15 жасар астаналық Еуропа чемпионы атанды
15 жасар астаналық ел тарихында алғаш рет киокушинкай каратэден Еуропа чемпионы атанды, деп хабарлайды Sports.kz.
Болгарияда 15-16 жасар жастық дәрежесіндегі жекпе-жекте астаналық Темірлан Жәнібековке тең келер ешкім болған жоқ. Барлығы қазақстандық құрама 37 командамен бақ сынасты. Чемпион атағына 400 каратэші таласты. Нәтижесінде қазақстандық құраманың қоржынында алтыннан бөлек тағы 3 қола медаль бар. Атап өтсек, Қазақстанда киокушинкай танымал спорт түрлерінің бірі. Бүгінде спорттың бұл түрімен шамамен 5000 жасөспірім шұғылданады.
«Сайыс жоғары деңгейде өтті. Мен 4 рет кездесу өткіздім. Ең қиыны жартылай финал болды. Онда мен Ресей және Еуропа чемпионы болған ресейлікпен кездескен едім», — деді чемпион.

