Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Жетісулық волейболшылар Қазақстан кубогын 7-ші рет иеленді

Қарағандыда 27-28 қазан күндері волейболдан әйелдер командалары арасында ХХІ Қазақстан кубогының жартылай және ақтық ойындары өтті. Ел чемпионатының жеңімпазы және ел кубогының иегері ретінде жарысты бірден жартылай финалдан бастаған Талдықорғанның «Жетісуы» биыл да Қазақстан кубогын өзінде сақтап қалды. Олар бұл жолы алдымен алаң иелерін (21:25, 25:22, 25:21, 27:25), одан кейін алматылықтарды да дәл сондай 3:1 есебімен (25-19, 19:25, 29:27, 25:19) ұтты. Ал жартылай финалда Павлодардың «Ертіс-Қазхромынан» 2:3 (25:20, 13:25, 25:19, 23:25, 10:15) басым түскен «Алматы» волейболшылары күміс жүлдегер атанды. Жалпы Қазақстан кубогын бұған дейін 1999 жылы Астананың «Астана қанаты» иеленсе, 2000-2005, 2007 жылдары Алматының «Рахаты» 7 дүркін жеңіп алған болатын. Енді олардың рекордын Талдықорғанн…

0
0
379

Хромтаулық волейболшы жігіттер тұңғыш рет Қазақстан кубогын иеленді

Хромтауда 27-28 қазан күндері волейболдан ерлер командалары арасында ХХІ Қазақстан кубогының жартылай және ақтық ойындары өтті. Бұған дейін 16-23 қазанда өз алаңыңындағы ширек финалда 4-орын алып, жартылай финалға әупірімдеп жүріп өткен алаң иелерінің «ТНК Қазхромы» өз жанкүйерлерін үлкен қуанышқа кенелтті. Олар жартылай финалда «Конденсат-Жайықмұнай» (Орал), ал финалда «Алматы» командаларын 3:0 есебімен ойсырата ұтып, өз тарихында тұңғыш рет ел кубогын иеленді. Бұған дейін оған Алматы қаласының волейболшылары 7 рет, теміртаулықтар мен семейліктер — 2, қызылжарлықтар павлодарлықтар, талдықорғандықтар — 1 мәрте қол жеткізген болатын. Атап айтқанда алматылықтардан 1993 жылы «Азамат», 1997 жылы «РКС-2» 2003-2005 жылдары «Рахат-ЦСКА», 2007, 2008, 2011 жылдары «Алматы» командалары үздік шықты.…

0
0
459

Дычконың шаршы алаңға қайта оралуы өзіне байланысты — Мырзағали Айтжанов

Дычконың жағдайы Қа­зақс­тан боксының барлық жан­күйер­лерін алаңдатып отыр. Деген­мен, ұлттық құрамамыздың бас бапкері Мырзағали Айтжанов Дычконың халі жақсарғанын айтып сендіруде, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы. «Ваня қазір өзіне келді. Денсау­лы­ғы жақсы. Алайда оның шаршы алаңдағы болашағы өзіне ғана байланысты. Әлбетте, физикалық тұрғыда біз оны жар­ты жылдың ішінде-ақ қайта бабына келтіре аламыз. Бірақ психологиялық тұрғыдан алғанда бұл нокауттан қорытындыны өзі шығаруы тиіс. Жалпы, өз басым, мұндай боксшы­ны жоғалтып алғым келмейді. Әлі жас. Өмірі алда. Егер бабына қайта келсе, әлем чемпионаттарында да, Олимпиада ойындарында да жеңіске жететін болады. Біз оған 2014 жылдың сәуіріне дейін уақыт береміз. Демалсын, тынық­сын, барлығын ұмытсын. Одан кейін не боларын көреміз. Бір­неше…

0
0
616

«Барыс» клубы В.Крикуновтың командасымен ойнайды

Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Нефтехимик» (Ресей, Нижнекамск) командасын қабылдайды. Бүгінде Нижнекамск қаласының хоккей клубын «Барыстың» экс-бапкері Владимир Крикунов жаттықтырады. Ол үшін биылғы чемпионат сәтті басталды. Команда алғашқы ойында «Ақ Барсты» (Қазан) жеңді. Алайда кейінгі уақытта 8 рет қатарынан ұтылды. Ал соңғы екі матчта «Нефтехимик» хоккей клубы «Юграны» 6:3 есебімен ұтса, «Автомобилистке» (2:3) жол беріп қойды. Қазір бұл команда Жоғары хоккей лигасының жалпы турнирлік кестесінде 23-ші орында тұр. Оның еншісінде 23 ұпай бар. «Барыстың» ұпай саны екі есе артық — 46. Сырт алаңда өткізген соңғы төрт ойында команда өз қарсыластарын жеңе білді. Бірақ өз алаңында болған екі матчта «Металлург» (Магнитогорск) және «Тракторға» (Челябі) жол беріп қойды.…

0
0
178

«Алтын доптан» үміткерлер белгілі болды

Халықаралық футбол қауымдастығы (ФИФА) «Алтын доптан» үміткер аяқ доп шеберлерінің тізімін жариялады. Бұл туралы қауымдастықтың ресми сайты хабарлап отыр. «Алтын допқа» үміткерлер арасында 2012/2013 маусымдағы Чемпиондар Лигасының жеңімпазы мюнхендік «Бавария» сапынан 6 бірдей футболшы еніп отыр. «Алтын допқа» үміткерлер тізімі: Гарет Бэйл («Реал», Уэльс), Луис Суарес («Ливерпуль», Уругвай), Эдинсон Кавани («ПСЖ», Уругвай), Радамель Фалькао («Монако», Колумбия), Эден Азар («Челси», Бельгия), Златан Ибрагимович («ПСЖ», Швеция), Андрес Иньеста, Хави (екеуі де — «Барселона», Испания), Филипп Лам, Бастиан Швайнштайгер, Томас Мюллер, Мануэль Нойер (барлығы да — «Бавария», Германия), Месут Озил («Арсенал», Германия), Роберт Левандовский («Боруссия», Польша), Лионель Месси («Барселона», Аргентин…

