Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Оралдың «Ақжайығы» кәсіби футбол лигасы кубогының жеңімпазы атанды

Оралдың «Ақжайығы»

Алматы қаласында Оралдың «Ақжайығы» мен қарағандылық «Шахтердің» қосалқы құрамдары кәсіби футбол лигасының кубогын сарап салды.

Бірінші таймда оралдықтардан Еркін Тапалов мергендік танытып, жеңіс добын соқты. Жиырма жасар Е.Тапалов биыл жас ойыншы ретінде премьер-лига ойындарына да қатысқан болатын. Соның ішінде «Атыраумен» Оралда өткен соңғы ойында қонақтар қақпасын дәл көздеген еді.

Негізгі құрам бірінші лигаға түсіп қалса да, «Ақжайықтың» жас ойыншылары, міне, осындай табысқа қол жеткізіп отыр.

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
0
0
381

Қазақ балуаны Шәміл Серіковтің отбасы FILA марапатын «Динамо» спорт қоғамына тапсырды

1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарының чемпионы, 2 дүркін Әлем чемпионы, КСРО және Еуропа чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, даңқты балуан Шәміл Серіковтің отбасы Халықаралық біріккен күрес стилі федерациясы (FILA) берген марапатты «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамына тапсырды. Өткен айда Будапешт қаласында қазақ күресі үшін өте қуанышты жағдай болған еді. Онда FILA Шәміл Серіков есімін дүниедегі теңдесі жоқ палуандар қатарына қосып, даңқ мұражайына енгізген болатын. «Шәміл Серіков қысқа ғұмырында біздің «Динамо» спорт қоғамында жүріп Олимп шыңдарын бағындырып, қазақ палуандарының мәртебесін көтерді. Ондай балуан 100 жылда бір туады десек артық болмас. Бапкерлер әрдайым оның күресу тәсіліне үлкен таңданыс білдіретін. 5 жыл ішінде спорт шебері атанып, одан кейінгі бес…

0
0
592

Қарағандының «Шахтері» Голландияның «АЗ Алкмаар» құрамасынан ұтылды

Қарағандының «Шахтер» командасы

Қарағандының «Шахтер» командасы Еуропа Лигасының топтық кезеңінің төртінші турында Голландияның «АЗ Алкмаар» командасынан ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алкмаар стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды.

«Шахтер» бұл матчқа жартылай құраммен шықты. Голландияға барлығы 14 ойыншы барды. Жексенбі 10 қараша күні қарағандылық футболшылары Қазақстан Кубогының финалында «Тараз» командасымен кездеседі.

28 қараша күні Астанада «Астана-Арена» стадионында өтетін келесі ойында «Шахтер» Грекияның ПАОК құрамасын қабылдайды. Ал «АЗ Алкмаар» дәл сол күні Голландияның «Маккабиімен» кездеседі.

0
0
269

«Қайрат» құрамын жаңартпақ

Ел премьер-лигасының қола жүлдегері алматылық «Қайрат» жаңа құрам жасақтау мақсатында футболшыларға қызығушылық таныта бастады. Бас бапкер Владимир Вайсстың бір ойлағаны бар шығар… Осыдан бірнеше күн бұрын Владимир Вайсс командасы алдағы трансфер кезеңінде Қазбек Гетериев, Антон Землянухин, Руслан Сахалбаев, Рауан Сариев және Тимур Байжановты сатылымға қоятынын жариялаған болатын. Ал бүгін Илья Калинин мен Владислав Нехтийді жалға беретінін мәлімдеді. Сонымен қатар, Стюард Дафф, Даниэль Аддо, Виталий Ли және Ильдар Шайхесламов пен «Қайрат» арасындағы келісім-шарт мерзімі аяқталды. «Қайрат» «кеншілер» қатарындағы премьер-лиганың үздік жартылай орталық қорғаушысы Никола Василевичке, еурокубок жолында өзін жақсы қырымен көрсете білген Роджер Каньясқа қызығушылық танытуда. Сонымен қатар, «Тоб…

0
0
411

Мадридтік «Реал» Versace-мен келісімге отырды

Мадридтік «Реал» мен әлемге әйгілі италияндық Versace компаниясы серіктес атанды. «Корольдік клуб» аты әйгілі компаниямен бір жылдық келісімге қол қойып отыр. 2013/2014 маусымда аталған орталық өз киімдерін ұсынатын болады. Клубтың ресми сайты мәлімдеп отырғандай, мадридтіктер Чемпиондар Лигасының топтық кездесуінің төртінші туры аясында туриндік «Ювентусқа» қарсы Versace компаниясының киімімен аттанған… Ертеректе «Forbes» журналы әлемдегі ең бай клубтардың кезекті тізімін жариялаған болатын. «Корольдік клуб» соңғы жылдары ең көп табысқа кенелген. Соңғы жылдары команда 650 миллион доллар табыс тауып, соңғы үш жылда клубтың жалпы ақшалай түсімі 62 пайызға жоғарылаған. Сонымен бірге, «корольдік Реал» клубының бренді өткен маусымның ең табысты футбол бренді болып танылған. «Forbes» журналыны…

