Оралда волейболдан «Достық» турнирі мәреге жетті
Орал қаласында волейболдан 1996-1997 жылғы жасөспірімдер арасында қалааралық V «Достық» турнирі мәреге жетті.
Оған Астрахан, Орынбор, Самара, Новокуйбышевск, Уфа, Атырау, Орал сынды қалалардан барлығы 9 команда қатысып, сынға түсті. Оралдықтар бірінші ойында уфалықтарды 3:0 есебімен тізе бүктірді. БҚО құрамасының бас бапкері Сергей Казактың сөзіне қарағанда, барлық командалар жақсы әзірленіп келген, басқа ойындар да тартысты болды.
Жарыс қорытындысында оралдықтар жеңіс тұғырына көтерілсе, уфалықтар екінші, астрахандықтар үшінші орынды еншіледі. Үздік ойыншылар да марапатталды.
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы

