Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Головкин аустралиялық Дэниэл Гилмен болатын жекпе-жекке дайындалуда

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бокстан орта салмақ дәрежесінде WBA (Super) мен IBO бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин аустралиялық боксшы Дэниэл Гилмен болатын жекпе-жекке дайындалуда, деп хабарлайды Vesti.kz. 32 жастағы спортшының жаттығу жиындары Калифорниядағы Big Bear жаттығу базасында өтуде. Еске сала кетейік, 33 жастағы Дэниэл Гилге қарсы кездесу 26 шілдеде Нью-Иорктегі 20 мың орындық Madison Square Garden аренасында өтеді. Жекпе-жек HBO телеарнасы арқылы көрсетілмек. Бұл Геннадийдің кәсіпқой бокстағы 30-шы кездесуі. Ал WBA чемпионы титулын 11-ші рет қорғайтын болады. Айта кетейік, қазақстандық боксшы 29 кездесудің 26-сын нокаутпен жеңді. Кеше чемпиондық кездесуге арналған билеттер сатылымға түсе бастады. Бұл туралы Головкиннің командасы хабарлады. Сондай-ақ билеттерді Ticke…

0
0
210

«Каспий кубогында» соңынан санағанда екіншіміз

Футболдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Бакуде «Каспий кубогы» додасына қатысып, 12 команданың ішінде 11-орынмен шектелді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әзірбайжан астанасындағы теңбіл доп додасына 11 елден жасөспірімдер арасындағы 12 құрама қатысты. Атап айтқанда, Әзірбайжан осы доданың қожайыны ретінде 16 және 17 жасқа дейінгі қос құрамасын үкілеп қосса, Қазақстан, Түркия, Иран, Болгария, Жапония, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия, Қырғызстан және Ауғанстан U-17 құрамаларын сынақтан өткізіп алғанды жөн санапты. Осы 12 команда төртке бөлініп, әуелі топтық кезеңде додаға түсті. Константин Фролов жаттықтыратын Қазақстан U-17 құрамасы Түркия және Өзбекстан бозбалаларымен бір топқа түскен болатын. Бірінші Түркия жастарымен кездесіп, 1:3 есебімен ұтылып қалды. Жалғыз голды қо…

0
0
295

«Астана» ФК Кумыковқа көз тігіп отыр

«Астана» футбол клубы болашақ жаттықтырушы ретінде «Шахтер» бапкері Виктор Кумыковтың кандидатурасын қарастыруда, деп хабарлайды sports.kz.

Ең танымал қазақстандық жаттықтырушы Виктор Кумыков — «Астана» футбол клубының бас бапкері лауазымына қарастырылып отырған басты кандидат.

Сонымен қатар клубтың бұл орынға сербиялық жаттықтырушы Славолюб Муслинді шақыруы да әбден мүмкін. Қалай дегенмен, «Астана» басшылығы бас бапкердің есімін жақын күндері жарияламақ ниетте.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
218

Чехиядағы ATP турнирiнде Кукушкин ширек финалға өттi

Қазақстандық теннисшi Михаил Кукушкин Чехиядағы ATP турнирiнiң екiншi айналымында тағы бiр қазақстандық спортшы Александр Недовесовпен кездесiп, 5:7, 6:1, 6:3 есебiмен жеңiске жеттi, деп хабарлайды sports.kz. Жалпы сыйақы қоры 106,5 мың еуро болатын Простеевтегi «Челленджер» сериясындағы турнирдiң ширек финалында М. Кукушкин чехиялық Иржи Веселы мен бельгиялық Джермейн Гигуньон арасындағы кездесудiң жеңiмпазымен ракетка түйiстiредi. Бұның алдында Кукушкин Чехия өкiлi Ян Хернышты 2:6, 7:6, 6:3 есебiмен тiзе бүктірген еді. Ал Недовесов бiрiншi айналымда Монако теннисшiсi Бенджамин Баллереттi 6:4, 6:1 есебiмен қапыда қалдырды. Ширек финалға шыққан Кукушкин өзiне 3 мың 100 еуро сыйақы мен ATP рейтингiсiнiң 25 ұпайын еншiлеп үлгердi. Автор: Жасұлан Жолдыбаев Басты сөздер: Спорт АСТАНА. ҚазАқпа…

0
0
249

Су добындағы апайтөс жігіттеріміз де ақтық сынға шыға алмады

Cу добынан ерлер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы да Әлемдік лиганың финалдық додасына шыға алмай, електік сында алтыншы орынды қанағат тұтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Мамырдың екінші жартысында су добынан әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы Әлемдік лиганың електік додасына қатысып, жетінші орынды көңілге медеу тұтқан болатын. Риверсайдте (АҚШ-та) өткен әйелдер арасындағы Құрлықаралық іріктеу турнирі аяқталысымен, Қытайда тура осындай ерлер арасындағы електік сын басталды. Ерлер арасындағы Құрлықаралық іріктеу турнирі Шаңхайда ұйымдастырылды. Оған жеті мемлекеттің ватерполшылары қатысты. Негізі, електік додаға сегіз құрама қатысуы керек болатын. Бірақ Оңтүстік Африка республикасының ватерполшылары кела алмапты. Әйтсе де, бұл дода алдын-ала бөлінген екі топта басталды. «В…