0
0
332

Чемпиондар Лигасы. «Арсенал» есесін қайтарды

Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің екінші күніндегі кездесулер де аяқталды. Назарларыңызға толық нәтижелерді ұсынамыз. «G» тобы «Зенит» (Ресей) 1 – 1 «Порту» (Португалия) «Петровский» стадионында өткен кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. 23 минутта Лучо Гонсалес есеп ашқанымен, араға 5 минут сала Халк есепті теңестіріп кетті. Сонымен қатар бразилиялық футболшы бірнеше мүмкіндік пен пенальтиді пайдалана алмады. Осылайша екінші орын мәселесін өзара емес, келесі кездесулерде шешетін болды. «Атлетико Мадрид» (Испания) 4 – 0 «Аустрия В» (Аустрия) Диего Симеоне командасы топтық кезең мәселесін шешіп қойды. Өз алаңында «Аустрияны» 4:0 есебімен тағы да ойсырата жеңді. Ал аустриялық команда әлі де болса гол соға алмай келеді. «G» тобы Ойын Жеңіс Тең Жеңіліс Голдар Ұпай 1. Атлетико М 4 4 0 0 12:2…

0
0
455

Касильяс Рауль рекордын бұзды

Икер Касильяс

Кеше «Ювентусқа» қарсы кездесуде Икер Касильяс «Реалдың» жаңа рекордын жасады. Ол Чемпиондар Лигасындағы 133-ші кездесуін өткізіп, Раульды басып озды.

Икер Касильяс бұл маусымда негізгі құрамда тек Чемпиондар Лигасында ғана өнер көрсетіп келеді. Ол осы байрақты бәсекедегі алғашқы кездесуін 1999 жылы «Олимпиакосқа» қарсы өткізген болатын. Кеше Туринде өткен 133 кездесуінде де әйгілі қақпашы өз шеберлігін таныта білді. Осыған дейін бұл рекордтың тізгінін 132 кездесумен Рауль ұстап келген болатын.


Чемпиондар Лигасындағы «Реал» сапында ең көп кездесу өткізгендер:
1. Касильяс – 133.
2. Рауль – 132.
3. Роберто Карлос – 109.
4. Гути – 99.
5. Хенто – 88.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

0
0
269

«Реал» стадионының аты өзгертіледі

Microsoft корпорациясы мадридтік Реал командасының стадионы Сантьяго Бернабеудің атын өзгерту құқығын иеленуге келіссөздер жүргізуде. Ал біз осыған дейін аталған стадионның қайта құрылымдап жасалатынын хабарлаған болатынбыз. Қазан айында «корольдік клубтың» президенті Флорентино Перес Сантьяго Бернабеудің 2016 жылға дейін толық құрылымдалып, күрделі жөндеуден өткен соң аты өзгертілетінін мәлімдеген еді. ЕндіMicrosoft корпорациясы келіссөздер жүргізу арқылы стадионның құрылыс жұмысына қаржылай демеушілік көрсететінін жеткізіп, жаңа ат қоюды еншілемек. Осыған дейін Реал мен Microsoft Кариб бассейндері мен Оңтүстік Америкадағы бірнеше жобаны бірлесе іске асыруды жоспарлаған да еді. Естеріңізге сала кететін болсақ, стадион 1947 жылы салынып, кейіннен 1955 жылы сол кездегі Реал президенті Сант…

0
0
290

WSB жаңа маусымында «Astana Arlans» құрамында Қазақстан құрамасының 9 боксшысы өнер көрсетеді

«Astana Arlans»

Бүкіләлемдік бокс сериясының өткен жылғы жеңімпаздарының құрамында еліміздің ұлттық құрамасының 10 боксшысының 9-ы өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Бұл туралы баспасөз мәслихатында «Astana Arlans» бас директоры Болат Манкенов мәлім етті. Алайда қазір спортшылар Әлем чемпионатынан кейін демалыс алды. Бірақ клуб оларға сенім артып, WSB-ге жолдаған өтінімінде тізімге қосып отыр.

0
0
237

Қытайда жағажай волейболынан Азия чемпионаты өтеді

Қытайдың Ухань қаласында 7-10 қараша күндері жағажай волейболынан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты өтеді
Қытайдың Ухань қаласында 7-10 қараша күндері жағажай волейболынан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты өтеді.

Ел намысын ерлер арасында — 3, әйелдерден — 2 жұп қорғамақ. Бұл байрақты бәсекеде Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко, Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов, Владислав Пустынников пен Сергей Богату, Татьяна Машкова мен Иринай Цимбалова, Бақтыгүл Самаликова мен Александра Варасова сияқты спортшыларға үміт артылып отыр. Әлемдік рейтингте биылғы маусымда Алексей мен Александр 13-інші, Татьяна мен Ирина 16-17, Дмитрий мен Алексей 46-ыншы, Владислав пен Сергей 144-інші, Бақтыгүл мен Александра 281-290 орындарға табан тіреді.

АЛМАТЫ.  ҚазАқпарат - Автор: Ерлік Ержанұлы
0
0
303