Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

ШҚО-да медицина қызметкерлерінің спартакиадасы аяқталды

ШҚО-да медицина қызметкерлері арасында өткен спартакиадаға өңірдегі медицина мекемелерінің қызметкерлері белсенді қатысты. Спорттық сайыстың қорытындысы белгілі болды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында және Медицина қызметкері күніне орайластырылып ұйымдастырылған спартакиада үлкен қарбаласпен өтті. Жалпыкомандалық есеп бойынша жүлделі орын иелері анықталды: 1 орын – ШҚО Ана мен бала орталығы, 2 орын – жедел медициналық көмек стансасының өкілдері, 3 орын – Шығыс Қазақстан облыстық онкодиспансер», – деді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы «Шығыс Қазақстан облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» МКҚК бөлімінің меңгерушісі Руслан Карпович. Сонымен қатар, спартакиададағы ойын түрлері бойынша жекелей орындар да берілді. Үздік сәлемдесу: 1 ор…

0
0
592

Алматыда «Астана» командасының қатысуымен веложарыс өтті

«Астана» командасының велоспорт жұлдыздары Алматыда өткен жарысқа қатысты, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Дәстүрлі веложүріске салауатты өмір салтын ұстанған қала тұрғындарымен қатар Алматы әкімі Ахметжан Есімов, «Джиро д’Италия-2013» көпкүндігінің жеңімпазы – «Астана» капитаны Винченцо Нибали, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров пен клуб велошабандоздары: Андрей Зейц, Дмитрий Груздев, Валерио Аньоли, Паоло Тиралонго және Алессандро Ванотти қатысты. А.Есімов көпкүндікте жоғары жетістіктерге қол жеткізген «Астана» командасын құттықтай келе, велошабандоздар мен жаттықтырушыларға алғыс айтып, қазақстандық спортшылар бұдан кейін де халықаралық ареналарда еліміздің беделін арттыра түседі деген сенімін жеткізді. «Велоспорт – спорттың командалық түрі.…

0
0
539

Қазақтың бағына біткен Байсейітов

Өміріме оң өзгеріс әкелген 1998 жылды ұмытпаймын. Өйткені, Швецияда өткен әлем чемпионатында кубалық қарсыласымды алып ұрып, 76 келіде чемпион атандым. Қазағымның көк байрағын желбіретіп, Әнұранын шырқатқан сол сәт мәңгі есімде. Ол – менің ең бақытты кезім. Олимпиада бағдарламасына енген күрес түрлерінің тарихына зер салсақ, қазақ балуандары арасынан небәры бес әлем чемпионы шыққанын білеміз. Олар – Қажымұқан Мұңайтпасов, Шәміл Серіков, Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов және Бақтияр Байсейітов. Бүгінгі әңгімеміз осы Бақтияр жайында болмақ. Бақтияр Бағашарұлы Байсейітов КСРО Халықтары спартакиадасының күміс жүлдегері (Запорожье, 1991); Грек-рим күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері (Хиросима, 1993; Гуанчжоу, 1996) Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Прага, 1995); Азия ойындарыны…

0
0
1528

Ярослава Шведова WTA рейтингісінде 21-інші сатыдан түсіп қалды

 

Қазақстандық Ярослава Шведова Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) рейтингісінде 21-інші сатыдан түсіп қалды. Бұл туралы Vesti.kz. жазады.

Францияның ашық чемпионатында («Ролан Гаррос») екінші айналымға жеткен отандасымыз аталмыш бәсекенің қорытындысы бойынша тізімнің 52-інші сатысына жайғасты.

Ал еліміздің тағы бір теннисшісі Юлия Путинцева жеті сатыға көтеріліп, 91-інші орынды иеленді. Галина Воскобоеваның да жағдайы жақсарды. Спортшы тізімнің 123-інші сатысынан 94-ке көтерілді. Айта кеткен жөн, екі қазақстандық теннисші де «Ролан Гарростың» екінші айналымына өте алмады.

Ксения Первак екі саты төмен түсіп, 114-інші орынға тұрақтады. Ал Сесиль Каратанчева бірден 10 сатыға — 129-ға дейін «құлады».


0
0
406

Қазақстандық спортшы Татьяна Потемкина Еуропа рекордын жаңартты

Ирландияның Вестфорт қаласында әйелдер мен ерлер арасындағы кір көтеру спортынан Еуропа чемпионаты аяқталды, оған 250-ден астам спортшы қатысқан. Теміртаулық Татьяна Потемкина жеңіске жетіп қана қоймай, Еуропаның рекордын жаңартты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Татьяна Потемкина 10 минутта жұлқи көтеруден 24 келі кірді 169 рет бағындырды. Бұл көрсеткіш Еуропаның жаңа рекордына айналды. Қазақстандық спортшы осы уақыт аралығында кірді 142 рет жұлқи көтерген ресейлік қарсыласының бұған дейінгі рекордынан басым түсті. «Бұл менің және Еуропа чемпионатының жаңа рекорды. Рекорд деген спортшыға оңайлықпен келмейді, бұл менің үздік көрсеткішім. Әрине, қиын болғаны рас, мен бұл сәтке өте ұзақ дайындалдым», — дейді Татьяна Потемкина. Еуропа чемпионаты 22 мен 29 мамыр аралығында өтті. Татьянаның а…

0
0
410

20-26 маусым аралығында Астанадағы «Сарыарқа» спорт кешенінде ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты өтеді.

