Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Батысқазақстандық каратэші Грузияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Батысқазақстандық Дархан Темірәлиев Тбилиси қаласында 24-26 мамырда жастар арасында каратэ-додан өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Екатерина Литвякованың хабарлағанындай, аталмыш жарысқа әлемнің отыз елінен таңдаулы каратэшілер қатысқан. БҚО-дан Қазақстан құрамасы сапында Д.Темірәлиевпен бірге Данил Титов, Әлихан Ақжолов және Бекарыс Елемесов өнер көрсетті. Он төрт жасар Дархан 50 келі салмақта финалда франциялық қарсыласын ұтты. Оның бапкері — Ринат Мерғалиев.

Тағы бір батысқазақстандық каратэші Данил Титов 76 келі салмақта күміс жүлдені иеленді. Данил — каратэ-до шотоканнан Қазақстан чемпионы, жастар арасында 2013 жылы Дубайда өткен Азия біріншілігінің қола жүлдегері, сондай-ақ өткен жылы Испанияда өткен әлем чемпионатына қатысқан.

ОРАЛ. ҚазАқпарат
 
0
0
295

Осы тақырып бойынша

Батысқазақстандық каратэші Грузияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды - Yvision.kz