Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Президент Кубогы» мәресіне жетті


Иран командасы

Алматыда ерлер арасында волейболдан өткен «Президент Кубогы» өз мәресіне жетті. Бас жүлде Иран (U-23) жастарына бұйырса, Қазақстан құрамасы үшінші орынды қанағат тұтты.

Ақтық сынға жолдама алған Иран (U-23) жастары Ресей (U-23)жастарын финалдық тартыста 3:0 (28:26, 25:22, 25:15) есебімен жеңіп, алтыннан алқа тақты. Ал үшінші орынды сарапқа салған Қазақстан құрамасы Бахрейннен 3:0 (25:23, 29:27, 25:23) есебімен басым түсіп, қола жүлдеге қол жеткізді. Сонымен қатар V орынға таласқан Олег Кузнецов баптайтын Қазақстан-2  командасы түріктерден 1:3 (25:23, 28:30, 19:25, 16:25) есебімен жеңіліп, VI орынды иеленді. Жарысқа қатысқан Катар құрамасы VII орынды, БАӘ VIІІ орынмен доданы қорытындылады.

 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

 
0
0
265

Осы тақырып бойынша

«Президент Кубогы» мәресіне жетті - Yvision.kz