Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Хоккей: «Барыстың» бүгінгі қарсыласы — «Югра»

Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымы аясында «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда алғашқы ойынын өткізеді. Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында ол жергілікті «Югра» командасымен кездеспек. Айта кеткен жөн, ҚХЛ-дың жаңа маусымына дейін «Барыс» пен «Югра» бірнеше рет кездесіп, күш сынасып көрген болатын. Тамыз айында олар ҚР Президенті кубогы үшін халықаралық турнирде ойнаған. Ол кезде екі рет қатарынан «Барыстың» мерейі үстем болды. Ал соңғы Иван Ромазан атындағы хоккей додасында «Югра» өз есесін қайтара білді. Алайда барлық матчтарда екі команданың да дайындығы бірдей екендігі барынша байқалды. Таразы басы да бірде «Барысқа», бірде «Юграға» ауып тұрды. Ал ЖХЛ-дың жалпы турнирлік кестесіне қарасақ, астаналық клубтың бір қадам алда екендігін көруге болады. Мәселен, «Югра» соңғы бес ойында…

0
0
363

Азия чемпионатында жеңіліссіз келе жатқан қазақстандық волейболшы қыздарды жапондықтар сүріндірді


Қазақстан құрамасы
Волейболдан Таиланд еліндегі Накхонратчасимада өтіп жатқан әйелдер арасындағы ХVII Азия чемпионатында Александр Гутор жаттықтыратын Қазақстан құрамасы жеңілістің ащы дәмін татты.

Топтық сында қарсыласқа дес бермеген олар 1/8 финалдағы екінші ойында өткен жылғы құрлықтың біріншіліктің күміс жүлдегері саналатын Жапония спортшыларына 1:3 есебімен есе жіберді. Ал алғашқы ойында қазақстандықтарға 0:3 есебімен ойсырата ұтылған вьетнамдықтар жарыс қожайындарынан да дәл осындай есеппен жеңіліс тапты. 21 қыркүйекке дейін созылатын бұл байрақты бәсекеде енді ширек финалдық ойындар басталады. Онда қазақстандықтардың қарсыласы Қытай, Оңтүстік Корея, Иран және Тайбэй құрамаларының бірі болмақ.

АЛМАТЫ.  ҚазАқпарат - Автор: Ерлік Ержанұлы
0
0
399

Әлем чемпионатындағы еркін күресшілердің соңғы үміті енді Ақжүрек Таңатаровқа артылады


Ақжүрек Таңатаров
Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Әлем чемпионатында жарыстың алғашқы 2 күні де қазақстандық еркін күресшілер үшін сәтсіз аяқталды.

Расул Қалиев (55 кг), Дәурен Жұмағазиев (66 кг), Таймураз Тагиев (96 кг), Дәулет Ниязбеков (60 кг), Аслан Кахидзе (84 кг), Дәулет Шабанбай (120 кг) үздіктер қатарына іліне алмады.
Бүгін енді Руслан Өміралиев баптайтын еркін күресшілер құрамасының соңғы үміті Ақжүрек Таңатаровқа (74 кг) артылып отыр. Бұл күні сондай-ақ әйелдер күресінен Зульфия Яхъярова (48 кг) мен Татьяна Аманжол (51 кг) да өз бақтарын сынайтын болады.
Ал ертең Айжан Исмағұлова (55 кг), Джулия Сатымбекова (59 кг) мен Екатерина Ларионова (63 кг) жарыс көрігін қыздыруға тырысады.

АЛМАТЫ.  ҚазАқпарат - Автор: Ерлік Ержанұлы
0
0
382

Ауыр атлетика: Польшаға әлем чемпионатына баратын құрама белгілі болды


Ауыр атлетика
20 қазан күні Польшада басталатын ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық ауыр атлеттердің есімі белгілі болды. Бұл туралы «Аламан»хабарлады.

Жарыстың ресми сайтының дерегіне сүйенсек, мына спортшылар Қазақстан намысын қорғайды.

ҚЫЗДАР
48 кг. Галина Мамотова;
53 кг. Маргарита Елисеева,
58 кг. Сәуле Сәдуақасова;
63 кг. Карина Горичева, Кристина Крахалова;
69 кг. Жазира Жаппарқұл, Анастасия Халикова немесе Гүлназ Наурызованың бірі барады;
+75 кг. Мария Грабавецкая.

ЕРЛЕР
56 кг. Арли Чонтей, Тимур Хасаров;
69 кг. Альберт Линдер;
94 кг. Алмас Өтешов, Владимир Седов;
105 кг. Сергей Истомин. Ескендір Момынбеков (резерв);
+105 кг. Ибрагим Берсанов, Селимхан Абубакиров.

 

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Автор: Руслан Ғаббасов

0
0
702

Хоккей: «Барыс» омбылық «Авангардты» жеңді

«Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Авангард» (Омбы) командасын қабылдап, 5:2 есебімен жеңіске жетті. Бүгінгі ойынға дейін «Барыс» пен «Авангардтың» 18 рет кездескенін атап өткен жөн. Сол матчтарда қарсыластар 12 рет жеңіске жетсе, 6 ойында біздің мерейіміз үстем болды. Алайда осы кездесу бәрінен де өзгеше өтті деуге болады. «Барыстың» форварды Брэндон Боченски ойынның 22 секундында (!) есепті ашып, Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымында ең жылдам шайбаның авторы атанды. Шыны керек, «Авангард» есеңгіреп қалды. Бұған дейін олардың «Ақ барстан» 0:5 есебімен ұтылғаны тағы бар. Әйтеуір, «Авангард» ойынның екінші кезеңінде ғана есін жиғандай болды. Есеп теңесті. Алайда екінші кезеңнің аяғына дейін бес минут қалған кезде, Роман Старченко және Талғат Жайлауов екі бірдей шайбаны соғып, есепті 3…

