Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Таразда Д. Қонаевты еске алуға арналған халықаралық турнир өтуде


Таразда күрестен халықаралық турнир өтуде, іс-шара қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты еске алу мақсатында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Жамбыл облысының дене шынықтыру және спорт басқармасынан.

Турнирге жалпы тоғыз команда (Ресей, Қырғызстан, АҚШ, Канада, Беларусь, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан) қатысып отыр. Жеті салмақ дәрежесі бойынша (55-120 кг) 200 балуан «Тараз-Арена» Спорт сарайында додаға түспек. Жамбыл облысының атынан мықты деген 9 балуан — олимпиада жүлдегері Ақжүрек Таңатаров, жастар арасындағы әлем чемпионаттарының жүлдегерлері Мейіржан Әшіров пен Нұрсұлтан Найзабеков, т.б. қатысады.

0
0
416

«Алтын доптан» үміткерлердің тізімі белгілі болды


"Алтын доп"

FIFA мен France Football басылымы «Алтын доптан» үміткер 10 футболшының тізімін жариялады .

FIFA сайтының хабарлауынша, бапкерлер, команда капитандары, журналистер 10 қыздың арасынан биылғы жылдың үздік футболшысын анықтайды. Тізімге әдеттегідей Марта енді. Ол 5 дүркін әлемнің ең үздік футбол ойнайтын нәзік жанды атанған еді.

Үміткерлердің толық тізімі:

Надин Ангерер (Германия), Нилла Фишер (Швеция), Лена Гесслинг (Германия), Саки Кумагаи (Жапония), Марта (Бразилия), Алекс Морган (АҚШ), Юки Огими (Жапония), Лотта Шелин (Швеция), Кристин Синклер (Канада), Эбби Вамбах (АҚШ).

Ерлер арасындағы «Алтын доптан» үміткерлер тізімі 29 қазан күні белгілі болады.

0
0
386

Бокстан Әлем чемпионаты мәресіне жетті

Бокстан 14 қазан күні жалауын көтерген Әлем чемпионаты да мәресіне жетті. Мырзағали Айтжанов баптайтын Қазақстан құрамасы 4 алтын, 2 күміс және 2 қола иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға көтерілді. 49 келі Бұл салмақ дәрежесінде жерлесіміз Біржан Жақыпов қарсыластарының барлығына мықтылығын танытып, алтыннан алқа тақты. Жерлесіміз алтын алқаға оңай қол жеткізген жоқ. Ресейлік Белик Галановты, пуэрто-рикалық Чакон Риберуды, жартылай финалда кубалық Йосбани Вейтиа Сотоны тізе бүктірді. Ал ақтық сында алжирлік Мохаммед Флиссиді сенімді түрде жеңді. Осылайша Қазақстан құрамасында 2005 жылдан бері тер төгіп келе жатқан Оңтүстік Қазақстан өлкесінің тумасы Әлем чемпионы атанды. Енді Біржанның шаршы алаңға шығу, шықпауы алдағы уақытта белгілі болмақ. Алтын – Біржан Жақыпов (Қазақстан)…

0
0
733

Премьер-Лига. Бәрі соңғы турда шешіледі

Футболдан ел премьер-лигасының XXXI тур ойындары аяқталды. «Ақтөбе» сырт алаңда «Астанаға» есе жіберіп, мерзімінен бұрын чемпиондық атаққа қол жеткізе алмады. «Астана» — «Ақтөбе» Осы турда Владимир Никитенко командасына барлығын шешіп тастауға болатын еді. Алайда «Астана» өз алаңында соңғы үмітін жоғалтқысы келмеді. Мұны алғашқы минуттардан-ақ дәлелдеді. 15 минутта Патрик Твумасидың соққан голы кездесудің соңына дейін сақталды. Енді ел чемпионы 2 қарашадағы соңғы турда шешілетін болды.«Ақтөбе» өз алаңында «Ордабасыны» қабылдаса, Йоан Андоне командасы «кеншілер» ұжымында қонақта болады. «Астана» — «Ақтөбе» 1:0 (1:0).Астана қаласы. «Астана Арена». Бас төреші: Игорь Хисамутдинов.Гол: Патрик Твумаси 15 (1:0). Сары қағаз алды:Нөсербаев 53, Ахметов 76, Зелао 84, Коробкин 89.«Астана»:Ненад Эрич,…

0
0
480

Хоккей: «Қазцинк-Торпедо» Ижевск қаласының құрамасын жеңді

Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы

Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы өз алаңында «Ижсталь» (Ресей, Ижевск) командасынан басым түсті.

Матчтың алғашқы шайбасын «Қазцинк-Торпедоның» хоккейшілері салды. Екінші кезеңде есеп өзгерген жоқ. Ал үшінші кезеңде «Ижсталь» таразы басын теңестірді. Осыдан кейін ойын қосымша уақытқа, яғни овертаймға ұласты. Онда Өскемен қаласының хоккей клубы табандылық танытып, екінші шайбасын соғып кетті. Қорытынды есеп — 2:1.

