Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Иса Ақбербаев екінші минутта қарсыласын нокаутқа жіберді

 

Қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев кәсіби рингте 14-ші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлады Vesti.kz.

Бірінші ауыр салмақта IBO Intercontinental нұсқасы бойынша чемпионның қарсыласы Беларусь елінің өкілі Игорь Караваев болды. Ол жерлесімізге небары 1 минут 23 секунд уақыт қана төтеп беріп, бірінші раундта-ақ нокаутқа түсті.

Осылайша, 31 жастағы қазақстандық боксшы кәсіби рингте 14-ші рет жеңіс тұғырынан көрінді. Оның он кездесуін боксшымыз мерзімінен бұрын аяқтаған. Игорь Караваев үшін бұл 14 кездесудегі сегізінші жеңіліс болды. Ол алты рет жеңіске қол жеткізген.

 

Басты сөздер: Спорт

АСТАНА. ҚазАқпарат

 
0
1
282

Осы тақырып бойынша

Иса Ақбербаев екінші минутта қарсыласын нокаутқа жіберді - Yvision.kz