Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Абзал Рақымғалиев халықаралық мәнерлеп сырғанау турнирінің қола жүлдегері атанды


Абзал Рақымғалиев

Миланда мәнерлеп сырғанаудан дәстүрлі «Ломбардия Кубогы» халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлады Sports.kz.

Ерлер арасындағы сында қазақстандық Абзал Рақымғалиев үшінші орынған ие болды. Алтын мен күміс жүлде швециялық Александр Майоров пен филиппиндік Кристофер Каллусаға бұйырды.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
269

Винокуровтың велосипеді төрт жастағы қыз баланың аяғын аман алып қалды

Төрт жасар Милена Мезенцева Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың велосипедін сатудан түскен қаражатқа ота жасаудың арқасында ақырындап жүре бастады, деп хабарлайды Vesti.kz. Миленаның аяқ сүйегі қатты өзгерген, туғаннан тобығы болмаған, соның салдарынан ол жүре алмайтын. 2012 жылдың қазан айында Қорған қаласында оған ота жасалып, жарты жыл емделгеннен кейін отбасымен Қазақстанға оралды. Миленаға тағы бірнеше сауықтыру курсын өтуге тура келеді, бірақ дәрігерлер бәрі жақсы болады деп болжап отыр. «Қазір Милена қабырғаға немесе ата-анасына сүйеніп, ақырындап жүре бастады, — дейді «Дом» қайырымдылық қорының үйлестірушісі Галина Кветкина. — Егер уақытында ота жасалмағанда, оның екі аяғын да кесіп алып тастауға тура келетін еді». Сондай-ақ, Айша Бексұлтанның да қалы жақсарып келеді, қыз ба…

0
0
360

Қазақстандық волейболшы қыздар Азия чемпионатының ширек финалында кореялықтарға есе жіберді


Қазақстандық волейболшы қыздар
Волейболдан Таиланд еліндегі Накхонратчасимада өтіп жатқан әйелдер арасындағы ХVII Азия чемпионатында Александр Гутор жаттықтыратын Қазақстан құрамасы бүгін ширек финалда Оңтүстік Корея спортшыларынан 0:3 (12:25 23:25 20:25) есебімен жеңіліс тапты.

Ал 1/8 финалдық сында Қазақстан құрамасынан 3:1 есебімен басым түскен жапондықтар ирандықтарды 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Бүгін сондай-ақ, австралиялықтар филипиндіктерді, моңғолиялықтар мьянмалықтарды гонконгтықтар шри-ланкалықтарды, тайландтықтар тайбэйліктерді дәл осындай есеппен жеңді.

21 қыркүйекке дейін созылатын бұл додада қазақстандықтардың өткен жылғы көрсеткішін жақсартуға мүмкіндігі бар. Атап айтқанда, былтыр 9-орынды қанағат тұтқан олар,биыл алдағы сында 4-8-орындарға таласатын болады.

АЛМАТЫ.  ҚазАқпарат - Автор: Ерлік Ержанұлы
0
0
826

«Шахтер» ПАОК-тан ұтылды


"Шахтер» ПАОК матч

Қарағандылық «Шахтер» Салоникада өткен Еуропа Лигасының матчында ПАОК-қа 1:2 есебімен есе жіберіп алды, деп хабарлады Sports.kz.

Тарихи кездесу Еуропа Лигасының топтық кезеңінің басында гректердің ПАОК құрамасы Шотландияның «Селтик» командасынан мықты екенін көбісі сөз қылды. Бұл кездесуде «Шахтердің» айы оңынан туатынына тек клубтың шынайы табынушылары ғана сенген-тін…

Келесі матчты қарағандылықтар 3 қазан күні Астанада Хайваның «Маккабиіне» қарсы өткізеді. Басталуы 22:00.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
277

«Барыс» сырт алаңдағы алғашқы ойынын жеңіспен бастады

Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымы аясында «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда алғашқы ойынын өткізіп, «Югра» командасын жеңді. Ханты-Мансийск қаласында өткен матчтың бірінші кезеңінде «Барыс» бірден шабуылға көшіп, шебер қорғана білді. «Юграның» хоккейшілері болса, қорғаныс кезінде ережені бұзып, бір айып шайбасымен (буллит) жазаланды. «Барыстың» капитаны Дмитрий Уппер ол буллитті іске асырды. Есеп — 1:0. Осыдан кейін Алексей Литвиненко және Брэндон Боченски таразы басын 3:0-ге жеткізді. «Юграның» еңсесі түсті. Алайда бірінші кезеңнің соңында олар есепті бір шайбаға қысқартты. Екінші кезеңде қарсыластар тағы бір шайбаны жіберіп қойды. Ал үшінші кезеңде Дастин Бойд дубль жасап, есеп айырмасын 6:1-ге дейін жеткізді. Ойынның соңына дейін «Югра» тек бір шайбамен ғана көзге түсті. Қор…

0
0
442

Екатерина Ларионова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды


батысқазақстандық балуан Екатерина Ларионова

19 қыркүйек күні кешкісін Венгрияда ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында батысқазақстандық балуан Екатерина Ларионова қола жүлдені жеңіп алды.

