші маусымы басталып, іріктеу турнирлері өтуде. Бүгінге дейін финалға жолдама алған 4 балуанның есімі белгілі болды деп хабарлайдыТengrinews.kz тілшісі «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қызылорда облысы бойынша өткен іріктеу сынында Руслан Әбдіразақовқа тең келер ешкім болған жоқ. Өткен жылы көлденең жарақаттың салдарынан жобадан тыс қалған Руслан биыл бабында екенін байқатты. Республикалық ақтық сынға Русланмен бірге Айбек Серікбаев та қатысады. Бүгінде олар дайындықты бастап кетті. Ал 2011 жылғы «Қазақстан Барысы» Ұлан Рысқұл биылғы финалға қатыспайтын болды. «Бүгін мен ұтылып қалдым. Әрине, бірінші кезекте жарақатым әсер етті. Оның үстіне, дайындығым да дұрыс болған жоқ. Енді бар күшімді Руслан мен Айбек…

0
0
536

Татьяна Аманжол – үш дүркін Азия чемпионы

Күрес түрлерінен Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында ел қоржынына тағы бір алтын түсті. Бұл жолы құрлық чемпионы атанған – Татьяна Аманжол, — деп сүйінші сұрайды Tengrinews.kz. Әйелдер арасындағы еркін күрестен 48 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Татьяна Аманжол финалда Моңғолия қызы Нарангерель Ерденесухпен белдесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Негізінен, қарсыласының шабуылын күтіп, қарсы айла-тәсіл қолдануға тырысқан Татьяна өз жанкүйерлеріміздің алдында жанына батқан жарақатына қарамай, сенімді ақтап шықты. Тәжірибелі балуан қызымыз бұған дейін 2009 және 2013 жылдары Азия чемпионы атанған. Бұл – оның Сарықұрлықта үшінші рет топ жаруы. Ол бұған дейін әуелі Қытай қызы Ян Лиден 5:1 есебімен басым түсіп, жартылай финалда Жапония аруы Анна Ивамурені 5:0 есебімен жеңген болатын. Осы…

0
0
352

Еркін күрестен Азияның төрт жүлдесін еншіледік

Күрес түрлерінен Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші күні біздің балуандар екі медаль олжалады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бүгін де еркін күрес шеберлері төрт, ал әйелдер күресіндегі балуан қыз-келіншектер бір салмақ дәрежесінде Азия чемпионы мен жүлдегерлерін анықтады. Әйелдер арасындағы еркін күрестен 48 келі салмақ дәрежесіндегі тәжірибелі балуанымыз Татьяна Аманжолдың құрлық чемпионы атанғанын жаздық. Бүгінгі екінші жүлдені еркін күрестен 61 келі дәрежесінде бақ сынаған, 2011 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Дәулет Ниязбеков еншіледі. Биылғы Азия чемпионатында да Дәулетке бұйырғаны қола болды. Ол былтыр да Үндістанда өткен құрлық біріншілігінде үшінші орын алған еді. Дәулет Астана кілеміндегі алғашқы белдесуінде өзбек Дильшод Мансуровты ұтқанымен, жартылай финалда…

0
0
606

Талғат Жайлауов жарақатынан айықты

Қазақстанның Шайбалы хоккейден ұлттық құрамасының ойыншысы Талғат Жайлауов бүгін әлем чемпионатына дайындық аясында Мичурино базасында өткен ашық жаттығуға қатысты. Хоккейшілер 1 сағатқа жуық уақыт бойы түрлі комбинацияларды пысықтау арқылы командалық әрекеттерге дайындықтарын арттырды. Біздің команданың бапкері Ари-Пекка Селин оқтын-оқтын спортшылардың жаттығуын тоқтатып, олардың ойындарына түзетулер енгізіп отырды. Талғаттың айдындағы қимылына қарағанда ол алған жарақатынан айыққан сыңайлы. Алдағы біріншілікте өз командаластарымен бірге ойнай алады. Айта кетейік, Қазақстанның шайбалы хоккейден ұлттық құрамасы Әлем чемпионатының алғашқы ойынын 10 мамыр күні Германия командасымен өткізеді. Сондай-ақ, біздің хоккейшілер Беларусь Республикасының, Латвия, Ресей, АҚШ, Швейцария және Финляндия…

0
0
210

Бокс: Қазақстан жастар арасындағы әлем чемпионатында екі алтын, бір күміс иеленді

Дәл қазіргі уақытта Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан екі алтын, бір күміс иеленді. Үшінші алтынға да үміт бар. Атап айтқанда, бүгін 46-49 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Шалқар Айқынбай финалдық кездесуде өзбекстандық қарсыласы Сүлеймен Латиповтан 3:0 есебімен басым түсіп, ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтын әперген болатын. Ал екінші алтынды 60 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қарағандылық Абылайхан Жүсіпов иеленді. Финалда румыниялық қарсыласынан басым түскен Абылайхан Жүсіпов биыл жастар арасындағы Азия чемпионатында да топ жарып, турнирдің үздік боксшысы атанған болатын. Сонымен қатар, әлем чемпионаты өтіп жатқан шаршы алаңда шымкенттік Сұлтан Зауырбек күміс медаль еншіледі. 56 келі салмақ дәрежесінд…

0
0
513