Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

«Милан» бас жұлдызы Балотеллиден құтылудың амалын іздеуде

Итальяндық «Милан» футбол клубының басшылығы шабуылшы Марио Балотеллиді сату жөнінде шешімге келді. Бұл туралы Corriere dello Sport хабарлады. Дерек көзінің ақпаратынша, «россонери» бұл келісімнен 30 миллион еуроға жуық пайда таппақшы. Бұл қаражатты «Милан» құрамды күшейту үшін бағыттамақ. Сонымен қатар, Балотеллимен қоштасу клубқа жалақы тұрғысынан үнемдеуге жол ашады. Ойыншының жалақысына «Милан» 11 миллион еуро жұмсайды. Шешімнің тағы бір себебі командадағы ішкі ахуалды жақсарту, өйткені бұл ойыншы әрдайым өсектің ортасында жүреді. «Милан» өкілдері Балотеллиді сату мәселесін оның агенті Мино Райоламен талқылауда. 23 жастағы футболшыны өз командасына қосуға ниет танытқандардың бірі — «Монако». Осыған дейін БАҚ итальяндық футболшыға ағылшындық «Арсенал» мен «Ливерпуль» қызығушылық танытқ…

0
0
239

ХОККЕЙ: Ресей құрама командасы бесінші мәрте әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

Минскіде өткен шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Ресей құрамасы шешуші ойында Финляндия командасын 5:2 есебімен тізе бүктіріп, бесінші мәрте әлем чемпионы атанды.

Бұл туралы rosbalt.ru жазады.

Ресейліктер есепті бірінші болып ашты, алғашқы шайбаны қарсылас қақпасына дарытқан — Сергей Широков. Алайда, бірінші кезең тең нәтижемен аяқталды. Кезеңнің аяқталуына небары 3 секунд қалғанда финдіктер есепті теңестіріп үлгерді.

Ресей құрама командасы сапынан суырылып көзге түскен мына ойыншылар: Александр Овечкин, Евгений Малкин, Денис Зарипов және Виктор Тихонов.

Айта кетейік, турнир барысында Ресей құрамасы бір рет те жеңілмей, қатарынан 10 ойында жеңіске жетті. Олар осыдан екі жыл бұрын осы біріншіліктің жеңімпаздары атанған болатын.

Басты сөздер: ӘлемСпорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
374

Джиро д’Италия көпкүндігінің 15-ші кезеңінде «Астананың» велошабандозы жеңіске жетті

Джиро д’Италия көпкүндігінің 15-ші кезеңінде «Astana Pro Team» командасының италиялық велошабандозы Фабио Ару жеңіске жетті. Ол атақты План-ди-Монтекампьоне тауында мәреге үш шақырымға қалғанда шабуылға шығып, барлық бәсекелестерін шаң қаптырды, деп хабарлайдыkazsporttv.kz. 225 шақырымға созылған 15-ші кезең Валденго мен План-ди-Монтекампьоне арасында өтті. Айта кетейік, бұл кезең атақты италиялық велошабандоз Марко Пантини құрметіне арналған. Ол бұл кезеңде 1998 жылы топ жарған. Екінші және үшінші орынды колумбиялық велошабандоздар Фабио Дуарте («Colombia») және Найро Кинтана («Movistar Team») иеленді. Ал жалпы есепте топ бастап келе жатқан тағы бір колумбиялық велошабандоз Ригоберто Уран («Omega Pharma — Quick Step») мәре сызығын бесінші кесті. Бұл нәтиже оның топ тізгінін сақтап қалуға…

0
0
215

Велоспорттан Азия чемпионатында омниум велокөпсайысы жарысында Диас Өмірзақов үздік спортшы атанды

Велоспорттан Азия чемпионатында жарыстың төрт күндік қорытындысы бойынша қытайлық трекшілер 10 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль иеленді. Медальдік есепте екінші орында — Оңтүстік Корея (6 алтын және 6 қола медаль), үшінші орында — Гонконг құрамасы (3алтын, 3 күміс және 4 қола). Қазақстан құрамасы велотректен бұрынғысынша 4 медальға ие (2алтын, күміс және қола). Бүгін, 25 мамырда, жарыстар барлық жастағы ерлер мен әйелдер арасында командалық спринттің жартылай финалынан басталды, омниум (жеке қуалау жарысы) жарысының келесі кезеңімен және ерлер спринтімен жалғасты. Күннің екінші жартысында спринт бойынша финалдық жарыстар (барлық жастағы ерлер), әйелдер арасында комнадалық спринт, гит жарыстары (ерлер — 1 шақырым, әйелдер 500 метр), және омниум бойынша гит (ерлер мен әйелдер). Бүгін қазақ…

0
0
364

ММА бойынша Азия чемпионатында Қазақстанның спортшылары үш «алтын» алды

Астанада ММА аралас жекпе-жектен Азия чемпионаты өтуде. «Қазақстан» спорт сарайында ақтық сайыстар аяқталды.

«77,1 келі салмақта қазақстандық Шавкат Рахмонов ресейлік Бек Умаровпен кездесіп, жеңіске қол жеткізді», деп жазады sports.kz.

84 келіге дейінгі дәрежеде Қазақстанның атынан шыққан Даурен Ермеков тәжікстандық Исломджон Ализодты техникалық нокаутқа жіберді.

Ал 93 келі салмақта алтынға еліміздің спортшысы Мурад Абдурахманов қол жеткізді.

Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектерінің барлық жеңімпаздары анықталды.