Айта кетейік, осы ойында «Қазцинк-Торпедо» екі ұпайды олжалады. Бүгінде команданың еншісінде барлығы 35 ұпай бар. Ол жалпы турнирлік кестеде тек «Торосқа» (36 ұпай) ғана жол беріп отыр.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
0
0
431

Волейболдан ерлер арасындағы Қазақстан кубогының ақтық сайыстары Хромтауда өтеді

Хромтауда 27-28 қазан күндері волейболдан ерлер командалары арасындағы ХХІ Қазақстан кубогының жартылай және ақтық сайыстары өтеді. Бұған дейін онда 16-23 қазанда ширек финалдық ойындар өткен болатын. Онда үздік шыққан «Конденсат-Жайықмұнай» (Орал), «Алматы», «Павлодар» мен «ТНКҚазхром» (Хромтау) командалары жартылай финалға шықты. Енді 27-сі күні алматылықтар мен павлодарлықтар, оралдықтар мен хромтаулықтар өзара күш сынасады. Өз қарсыласын ұтқандар келесі күні ақтық сында ел кубогын сарапқа салса, жеңілгендер үшінші орынға таласады. Ширек финалда алматылықтар 3:1 (25:27, 25:21, 25:16, 25:21) есебімен қарсыласын ойсыра ұтса, оралдықтар алаң қожайындарына 2:3 есебімен (25:15, 26:28, 25:21, 19:25, 16:18) жеңіліс тапқан болатын. Ал жалпы есепте оралдықтар 18 ұпаймен бірінші, алматылықтар 16…

0
0
313

Букмекерлер Головкиннің Стивенсті жеңетініне шүбә келтірмейді

Геннадий Головкин

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин американдық Кертис Стивенсті айқын басымдықпен ұтады.

Букмекерлердің көбі осындай пікірде, деп хабарлады Vesti.kz тілшісі.

«Олимп» букмекерлік кеңсесінің мәліметтері бойынша кездесудің есебі төмендегідей болады деп болжануда: Голвкиннің жеңісі — 1,13, Стивенстің жеңісі — 7,19.

Еске сала кетейік, кездесу 2 қараша күні Нью-Йорктегі әлемдегі ең танымал ареналардың бірі — «Медисон Сквер Гарденде» өтеді.

0
0
297

Бүгін бокстан Әлем чемпионатының жартылай финалдық ойындары өтеді

Бүгін Алматыда өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатының жартылай финалдық ойындары өтеді. Онда күндізгі сессияда Біржан Жақыпов (49 кг) кубалық Иосбани Вейтиа Сотомен, Қайрат Ералиев (56 кг) әзірбайжандық Жавид Шалабиевпен, Мерей Ақшалов (64 кг) бразилиялық Евестон Лопеспен, Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) итальяндық Клементе Руссомен күш сынасады. Кешке Берік Әбдірахманов (60 кг) кубалық Лазаро Естрадамен, Данияр Елеусінов (69 кг) германиялық Аражик Марутжанмен, Әділбек Ниязымбетов (81 кг) өзбекстандық Ойбек Мамазулуновпен, Иван Дычко (+91 кг) германиялық Ерик Пфеифермен ақтық сынның жолдамасына таласпақ. Егер қазақстандықтар бұл сында басым түссе, Біржан ертең Давид Родригуез бен Мохамед Флисси жұбының, Қайрат Микола Бутсенко мен Владимир Никитин жұбының, Мерей Васниер Лопез бен Мунх-Ердене Ур…

0
0
396

Польшадағы Әлем чемпионатында азиялық ауыр атлеттер көш бастауда

Ауыр атлетикадан Польшаның Врочлау қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында азиялықтар алда келеді. Атап айтқанда 3 алтын, 1 күміспен Қытай бірінші, 1 алтын, 2 күміспен Корея Халықтық-Демократиялық Республикасы екінші, 1 алтынмен Тайвань үшінші орында келе жатыр. Бір-бір күміс бар Әзірбайжан мен Эквадор төртініш орынды, ал бір-бір қоласы бар Вьетнам, Колумбия, Мексика, Ресей жәнен Тайланд құрамалары 6-орынды өзара бөлісуде. Атап айтқанда, ерлер арасында корейлік Ом Юн Чхоль (56 кг) мен қытайлық Ли Юн Чен (62 кг), әйелдер арасында қытайлық Тянь Юань (48 кг) мен Ли Яцзюнь (53 кг), тайваньдық Куо Син Чунь (58 кг) өз елінің әнұранын шырқатты. Бүгін енді әйелдер арасында 63 келідегі, ерлер арасында 69 келідегі жеңімпаздар анықталады. Бұл сайыста ел намысын Сәуле Сәдуақасова (63 кг) мен Альберт…

0
0
385

105 гол соққан қақпашы-сұрмерген

Спортта қаншама қызықтар бар, әсіресе футбол тарихында қандай қызықты жағдайлар болды десеңізші. Мынандай атауды естіп көріп пе едіңіз? Қақпашы-сұрмерген. Біреуіңіз біліп, біреуің білмейтінде шығарсыздар. Футбол тарихында ең көп гол салған қақпашы — Рожерио Сени. «Аламанның» жазуынша, Сенидің еншісінде шамамен 105 гол бар. Бразилиялық «Сан-Паулудың» қақпашысы көбінесе айып добы мен пенальти тебу арқылы еншісіне осыншама голды жазған. Рожерио ардагер ойыншы болғанмен қатар рекордшы қақпашы ретінде тарихта қалмақшы. Рожерио Сени 1973 жылы 22 қаңтар күні Бразилияның Парана штатында дүниеге келген. Жастайынан футболға қызыққан жас өрен 14 жасында Пату-Бранку ауданындағы «Синоп» клубының жастар құрамына енеді. Кейін 1992 жылы «Сан-Паулудың» құрамына енгеннен кейін қосалқы құрамда жүре тұрды. Қ…

0
0
316