0
0
392

Қазақстандық армрестлинг бойынша әлем біріншілігін жеңіп алды


Қазақстандық Ольга Шлижевская

Қазақстандық Ольга Шлижевская Польшада армрестлинг бойынша әлем біріншілігін жеңіп алды, деп хабарлады Vesti.kz сайтынан LIFETIME спорт клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыс Гдыня қаласында өткен. Әлем біріншілігіне әлемнің 44 елінен мыңнан аса спортшы қатысты. Шлижевскаяға 65 килограмдық салмақта ешкім теңесе алмады.

Шлижевская — Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және 15 мәрте Азия чемпионы. Оның қоржынында 2009 жылғы әлем чемпионатының қола медалі тағы бар.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
420

Оралда волейболдан «Достық» турнирі мәреге жетті


Орал қаласында волейболдан 1996-1997 жылғы жасөспірімдер арасында қалааралық V «Достық» турнирі мәреге жетті.

Оған Астрахан, Орынбор, Самара, Новокуйбышевск, Уфа, Атырау, Орал сынды қалалардан барлығы 9 команда қатысып, сынға түсті. Оралдықтар бірінші ойында уфалықтарды 3:0 есебімен тізе бүктірді. БҚО құрамасының бас бапкері Сергей Казактың сөзіне қарағанда, барлық командалар жақсы әзірленіп келген, басқа ойындар да тартысты болды.

Жарыс қорытындысында оралдықтар жеңіс тұғырына көтерілсе, уфалықтар екінші, астрахандықтар үшінші орынды еншіледі. Үздік ойыншылар да марапатталды.

ОРАЛ.   ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
0
0
375

Жағажай волейболынан ел чемпионатының ақтық сынында ұлттық құрама көшбасшылары өздерінің үздік екенін тағы да дәлелдеді

Талдықорғанда 13-15 қыркүйек күндері жағажай волейболынан XVII Қазақстан чемпионатының ақтық сыны өтті. Оған Астана, Алматы, Ақтау, Талдықорған және Шымкент қалаларынан 12 команда қатысты. Бұл жарыста әйелдер арасында Талдықорғанның «Жетісу» (Татьяна Машкова/ Ирина Цимбалова), ерлер арасында Алматының «Ұшқын-Искра-1» (Александр Дьяченко/Алексей Сидоренко) жеңімпаз атанды. 2-3 орынды әйелдер арасында Ақтаудың «Каспий-1»(Бақтыгүл Самалықова/Александра Варасова), «Каспий-3» (Анастасия Туктарева/Екатерина Ласюта), ерлер арасында Алматының «ШВСМ-ҚазНУ-1» (Владислав Пустынников/Сергей Богату) мен Ақтаудың «Каспий-1» (Алексей Кулешов/Александр Бабичев) командалары иеленді. Бұған дейін 24 мамырда Ақтауда өз жалауын көтерген ел чемпионатында әйелдер арасында — 9, ерлер арасында — 15 команда бақ сы…

0
0
460

Астаналық бокс мектебінің алғашқы әлем чемпионын елорда жұртшылығы әуежайда салтанатпен қарсы алады

Киев қаласында өткен жастар арасындағы Әлем біріншілігінде (Украина, 9-15 қыркүйек) Қазақстан спортшыларының қоржынына 2 алтын, бір күміс және 5 қола медаль түсті. Жалпы командалық есепте қазақстандық боксшылар Ресей мен Кубадан кейінгі үшінші орынды еншіледі. Әлем біріншілігінің триумфаторларының бірі астаналық боксшы Рахат Маржықпаев болды! Бұл — астаналық бокс мектебінің тарихындағы бірінші әлем чемпионы. Ол 66 кг салмақта өнер көрсетті. Рахат ақтық сында өзінің әзірбайжандық қарсыласынан басым түсті. Спорт шеберлігіне үміткер (енді оған Қазақстан Республикасының спорт шебері атағы беріледі) Рахат Маржықпаев биылғы жылы өз салмақ дәрежесі бойынша Азия чемпионы болғанын естеріңізге саламыз. Ертең таңертең елорда жұртшылығы астаналық бокс мектебінің алғашқы әлем чемпионын әуежайда салтан…

0
0
344

Бокс жеңімпазы рекордтық жүлде алады

Мексикалық боксшы Саул Альваресті жеңген америкалық боксшы Флойд Мэйвезер 41 миллион доллар жүлде алады, деп хабарлайды БиБиСи. Лас-Вегаста Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) және Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) жүйелері бойынша жартылай жеңіл салмақтағы чемпиондық атақ үшін болған кездесуде жеңіс ұпай саны бойынша америкалықтың жеңісімен аяқталды. 12 раундқа созылған текетірестің нәтижесі мынандай: 114-114, 116-112, 117-111. Екі атақты боксшының кездесуіне қара базардағы билеттің бағасы 30 мың долларға дейін жеткендігі хабарланды. Мэйвезер бүкіл ұрыс бойы өзін батыл ұстаса, ал мексикандық боксшы сылбырлық танытып, кездесудің аяғында қарсыласына тізгінді беріп қойды. Осындай жағдайда төрешілердің біреуінің төбелесті тең деп жариялауы көптеген көрермендердің түсінбестігін тудырды. «Әңгіме…

0
0
501