0
0
539

Былтыр елімізде лотерея қызметінен түскен салық 400 млн. теңгеден асты

Лотерея қызметінен мемлекетке түскен салық төлемдері 2012 жылы 400 млн. теңгеден асты. Бүгін Парламент Мәжілісінде «Лотереялар және лотереялар қызметі туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов осылай мәлім етті. Агенттік басшысының айтуынша, бүгінгі күні Қазақстанда лотерея ойындарының қызметі арнайы заң жүзінде реттелмей келеді. «Қазіргі күні елімізде лотереяны ұйымдастыру мен басқаруға қатысты 70 лицензияланған шаруашылық субъекті бар, бәрі қазақстандық ұйым. Олардың нақты қызметті жүзеге асырып жатқандары 10 ұйым ғана. Ал лотерея өткізуден мемлекетке түскен салық пен басқа да төлемдер мөлшері 2009 жылы 48 млн. теңгені құраған болатын. 2010 жылы бұл көрсеткіш 150 млн. теңгені құраса, 2011 жылы 200 млн. теңге, а…

0
0
405

Ағайынды Кличколар Тараз маңындағы балалық шақтарын өткізген ауылға барды

Украина боксшылары Владимир мен Виталий Кличколар
Танымал Украина боксшылары Владимир мен Виталий Кличколар өздерінің балалық шақтары өткен Тараз маңындағы Луговое ауылында болды, деп хабарлады Vesti.kz.  

Алдымен боксшылар Тараз қаласына ұшып келгеннен кейін, облыс әкімі Қанат Бозымбаевпен, туризм және спорт басқармасының жергілікті шенеуніктермен кездесті. Сонымен бірге ағайынды Кличколар жақында ашылған Спорт сарайында болды. Кейін олар бұрындары Луговое деп аталған Құлан ауылына барды.

Олардың балалық шақтары осы ауылда өткен. Еске сала кетейік, ағайынды Кличколар 26 қазан күні Алматыда өткен бокстан әлем чемпионатының финалдық кездесуіне құрметті қонақтар ретінде қатысқан болатын.

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
348

С. Хижниченко Украинаға ауыса ма?..

Сергей Хижниченко

Армения құрамасының екі ойыншысы Артур Саркисов мен Маркос Пизелли «Ақтөбе» командасына келуі мүмкін. Бұл туралы армениялық басылымдар жазып жатыр. Саркисов қазір ресейлік «Урал», ал Пизелли «Краснодар» клубында ойнайды.

Қазір «Ақтөбе» сапында Армения құрамасының ойыншысы Роберт Арзуманян ойнайды, деп хабарлайды «Аламан».

Сондай-ақ «Шахтер» клубында ойнайтын колумбиялық Рохес Каньяс келер жылы не «Қайратқа», не «Ақтөбеге» ауысуы мүмкін. Екі клуб та ойыншыға ұсыныс жасап отыр. Бірақ бір талаппен: Каньяс Қазақстан азаматтығын алуы тиіс.

Ал «Шахтер» клубының ойыншысы Сергей Хижниченкоға Украинаның «Карпаты» клубы қызығушылық танытуда.

0
0
269

«Барыстың» құрамында бірқатар өзгерістер болады — бас бапкер

Кеше Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Трактордан» 1:5 есебімен ұтылды. Осы ойыннан кейін бас бапкер Ари-Пекка Селин команда құрамына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады. «Шыны керек, қарсыластар жақсы тәртіп пен тасқамал қорғанысты көрсете білді. Біз болсақ, ойланбай ойнадық. Шабуылдарымыз баяу шығып, соның салдарынан шайба да соғылған жоқ. Бәлкім, команда психологиялық жағынан шаршап қалған болар. Дегенмен, бізде жақсы ойнаймын деген бірнеше хоккейші болған. Ал шын мәнінде олай болмай шықты. Сондықтан келесі матчқа дейін біз команда құрамына бірқатар өзгерістер енгізу мәселесін ойластырамыз», — деді «Барыстың» бас бапкері Ари-Пекка Селин. Айта кетейік, «Барыстың» келесі ойыны ертең, 30 қазан күні өтеді. Команда өз алаңында «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасын қабыл…

0
0
279

Ауыр атлетика: Алаш елі алтыншы орында

Алмас Өтешов екінші

Польшаның Вроцлав қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Негізі жастардан жасақталған ұлттық құрамамыз 1 күміс, 1 қола иеленіп жалпыкомандалық алтыншы орынды Әзірбайжан құрамасымен бөлісті.

Біріншіліктің жеңімпазы Ресей, екінші сатыда «әліптің артын баққан» Қытай, ал үшінші Солтүстік Корея. Өзбекстан командасы кішігірім «сенсация» қылды, 1 алтын және 1 қола еншілеген ала шапанды көршілеріміз жалпы есепте төртінші. Жалқы алтынның жалына жармасқан Тайвань бестікке ілінді.

Ауыр атлетикадан 2014 жылғы әлем чемпионаты елордамыз Астанада өтеді. Аталмыш додада Рио-де-Жанейро олимпиадасының алғашқы жолдамалары сарапқа салынады. Бұл туралы alaman.kz хабарлады.

0
0
561