Қазақстандық стенд атушылар БАӘ-де өткен Азия чемпионатында алтын жүлде еншіледі
1-10 қараша аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің әл-Айн қаласында стенд атудан IV Азия чемпионаты өтті.
«Скит» жаттығуында Ангелина Мищук (Шымкент қ.) алтын жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ командалық есепте де құрамында Ангелина Мищук (Шымкент қ.), Эльвира Акчурина (Шымкент қ.), Жәния Айдарханова (Алматы қ.) болған әйелдер командасы алтынды олжалады.
Сонымен қатар «Трап» жаттығуында қыздар арасында ату спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығының тәрбиеленушісі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мария Дмитриенко (Шымкент қ.) күміс медаль жеңіп алды. Ал ерлер арасында командалық есепте алматылық Александр Ещенко қола медальға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат

