Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

«Барыс» мәскеулік «Динамоны» тізе бүктірді

«Барыс» хоккей клубы өз алаңында мәскеулік «Динамоны» жеңді. Бұл ойында төрешілердің мәскеулік командаға болысқаны барынша байқалды. Екінші кезеңде қарсыластар есепті бірінші болып ашса да, «Барыстың» хоккейшілері біраз арпалысып, таразы басын теңестіре білді. Алайда кезеңнің аяқталуына санаулы уақыт қалғанда, төрешілер болмашы жерде астаналық клубтың ойыншысына екі минуттық айып тақты. «Динамо» бір хоккейшіге артық ойнап, тағы бір шайбаны соғып кетті. Есеп — 2:1. Осымен екінші кезең де аяқталды. Үшінші кезеңнің басында төрешілер «Барыстың» екі бірдей ойыншысын мұз айдынынан аластатып, мәскеулік клубқа үшінші шайбаны салуға мүмкіндік берді. Есеп — 3:1. «Барыстың» еңсесі түсіп, сағы сынғандай болды. Алайда он минуттың ішінде астаналық клубтың хоккейшілері нағыз батылдық танытты. Роман Савч…

0
0
443

«Қазақстан» мен «KAZспорт» телеарналары Ирландия-Қазақстан матчын көрсетеді


«Қазақстан» мен  «KAZспорт» телеарналары Ирландия мен Қазақстан арасындағы 2014 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу матчын тікелей эфирде көрсетеді.

Бұл туралы республикалық спорттық«Sports.kz» интернет-порталына «KAZспорт» телеарнасының директоры Диас Ахметшәріп хабарлады.

- Қазақстан құрамасының Ирландия құрамасымен қонақтағы матчы 15 қазанда өтеді, Астана уақытымен 00:45-те «Қазақстан» және «KAZспорт» біздің құраманың сырт алаңдағы жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді. Біз бұл ойынға құқықты сатып алдық және оны біздің жанкүйерлерімізге көрсетеміз,- деді Д.Ахметшәріп.

0
0
355

Біз халықаралық «Тур Алматы» веложарысын жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз — А. Есімов

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Олимпиада чемпионы Александр Винокуровты қабылдады. Кездесуде «Тур Алматы» веложарысының қорытындылары әңгімеленді. «Александр Винокуров Алматы әкіміне Қазақстанда алғашқы велотур өткізуді ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді. Ол аталған спорттық шараның халықаралық спорттық қоғамдастықта оң өзгеріс туғызғандығын жеткізді. UCI эксперттері атап өткендей, трасса мен жарысты ұйымдастыру өте жоғары деңгейде болды. Велоспорт әлеміндегі мұндай есте қаларлық оқиғадан кейін бұдан да жоғары жарыстарды өткізуге мүмкіндігіміз мол», — деді Александр Винокуров. Александр Винокуров 2017 жылғы Әлем чемпионатын өткізуге ең қолайлы орын Алматы деп атап өтті. «Әкім ретінде маған қалалықтардың бұл спорттық шараға деген оң көзқарасын бақылау әрі аңғару жақсы әсер қалдыр…

0
0
379

Волейболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан кубогының ширек финалына қатысушылар анықталды

Теміртауда 2-7 қазан күндері волейболдан әйелдер командалары арасында ХХІ Қазақстан кубогының алғашқы кезеңі өтті. Онда 10 команданың арасынан үздік шыққан 5 команда 16-23 қазан күндері болатын ширек финалдық ойындарға жолдама алды. Енді «Қарағанды», «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс»( Өскемен), «Қостанай» және «Металлург АМТ» (Теміртау), «Қуаныш және К» (Солтүстік Қазақстан облысы) волейболшылары «Астана», «Алматы» және «Ертіс-Қазхром»(Павлодар) командаларымен бірге жартылай финалға шығуға таласады. Олардың қатарын соңғы жылдары ел чемпионаты мен кубогының иегері болып жүрген «Жетісулықтар» (Талдықорған) толықтырмақ. «Қарағанды», «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс», «Жетісу», «Астана» — Ұлттық лигада өнер көрсететін ұжымдар. Ал «Қостанай» Жоғары лиганың «А» дивизионында, «Қуаныш және К» оның «Б» дивизионында б…

0
0
255

Жағажай волейболынан «Гранд Слам» әлемдік турында Қазақстан құрамасы негізгі кезеңді бастады

Бразилияның Сан-Паулу қаласында жағажай волейболынан «Гран Слам» әлемдік турының кезеңдік жарысы өтуде. Бүгін жарыстың негізгі кезеңінің сайыстары басталды. Бұл сында Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко Польша спортшыларымен кездессе, Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова АҚШ және Бразилия спортшыларымен 2 ойын өткізуде. Ал кеше дәрежелік 1-кезеңде украиндықтарға 0:2 есебімен ұтылып, 41-орынға табан тіреген Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов рейтингтік қоржынына түскен 80 ұпайды қанағат тұтты. Олар биылғы маусымда жалпы 10 жарысқа қатысып, 8 рет 41-інші, 1 рет 25-інші, 1 рет 17-ініш орын алып, рейтингтік қоржындарына 1050 ұпай сала алды. Ертең енді ел құрамасының үздіктері саналатын Т.Машкова мен И. Цимбалова нидерландылықтармен, А. Сидоренко мен А.Дьяченко Пуэрто-Рико және Латвия елі…

0
0
228

«Шахтер» және «Ордабасы» жаттықтырушылары бірі-бірінен бұқара алдында кешірім сұрады

«Шахтер» және «Ордабасы» футбол клубтарының бас жаттықтырушылары Виктор Кумыков және Виктор Пасулько Қазақстан футбол қауымдастығының ресми сайты арқылы ҚР чемпионатының XXIX турындағы ойын аяқталғаннан кейін болған оқиға үшін бір-бірінен бұқара алдында кешірім сұрады. Атап айтқанда, В.Пасулько жарыстан кейін өткен мәжілісте «Шахтёр» командасына қатысты айтқан сөздері үшін, ал В.Кумыков аттасының айтқан сөздерінен кейін ұстамсыздық танытқаны үшін кешірім сұрады. Бапкерлердің татуласуына байланысты В. Пасулько В. Кумыковты жазалау туралы жазған арызын қайтарып алды. «Шахтер» және «Ордабасы» командаларының жетекшілері арасында Қарағандыда өткен Қазақстан премьер-лигасының 29-шы турының жарыстары аяқталғаннан кейін жанжал туған. Жарыс 3:0 есебімен қарағандылықтардың жеңісімен аяқталды. Жарыс…

0
0
285

«Барыстың» бүгінгі қарсыласы — мәскеулік «Динамо»

Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңда мәскеулік «Динамо» командасын қабылдайды. Айта кетейік, Мәскеу қаласының хоккей клубы осы уақытқа дейін он бес ойын өткізді. Соның бесеуінде ұтылса, он матчта жеңіске жеткен. Команданың еншісінде 31 ұпай бар. Құрлықтық хоккей лигасының жалпы турнирлік кестесінде ол «СКА»-дан (33 ұпай) кейін екінші орында тұр. Үшінші орында — «Барыс». Бұған дейін өткізген он екі матчта астаналық клуб өз қарсыласынан он рет басым түскен болатын. Бұл — үлкен жетістік. Қазір «Барыста» 29 ұпай бар. Оған қоса, ол өзінен жоғары тұрған командалардан үш ойыны кем. Демек, қосымша ұпай жинап алуға толық мүмкіндік бар. Бүгінгі ойын Астана уақыты бойынша кешкі сағат 19:00-де басталады. Оны «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетеді. АСТАНА. ҚазАқпарат - Ав…

0
0
324

«Барселона» бағын сынап көрмек

Ағылшын премьер-лигасының VII турында сәтті өнер көрсеткен «Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Аднан Янузайды «Барселона» өз қатарына шақырмақ. Манкуниандық команда мен Аднан Янузай арасындағы келісім-шарт осы маусым соңында өз күшін жояды. Одан кейін футболшының қандай алпауыт футбол ұжымында ойнауы өз қолында. Әзірге 18 жастағыжартылай қорғаушыға «Ювентус», «Бавария» және «Барселона»командалары қызығушылық танытып отыр. Алдағы маусымда бельгиялық футболшы «қызыл сойқандармен» келісім-шартын ұзартпайтын болса, «Барселона» басшылығы Янузайдың ең бірінші каталондық команданы таңдайтынына сенім білдіріп отыр. Осыған дейін мәлім болғандай «Манчестер Юнайтед» Аднан Янузаймен келісім жасасып, аптасына 60 мың фунт жалақы төлейтінін хабарлаған болатын. Сонымен қатар, «қызыл сойқандардың» жас…

0
0
268

Роналдинью Еуропаға оралғысы келеді

Бразилиялық «Атлетико Минейро» командасының жартылай қорғаушысы Роналдинью өзінің спорттық мансабын Еуропада аяқтағысы келеді. Ол осыған дейін Еуропаның «ПСЖ», «Барселона» және «Милан» клубтарында ойнаған болатын. Әлемге танымал жартылай қорғаушы өзінің Еуропадағы спорттық мансабын 2001 жылы «ПСЖ» сапында бастаған. 2001-2003 жылдар арасында «Пари-Сен-Жирмен» клубында ойнаған футболшы 55 кездесу өткізіп, 17 гол соққан екен. Кейіннен Рональдиню «Барселонаға»ауысты. Футболшының спорттағы жұлдызы осы каталондық команда сапында жанды десек болады. - Қазіргі таңда «ПСЖ» Еуропадағы алпауыт командалардың қатарында. Мен спорттық мансабымды осындай ірі клубта аяқтағым келеді. Бірақ бұл туралы әлі толық ойланбаппын – деді Роналдинью. Естеріңізге сала кететін болсақ, осыған дейін ағылшынның әйгілі фу…

0
0
221

Ауыр атлетика: А.Өтешов пен В. Седов — әлем чемпионатының фавориттері

Спорттық totallympics форумының қолданушылары ауыр атлетикадан Польшада өтетін әлем чемпионатын қазақстандық Алмас Өтешов пен Владимир Седовты 94 келі салмақта фаворит санайды.

Форум қолданушылары Седов пен Өтешов 94 келінің алтынына таласады және алтынды осы екі спортшының бірі иеленеді деген болжам жасап отыр.

Ал басқа салмақта сынға түсетін қазақстандықтар үштікке енетіндер қатарында жоқ, деп хабарлайды «Аламан».

0
0
762