20-26 маусым аралығында Астанадағы «Сарыарқа» спорт кешенінде ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты өтеді. Бұл жарыс сары құрлықтың барлық мықты командаларының басын қосады. Бақ сынаушылар арасында Қытай, Оңтүстік Корея, Иран, Таиланд, Филиппин және тағы басқа мемлекеттің өкілдері бар Бұл жарысқа Қазақстан мынадай құрамда қатысады: Ерлер Арли Чонтей (56 келі) – Қазақстан чемпионы, Қазақстан кубогының иегері. Фархад Харки (62 келі) – Қазақстан чемпионы, Қазақстан кубогының иегері. Қуаныш Рахатов (69 келі) – Жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері (2006), Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Кирилл Павлов (77 келі) – Азия ойындары ( 2010) мен Азия чемпионатының (2011) қола жүлдегері. 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына қатысушы Ербол Мейірманов (85 келі) – Жасө…

0
0
314

Биылғы Азия біріншілігінде баскетболдан Қазақстан құрамасы «D» тобына түсті

vesti.kz сайтының суреті Бүгін Манилада баскетболдан ерлер арасындағы 2013 жылғы Азия чемпионатының жеребесі тартылды. Қазақстан құрамасы «D» тобына түсті. Қарсыластарымыз – жеңуге болатын командалар, деп жазады alasharena.kz. «1-11 тамыз аралығында Манилада (Филиппин) өтетін ХХVІІ Азия чемпионатының жеребесі тартылып, Қазақстан құрамасы «D» тобына түсті», деп көрсетілген жазбада. Нақтырақ айтқанда, Үндістан, Бахрейн және електік сындағы Оңтүстік-шығыс аймағының жеңімпазымен бір топта сынға түсетін болды. Жалпы, Азия чемпионатындағы төрт топ төмендегідей: «А» тобы: Филиппин, Иордания, Тайпей, Сауд Арабиясы. «B» тобы: Ливан, Катар, Жапония, Гонконг. «C» тобы: Қытай, Иран, Корея және Оңтүстік-шығыс аймағында екінші орын алған құрама. «D» тобы: Қазақстан, Үндістан, Бахрейн және Оңтүстік-шығы…

0
0
358

Берешегі барлар жарысқа қатыспайды

Керісінше, додада мықтылар ғана қалса, бәсекелестік күшейеді. Бәсекелестік болған жағдайда ойыншылардың шеберлік деңгейі өседі. Расында да ел біріншілігінде материалдық жағдайы жақсы, бапкерлер мен ойыншылардың алдында еш берешегі жоқ ұжымдар ғана ойнауға тиіс. Қазақстан футбол одағында жағымды бір жаңалық бар. Келесі жылдан бастап, ойыншылар мен бапкерлерге берешек ақшалары бар командалар ел біріншілігінеқатыстырылмайды. Осы мәселеге орай кәсіби футбол лигасының төрағасы Михаил Гурман былай деп түсінік берді: «Бұған дейін біз олардың проблемасына түсінушілікпен қарауға тырыстық. Қарызы бар ұжымдардың жарысқақатысуы енді осымен тыйылады. Премьер-лигада тек өз-өзініңқажеттілігін толықтай қамтамасыз ете алатын командалар ғана ойнауға тиіс». Бұл жаңалыққа біз кәдімгідей қуандық. Өйткені ел ф…

0
0
363

«Қазақстан Барысы» на телеканале «Боец»

 

Ежегодно «Қазақстан Барысы» осуществляет прямую трансляцию по казахстанским телеканалам.

В этом году проект расширяет границы вещания. Теперь битву лучших смогут увидеть не только казахстанцы, но и жители СНГ и Балтии. Телеканал «Боец» стал одним из основных информационных партнеров Республиканского турнира по қазақ күресі «Қазақстан Барысы» на призы Лидера Нации — Президента РК Н. А. Назарбаева.

30 июня в республиканском велотреке «Сарыарка» сойдутся лучшие из лучших. Проект получает международную известность, оставаясь при этом по-прежнему народным…


0
0
209

«Барыс» хоккей клубына жаңа бапкер келді

 

«Барыс» хоккей клубы мен финляндиялық маман Ари-Пекка Селин екіжылдық келісімге отырды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

50 жастағы шетелдік азамат команданың бас бапкері қызметіне тағайындалды. Соңғы уақытта Ари-Пекка Селин Финляндияда «HPK» хоккей клубын жаттықтырып келді. Сонымен қатар ол Финляндия құрамасының бас бапкері Юкки Ялоненнің көмекшісі болып табылады.

 

Сондай-ақ «Барыс» клубының бапкерлік штабына Андрей Шаянов, Раймо Хелминен, Ерлан Сағымбаев пен Александр Ахцигер кіретін болады.


0
0
298