Қызылордалық боксшылар Ресейден олжалы оралды
Ресей Федерациясының Саратов облысында бокстан Кеңес Одағының батыры Ф.Д.Глуховты еске алуға арналған дәстүрлі турнир өтті. Жарысқа Ресей, Татарстан елдерінен 400-ден аса жас боксшылар қатысты. Турнирге Қазақстаннан барған былғары қолғап шеберлерінің қатарында қызылордалық боксшылар да болды, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен. Аталған жарыста қызылордалықтар жоғарғы ойын өрнегін көрсетіп, елге алтын және күміс медальдармен оралды. Нұртуған Аханбек пен Азат Сәтенов жеңімпаз атанса, мұнан басқа облыс құрамасынан қатысқан жас боксшылар Қанағат Жарқынбек, Жалғасбек Сұлтанбек және Әли Айдар қанжығаларын майлап қайтты. Халықаралық жарысқа спортшыларымызды жаттықтырушы Руслан Жақияев дайындады. Автор: Елубай Әуезов Басты сөздер: Қызылорда облысы ,…


