Лэнс Армстронгтың допинг-дауынан кейін велоспорттың абыройын қайта жандандырмақпын — UCI президенті
Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) президенті Брайан Куксон Тур де Франстың жеті дүркін жеңімпазы Лэнс Армстронгтың допинг-дауынан кейін велоспорттың атақ-абыройын қайта жандандыруды көздеуде. Бұл туралы ол бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында хабарлады. Айта кетейік, бұрын хабарлағанымыздай, Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) президенті Брайан Куксон ресми іссапармен Астанаға келген болатын. Жоғары мәртебелі мейман алдағы жылдары Халықаралық велосипедшілер одағы қандай жұмыстармен айналысатындығын қысқаша айтып берді. «Мен жаңа қызметіме енді ғана кірістім және ең бірінші қолға алатын жұмысым — Лэнс Армстронгтан кейін едәуір кір келген ұйымның беделін, атақ-абыройын қайта жандандыру болады, — деп атап өтті ол. — Велосипед спортын бұдан әрі әлем бойынша, соның ішінде А…