Ол 63 келі салмақта үшінші орын бәсекеде колумбиялық қарсыласын небәрі 30 секундта таза жеңіп, тұңғыш рет осындай табысқа қол жеткізді.

Әкесі Алексейдің жетекшілігімен жаттығып келе жатқан Екатерина бұдан екі жыл бұрын кадеттер арасында Азия, әлем біріншіліктерінде топ жарған болатын.

Ересектер арасында күреске түскеніне көп бола қоймаған Е.Ларионова биыл Қазанда өткен универсиадада қола жүлде үшін бәсекеде қарсыласына есе жіберген еді.

ОРАЛ.  ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
0
0
293

Жасөсіпірімдер арасында ІІІ Еуразия ойындарында Қазақстан құрамасы көш бастап келе жатыр

Алматыда Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Беларусь елдері жасөспірімдерінің ІІІ Еуразия ойындары өтіп жатыр. 17 қыркүйек күнгі есеп бойынша қазақстандықтардың қоржынында 14 алтын, 11 күміс, 4 қола медаль бар. Ресейліктер 14 алтын, 9 күміс, 6 күміспен екінші орында келе жатыр. Беларусь құрамасында 1 алтын, 2 күміс, 4 қола, ал Тәжікстан құрамасында 2 күміс, 3 қола бар. Қазақстан құрамасы командалық сында велоспорт бойынша шосседегі жарыс пен спорттық гимнастикада үздік шықты. Ал жекелей сында көпсайыстан Аким Мұсаев, ауыр атлетикадан Альберт Линдер (69 кг), грек-рим күресінен Алихан Ашмахан (35 кг), Ернұр Фидахметов (50 кг), Райымбек Құрманали (58 кг), таэквондодан Артур Ким (48 кг), Аяулым Сұлтанбаева (52 кг), Сұлтан Қалибекұлы (73 кг), Еркебұлан Абылхас (78 кг), дзюдодан Адия…

0
0
365

Дэвис Кубогы бойынша Қазақстанның қарсыласы анықталды


Голубев

Қазақстан Дэвис Кубогының әлемдік тобының алғашқы раундында Бельгиямен ойнайды, деп хабарлады Vesti.kz. Турнирдің жеребе салуы бүгін Лондонда болып өтті.

Қазақстандық команда үшін алдағы кездесу Астана қаласында қаңтардың аяғында өтеді. Турнир кестесінде құрама сегізінші орында екендігін атап өтейік.

Былтырғы жылы Қазақстан турнирдің жартылай финалына дейін жетіп, онда трофейдің қазіргі иегері Чехияға есе жібергендігін естеріңізге саламыз.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
313

Алматыда гольфтен дәстүрлі «Kazakhstan Open» турнирі басталды

Бүгін Алматыдағы «Нұртау» гольф-клубында кәсіпқой гольфшілер арасында ІХ «Kazakhstan Open» турнирі басталды. «European Challenge Tour» аясында өтіп жатқан бұл жарысқа биыл 132 спортшы қатысуда. Оның 100-і — Челлендж-тур рейтингінде үздіктер қатарында тұрғандар. Онда ел намысын кәсіпқойлар арасында Константин Лифанов, Марк Николс, Андрей Павлов, Александр Вонгай, Куртис Клемент, Александр Майоров, Сим Джей Донг, әуесқойлар арасында Канг Буюнг Ку пен Дәулет Төлеубаев қорғамақ. Жүлде қоры 400 мың еуроны құрайтын бұл турнир European Challenge Tour додасындағы ең ірі жарыстардың бірінен саналады. Елбасының бастамасымен 2005 жылдан бері ҚР Гольф федерациясы тұрақты ұйымдастырып келе жатқан бұл бәсекенің негізгі сайысының алдында өтетін Pro-Am (мастер-класс) матчы қазақстандық әуесқой гольфшілер…

0
0
244

Жоғары хокей лигасында «Қазцинк — Торпедо» көш бастап тұр

Кеше Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедосы» сырт алаңда «ВМФ-Карелия» (Карелия Республикасы, Ресей) командасын жеңіп, ұпай саны жағынан Жоғары хоккей лигасында бірінші орынға көтерілді. Кешегі ойын — «Қазцинк-Торпедо» хоккейшілерінің сырт алаңдағы алғашқы матчы. Бұған дейін олар өз алаңында үш ойын өткізіп, үшеуінде де жеңіске жеткен. Осы жолы да «Қазцинк-Торпедоның» мерейі үстем болды. Ойынның бірінші кезеңінде-ақ Өскемен хоккей клубының жігіттері қарсыластардың қақпасына үш бірдей шайбаны кіргізді. Константин Савенков дубльдың авторы атанса, Евгений Рымарев үшінші шайбаны шебер сала білді. Одан кейін Юрий Сергиенко «ВМФ-Карелияның» қақпашысын төртінші рет қапы қалдырды. Қарсыластар болса, ойынның әрбір кезеңінде бір-бір шайбамен жауап берумен болып, есеп айырмасын 4:3-ке дейін қысқартты.…

0
0
380