Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

СЕУЛ: Денис Тен Ю На Кимнің мұз айдынындағы қоштасу шоуына қатысты

Мәнерлеп сырғанаудан Сочидегі Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен кореялық мәнерлеп сырғанаушы Ю На Кимнің қоштасу шоуында өнер көрсетті, деп хабарлады Vesti.kz.

All That Skate. Adios. Gracios атауымен өткен мұз айдыны шоуы Сеулде болды. Ол Сочидегі Ойындардың күміс жүлдегері, Ванкувер олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионы Ю На Кимге арналды.

23 жасар Ю На Ким ресейлік Аделина Сотникованы алға оздырып, күміс жүлдегер атанған Сочидегі Олимпиададан кейін спорттық мансабынан қол үзуге шешім қабылдаған болатын.

Ким Кореядағы ең атақты мәнерлеп сырғанаушы, өз елінің алты дүркін чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы, «Төрт құрлық» турнирлерінің жеңімпазы және Ванкувер олмпиадасының чемпионы.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
191

Головкиннің Чавеспен жекпе-жегі болмаған жағдайда өзге қарсыласы бар

WBA және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық Хулио Сезар Чавеспен жекпе-жек болмай қалған жағдайда қарсыласы кім болатынын айқындады. Бұл туралы Yahoo! Sports-ға берген сұхбатында бапкер Том Леффер мәлімдеді, делінген GGG ВКонтакте беттерінде. Леффлердің айтуынша, ол НВО басшылығымен басқа да мүмкіндіктерді талқылауды жоспарлауда. Өйткені шілде айындағы жекпе-жекті кейінге қалдырғысы келмейді. Сондай-ақ Головкиннің бапкері WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы чемпиондар — Питер Куиллин мен Дэниел Джейкобс шілдедегі кездесуде Головкинге қарсы бірден-бір ықтимал үміткер болатынын айтты. Бұдан бұрын хабарланғандай, Головкин мен Чавес арасындағы жекпе-жек Лос-Анджелестегі «Форум» (Forum) жабық аренасында 19 шілдеге белгіленген. Егер тараптар уағдаласт…

0
0
213

Мартинестің промоутері Серік Сәпиевті командасына шақырып миллион доллар ұсынған

Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев әлем бойынша орта салмақтағы мықтылардың бірі аргентиналық Серхио Мартинестің промоутері өзің командасына шақырып миллион доллар ұсынғанын айтты, — деп хабарлайды Vesti.kz. Серік Сәпиевке бұл ұсыныс 2013 жылы қазақстандық Генадий Головкин мен Мэтью Маклиннің жекпе-жегі кезінде айтылған. «Біз сол кезде Серхио Мартинестің промоутері Лу Ди Белламен таныстық. Ол: «Сен біздің командада жұдырықтасатын болсаң, мен қуанар едім деген еді», — деп еске алады Серік Сәпиев. Сұхбаттың толық нұсқасын осы жерден оқи аласыздар. Қазақстандық боксер Серік Сәпиев 2005 және 2007 жылдарда өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, 2012 жылы Олимпиада чемпионы болды, сонымен бірге Баркер кубогының иегері атанды. Айта кетейік, Серхио Мартинес Геннадий Головкиннің ең басты қ…

0
0
264

Кевин Даллмэн «Барысқа» қайта оралды

Бүгін «Барыс» хоккей клубының ресми сайты көпшілікке танымал қорғаушы Кевин Даллмэнмен келісімшартқа отырғандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бүгінде Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғайтын, канадалық қорғаушы Кевин Даллмэн мен «Барыс» клубы үш жылдық келісімшартқа қол қойыпты. Өздеріңіз білесіздер, Даллмэн 2008-2012 жылдары «Барыс» сапында ойнаған. 2012 жылдан бастап, биылғы маусым аяқталғанша СКА (Санкт-Петербург) командасында өнер көрсетті. Енді Құрлықтық хоккей лигасында өзінің бағын ашқан қазақ топырағына қайта оралып отыр. Жалпы, ол Құрлықтық хоккей лигасынада 295 ойын өткізді. Оның еншісінде әзірше 239 ұпай (92 гол + 147 пас) бар. Дәл қазір «Барыс» клубы алдағы маусымның қамын ойлап, кейбір ойыншылардың келісімшарттарын ұзартып жатыр. Мысалы, бүгін мына хоккейші…

0
0
169

Геннадий Головкин әлемнің үздік боксшыларының ондығында

Американың Bleacher Report басылымы WBA және WBC белдігі үшін жартылай орта салмақтағы америкалық Флойд Мэйуэзер мен аргентиналық Маркос Майдан арасындағы кездесуден кейін салмақ дәрежесіне қарамастан боксшылардың парақшасын жаңартты, деп хабарлады Sports.kz. Үздік ондықта орташа салмақта WBA/IBO бойынша қазақстандық әлем чемпионы Геннадий Головкин бар. Ол әртүрлі салмақтағы әлемнің 25 үздік боксшысының ішінен 9 орнын сақтап қалған. Бұл тізімнің басында Майуэзер тұр. Ол тізімге енгендер мына ретпен берілген: 1. Флойд Мэйуэзер (АҚШ); 2. Андре Уорд (АҚШ); 3. Мэнни Пакьяо (Филлипин); 4. Хуан Мануэль Маркес (Мексика); 5. Тимоти Брэдли (АҚШ); 6. Владимир Кличко (Украина); 7. Серхио Мартинес (Аргентина); 8. Гильермо Ригондо (Куба); 9. Геннадий Головкин (Қазақстан); 10. Роман Гонсалес (Никарагуа…

0
0
221

«Астана» велошабандозы Андреа Гуардини «Түркия турының» қорытынды кезеңінде үшінші болып келді

«Астана» велошабандозы итальяндық Андреа Гуардини «Түркия турының» қорытынды сегізінші кезең нәтижесі бойынша үшінші орынды иеленді, деп хабарлады Sports.kz.