0
0
284

Үшсайыстан Бурабайдағы Азия чемпионатында алтын алдық

Бурабайда триатлоннан жастар мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтіп, жеткіншектер арасында Аян Бейсенбаев құрлық чемпионы атанды, деп хабарлайдыTengrinews.kz. Триатлоннан, яғни үшсайыстан Бурабайда өткен жастар мен жасөспірімдер арасындағы құрлық біріншілігіне Азияның 14 мемлекетінен 84 спортшы қатысты. «Жақсы» спорт кешенінде ашылу салтанаты өткен Азия чемпионатында қыздар да, жігіттер де суда 750 метрге жүзіп, велосипедпен 20 шақырымға жарысып, ең соңында бес шақырымға жүгірді. Жасөспірімдер арасында Көкшетаудағы триатлоны мектебінің түлегі Аян Бейсенбаевжергілікті жанкүйерлерді қуанышқа бөлеп, мәре сызығын бірінші болып қиды. Ол жүзу мен веложарыста Гонконг және Корея бозбалаларына жете алмай қойса да, жүгіруге келгенде бар күш-жігерін салып, көмбеге жақындағанда бәсекелестері…

0
0
182

Алексей Ягудин Алматыда мастер-класс өткізді

Алматыда мәнерлеп сырғанаушы Алексей Ягудин қазақстандық әріптестеріне мастер-класс өткізді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz порталына сілтеме жасай отырып. Ресейлік спортшыға Сочидегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен және әлем чемпионы Брайан Жубер көмектесті. Семинар 5 күн бойы жүрмек. Алексей Ягудиннің қатысуымен өтетін мастер-класқа үлкендер де, балалар да қатыса алады. Айта кетейік, ресейлік және франциялық мәнерлеп сырғанаушылар »Денис және Достары. Олимпиадалық қуат» атты шоуға қатысуға арнайы келген болатын. Қазақстандықтардың сұрауы бойынша олар елімізде бірнеше күнге қалды. Денис Теннің айтуынша, Алексей мен Брайан мастер-класс өткізіп қана қоймай мәнерлеп сырғанаушыларға арнап арнайы бағдарлама жасамақ. Семинарға қатысқан мәнерлеп сырғанаушылар кәсіби спор…

0
0
334

«Суперчемпион» Геннадий Головкин 26 шілдеде Даниэль Гилмен жұдырықтасады

WBA Геннадий Головкин мен Даниэль Гилдің арасында Madison Square Garden-да 26 шілде күні өтетін кездесуде 160 фунт салмақ бойынша Головкинді «суперчемпион» етуге келісті, деп хабарлады Sports.kz. Осыған дейін санкцияларды қолдану бойынша венесуэлалық ұйым Головкиннің өкілдеріне басқа австралиялық қарсылас, айтарлықтай танымал емес Джаррод Флетчерге қатысты келіссөз жүргізуді тапсырған. Себебі ол үздік қолжетімді оппонент болды. Головкин оған қарсы WBA-дағы өзінің мерзімі өтіп кеткен титулын міндетті қорғауын жүргізе алар еді. Алайда НВО-спорт Флетчерді Головкиннің желідегі келесі кездесуі үшін қарсыласы ретінде мақұлдамас еді. Бұл «K2 Promotions» басқарушы директоры Том Леффлердің WBA-дан Головкинді «суперчемпион» мәртебесіне дейін көтеруді, не оған орташа салмақтағы IBF пен WBA-ның бұрын…

0
0
249

Теннис: Андрей Голубев «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалына өтті

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев және аустралиялық Сэмюэл Грот жұптық сайыста Францияның ашық біріншілігі — «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалына өтті.

Ширек финалда олар Лукаш Кубот/Роберт Линстедт поляк-швед жұбын 6:3, 6:3 есебімен тізе бүктірді. Жартылай финалда Голубев пен Грот француз спортшылары Жюльен Беннето мен Эдуард Роже-Васслен және аргентиналық Максимо Гонсалес пен Хуан Монако жұптарының жеңімпаздарымен кездесетін болады.

Еске сала кетейік, үшінші айналымда Голубев пен Грот қарсыластары Джек Сок (США) пен Жоао Соуза (Португалия) жұбын 6:4, 6:3 есебімен жеңген болатын.

Басты сөздер: ӘлемСпорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
415

Қазақстандық боксшылар әлем біріншілігінде 7 алтын 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды

Алматыда әскери қызметшілер арасында өткен 55-ші әлем біріншілігінде қазақстандық боксшылар 7 алтын 1 күміс және 2 қола медальды жеңіп алды. Олжас Байниязов (49 кг) ресейлік Бэлик Галановты, Олжас Сәттібаев (52 кг) мароккалық Абделали Дарааны, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қайрат Ералиев (56 кг) алжирлік Фахем Хамаччиді, Бекман Сойлыбаев (60 кг) қытайлық Хя Лингджиді , Бабыржан Момынов (75 кг) бразилиялық Педро Делиманы, Асқар Абдоллаев (91 кг) итальялық Фабио Турчиді, ал Қамшыбек Қоңқабаев (+91 кг) Рафаэль Лиманы айқын басымдықпен жеңіп, алтыннан алқа тақты. Ал 81 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Арман Рысбек күміс жүлдеге ие болды. Ол ақтық сында Нидерландық Петер Мюллербергке есе жіберіп алды. Тағы екі қазақстандық боксшы Елдос Сарқұлов (64 кг) пен Сағадат Рахманқұлов (69 кг…

0
0
541