Жеңіл атлетикадан ӘЧ (әлем чемпионаты): Екінші күн
Жеңіл атлетикадан Мәскеуде өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші күніндегі медальдар жиынтығы ойнатылды. Сонымен кеше «Лужники» стадионында жарыстың алты түрінен жеңімпаздар анықталды. Әлем чемпионатын қабылдаушы Ресей құрамасы қатарынан Александр Иванов спорттық жүрістен алтын медаль еншіледі. Осы жетістігінің арқасында әзірге ресейліктер Хорватия және Ұлыбритания мемлекеттерімен бесінші орынды бөлісіп отыр. Ал көшбасында АҚШ спортшылары келе жатыр. Олардың қоржынында екі алтын және бір күміс медаль бар. Одан кейінгі орындарда бір-бір алтыннан алған Кения мен Эфиопия тұр. АЛЕКСАНДР ИВАНОВ (Ресей), 20 шақырымға спорттық жүріс (ерлер) Иванов бұл қашықтықты 1 сағат 20 минут 58 секундта бағындырып, әлем чемпионы атанса, екінші орын Олимпиада чемпионы қытайлық Чэнь Динге бұйырды (1:21:09). Қо…