121 шақырым аралық кезеңінде Гуардини Ұлыбританиядан («Omega Pharma») келген Марк Кэвендиш пен «Cannondale» командасынан өз жерлесі Элиа Вивианиді ғана алға оздырды.

Жалпы есепте Адам Йейтс (Ұлыбритания, «Orica») жеңіске жетсе, Рейн Таарамае (Эстония, «Cofidis») екінші орынды еншіледі, ал Ромэн Арди (Франция, «Cofidis») үшінші орын алды.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
210

Қазақстан ауыратлеттерінің бәсекелесі Украинадан Ресейге ауысқысы келеді

Украинаның ең үздік зілтеміршілерінің бірі, 2011 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Артём Иванов Ресей азаматтығын алу үшін құжаттарын өткізіпті, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты allsportinfo.ru сайтына сілтеме жасап. Артём Иванов 94 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Біраз жыл біздің әйгілі ауыратлетіміз – Илья Ильиннің басты бәсекелестерінің бірі болды. Ильин алдағы уақытта 105 келі салмақ дәрежесіне ауысуы мүмкін. Ал 94 келі салмақта бізде бір-біріне бергісіз тағы екі жігітіміз бар. Олар – күзде ғана Польшада өткен әлем чемпионатында күміс және қола медаль еншілеген Алмас Өтешев пен Владимир Седов. Ал Артём Ивановтың қазіргі жағдайына оралар болсақ, ол азаматтығын ауыстыру мақсатында құжаттарын өткізіпті. Бірақ әлі Ресей төлқұжатын алмаған. Төлқұжат алған соң Ресей ауыр ат…

0
0
185

«Астанаға» жеңіске деген жігерлік жетіспеді

«Астана» баскетбол клубы «Нижний Новгород» клубынан түзде де ұтылып қалып, «ВТБ бірегей лигасының» плей-офф додасынан тыс қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл «Астана» мен «Нижний Новгород» клубтары арасындағы екінші ойын болатын. Астанада өткен бірінші кездесуде де Ресей клубы жеңіске жеткен-ді. Есеп – 58:71. Нижний Новгородта өткен екінші матчта Қазақстан клубының ойыншылары есе қайтара алмады. Тек ойынның алғашқы бес минутында ғана таразы басы теңселіп тұрды. Одан кейін астаналықтар жергілікті команданы алға ұзатып алып, есепті теңестіруге тырысып, соларды қуалаумен болды. Ұпай айырмасы кейде екі таңбалы санға дейін жетіп, кейде бір қолдың саусақтары жетер санға дейін қысқарып, тербелді де отырды. Бірақ, бәрібір «Астана» таразы басын өздеріне қарай аудара алмады. Есеп – 68:76. «Ниж…

0
0
445

ФУТБОЛ: Қазақстан жұлдыздары ресейлік әріптестерін 3:1 есебімен ұтты

Бүгін отандық эстрада жұлдыздарынан құралған «Алатау» футбол клубы мен Ресейдің «Starco» футбол клубы ашық алаңда достық кездесу өткізді. Отандық топ орталық стадионға лық тола жиналған қауымның үмітін ақтады. Ресейліктердің қақпасын қақыратқан екі голдың авторы әнші Жұбаныш Жексенұлы. Ал, үшінші допты «Арай» тобының әншісі Медет салды. Қазақ ойыншыларының ішінде әнші әрі кәсіби футболшы Абдулкәрім Кәрімов Қазақстанның қақпасына тура бағытталған 5 допты қайтарып, ойынның фаворитіне айналды. Ойынға клуб президенті — Ғалымжан Арыстанбекұлы, команда капитаны — Мұқасан Шахзадаев және Жұбаныш Жексенұлы, Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев сынды өнер иелері мен «Rin’go», «Mysterions» топтарының жігіттері қатысты. «Жалпы, жұлдыздар арасындағы футбол алғаш рет Шымкент қаласында өтті. 2004 жылы «Жұ…

0
0
513

Бейбит Ыстыбаев выступит в финальном этапе “Қазақстан Барысы-2014″

Победитель турнира по казакша курес “Қазақстан Барысы-2012″ Бейбит Ыстыбаев стал победителем отбора Жамбылской области для участия в финальном раунде нового сезона соревнований, сообщает пресс-служба турнира. Ыстыбаев выиграл в финале отбора Даулетхана Жакыпова, оба палуана сразятся за титул “Қазақстан Барысы-2014″. Также определились победителе и в Караганде, где финалистами стали Бекзат Ахметбеков и Асылхан Барменов. Также завершились отборочные этапы и в Шымкенте. Город и область представят Жуманазар Ерсултанов и Сабыржан Абильдаулы. Напомним, что ранее отборы завершились в Павлодарской и Кызылординской областях. Финал турнира ”Қазақстан Барысы-2014″ состоится 29 июня в Астане. Действующим победителем является представитель Восточно-Казахстанской области Айбек Нугымаров. Подробнее:http…

0
0
635