Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ӘЧ: Гүлназ Наурызова екінші орынға тұрақтады

Алматыда өтіп жатқан ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Гүлназ Наурызова 63 келіге дейінгі салмақ санатында «С» тобында екінші орынға тұрақтады.

Қоссайыстың нәтижесінде қазақстандық спортшы 196 ұпайды иеленді (91+105).

Оңтүстік Кореялық спортшы Ие Ра Ким 201 келі нәтижемен оқ бойы озық шықты.  Үшінші орынға испаниялық спортшы Ирен Мартинес Сантьяго 192 (90+102) тұрақтады.

Гүлназ Наурызова — Израильде өткен ауыр атлетикадан студенттер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2013 жылы Азия чемпионатында 5-ші орын иеленген.

Бүгін сондай-ақ 63 келіге дейінгі әйелдер арасында «В» тобының мықтылары да анықталды. Олар — ресейлік Надежда Лихачева мен мысырлық Сара Саид Ахмет. Айта кету керек, аталған салмақ категориясы бойынша негізгі сайыс «А» тобында жалғасады. Ертең кешкі сағат 16:00-де 63 келі салмақ санатында қазақстандық ауыр атлет Карина Горичева әлемнің азулы спортшыларымен бәсекеге түседі.

 
Басты сөздер: АлматыСпорт
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат
 
0
0
210

Осы тақырып бойынша

ӘЧ: Гүлназ Наурызова екінші орынға тұрақтады - Yvision.kz