Рингке енді М-1 challenge 48 «Battle of Nomads» кәсiби турнирiнің спортшылары шығады.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
236

Астанада өтіп жатқан аралас жекпе-жекте испандық спортшы төбелес алдында қашып кетті

Кеше аралас жекпе-жек жанкүйерлері көптен күткен M-1 Challenge 48 турниріндегі Павел Витрук пен Агоней Ромероның арасындағы төбелесті көре алмай, оның неге болмағанын түсіне алмай әлек болды. Мұндай жағдай M-1 Global туринінің 16 жылдық тәжірибесінде бірінші рет болып тұр — аренаға шығайын деп тұрған испандық спортшы жеме-жемге келгенде қашып кетті, деп хабарлайды mixfight.ru. Витрукпен жекпе-жекке шығуға өзі келісім берген, келісім шартқа өз қолымен қол қойған, Қазақстанға өз еркімен келген Ромеро барлық спортшылардың аренаға шығуына 10 минут қалғанда жоқ болып кетті. Қонақүйден шығып, бапкерлерден жасырынып, телефонын да өшіріп тастапты. Бейтаныс елде адасып кеткен шығар деген қауіппен спортшыны іздеуге бірден полиция кірісті. Бірақ одан да дым шықпады. Бапкері Испаниядағы туған-туыстар…

0
0
431

«Қазақстан Барысы-2013» жеңімпазы биыл да өз атағын қорғап қалмақшы

«Қазақстан Барысы-2013» жеңімпазы Айбек Нұғымаров 2014 жылы да өз титулын қорғауға жан-жақты дайынмын деп санайды, деп хабарлады Vesti.kz. «Көңіл-күйім өте жақсы, бәрі де орынша», — деді Нұғымаров — Енді дайындықтың ең маңызды кезеңі қалды, финалға дейін бір ай бар. Астанада қызу күрес болады деп күтемін, әр қарсылас өзінше мықты, нәтижесі кілем үстінде шешіледі. Сәтті аяқталатынына сенімдімін». Нұғымаровтың айтуынша, бұл титулды қатарынан иелену оңай шаруа емес. «Әрине, қиын. Бұл үшін бұрынғыға қарағанда, екі-үш есе көбірек дайындалуың қажет. Кесіп-пішкім келмейді. Бәрі де қарсыластарымның дайындығына байланысты шешіледі, олар мүмкіншілік берсе, жеңемін!», — дейді ол. Айта кетейік, «Қазақстан Барысы-2014» сайысының ақтық сыны Астанада 29 маусымда өтеді. Дәстүр бойынша жеңімпаз чемпион бе…

0
0
698

Астанада велоспорттан Азия чемпионатының алғашқы күнінде екі құрлық рекорды орнатылды

Бүгін «Сарыарқа» республикалық велотрегінде велоспорттан Азия чемпионатының салтанатты ашылуы болып өтті. «Велоспорттан Азия чемпионатын өткізу еліміздегі велоспорттың дамуына жаңа серпін береді», — деді ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев. Жарыстың алғашқы күні жеке ізге түсу жарысы (ересектер мен жасөспірімдер), командалық спринт (барлық жастағы ерлер арасында) тәртібі бойынша квалификациялық айналымдардан басталды. Күннің екінші жартысында гиттан ерлер мен әйелдер (жасөспірімдер) арасындағы ақтық жарыстар өткізілді, деп хабарлайды Қазақстанның Велоспорт федерациясының баспасөз қызметінен. Сонымен қатар әйелдер арасында ұпай бойынша топтық жарыс, барлық жастағы ерлер арасында командалық спринт, жасөспірім бойжеткендер мен ересек әйел спортшылар а…

0
0
424

Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ең дөрекі командалар рейтингісінде екінші орын алды

Минскіде хоккейден өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ең дөрекі командалар тізіміне енді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып. Дөрекілер тізімінің көшбасында Латвия командасы. Бұл команда турнирдің 7 матчында 147 минут айып уақытын алған. Қазақстан командасы тізім бойынша 119 минут айып уақытымен екінші орында. Үшінші орында турнир иелері беларустар, олар 97 минут айып уақытын алған. Ең сыпайы команда Германияның хоккейшілері олардың еншісіндегі айып уақыты 44 минут. Жекелеген ойыншылар бойынша латвиялық Каспарс Даугавиньш ең тәртіпсіз ойыншы деп танылды, оның айып уақыты 42 минут. Екінші орында тағы бір латвиялық Земгус Гиргенсон мен қазақстандық үздік ойыншы Николай Антропов. (29 минут). Айып уақытын алған ойыншылардың ондығына екі қазақстандық…

0
0
312

15 жасар астаналық Еуропа чемпионы атанды

15 жасар астаналық ел тарихында алғаш рет киокушинкай каратэден Еуропа чемпионы атанды, деп хабарлайды Sports.kz.

Болгарияда 15-16 жасар жастық дәрежесіндегі жекпе-жекте астаналық Темірлан Жәнібековке тең келер ешкім болған жоқ. Барлығы қазақстандық құрама 37 командамен бақ сынасты. Чемпион атағына 400 каратэші таласты. Нәтижесінде қазақстандық құраманың қоржынында алтыннан бөлек тағы 3 қола медаль бар. Атап өтсек, Қазақстанда киокушинкай танымал спорт түрлерінің бірі. Бүгінде спорттың бұл түрімен шамамен 5000 жасөспірім шұғылданады.

«Сайыс жоғары деңгейде өтті. Мен 4 рет кездесу өткіздім. Ең қиыны жартылай финал болды. Онда мен Ресей және Еуропа чемпионы болған ресейлікпен кездескен едім», — деді чемпион.

0
0
281