Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

«Барыстың» сапына жаңа хоккейші қосылды

Астана қаласының «Барыс» клубы Ұлттық хоккей лигасының ойыншысы, қорғаушы Кэм Баркермен арадағы келісімшартқа қол қойды. Енді 27 жасар хоккейші астаналық клубтың сапында ойнайтын болады. «Барыс» хоккей клубының ресми сайты хабарлағандай, К.Баркер «Чикаго Блэкхоукс», «Миннесота Вайлд», «Эдмонтон Ойлерс» және «Ванкувер Кэнакс» сынды командаларда өнер көрсетті. Ұлттық хоккей лигасында ол жалпы саны 310 матч өткізіп, 96 ұпай жинаған. Екі аптадан кейін К.Баркер «Барыстың» атынан шығатын болады. Айта кетейік, Астана қаласының хоккей клубы соңғы ойында «Салават Юлаевты» (Башқұртстан, Уфа) жеңіп, екі апталық демалысқа шықты. «Барыстың» келесі ойыны 13 қараша күні сырт алаңда өтеді. Латвияның Рига қаласында жергілікті «Динамо» хоккей клубымен кездеседі. Сол кезде К.Баркер мұз айдынына шығуы әбден…

0
0
388

Головкинге қарсылас атануға үміткердің есімі аталды

Геннадий Головкин

WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің болашақ қарсыласы атануға үміткердің есімі анықталды.

Бұл туралы Vesti.kz сайтынан хабарлады.

Қазақстандық боксшының келесі қарсыласы 12 желтоқсан күні Австралияда өтетін WBA уақытша чемпионы британдық Мартин Мюррей мен австралиялық Гэрз Вуд арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы болуы мүмкін. Егер осы кездесудің жеңімпазы Головкинмен жұдырықтасуға дайын болмаса, оны WBO нұсқасы бойынша әлемнің экс-чемпионы Хассан Н’дам Н’жикам алмастыруы ықтимал.

HBO телеарнасы таңдалған қарсыластың деңгейіне байланысты жекпе-жекті көрсететінін мәлімдеді.

0
0
228

Қарағандыда шорт-тректен өткен ел кубогы жарысынан батысқазақстандықтар олжалы оралды

Қарағанды қаласында шорт-тректен Қазақстан кубогы үшін жарыстан БҚО құрамасы олжалы оралды. Шорт-трек бапкері Максим Лозовойдың айтуынша, аталмыш бәсекеге Астана, Алматы қалалары, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының спортшылары қатысты. БҚО-дан жеті жігіт, бес қыз сынға түсті. Ерлер мен қыздар құрамасы эстафеталық сында жүлделі орынға табан тіреді. Жекелей сында Данабек Хайыров ерекше көзге түсіп, 1500, 500 және 1000 метр қашықтықта жеңімпаз атанып, суперфиналда алтыншы сатыға шықса, қорытынды есепте бірінші орынды жеңіп алды. Сондай-ақ Азамат Сұлтанғалиев 1 мың метрден үшінші болып келді. Қыздардан Гүлнұр Ғаниева 1500 және 500 метр қашықтықта және суперфиналда үшінші, 1000 метрден екінші, қорытындыда үшінші орынға көтерілді. Сонымен қатар Анита Нагай…

0
0
275

«Ақжайықтың» қосалқы құрамы Алматыда «Шахтермен» финалдық матч өткізеді

«Ақжайық»

«Шахтер» биылғы чемпионатта қосалқы құрамдар арасында бірінші топта жеңімпаз атанса, «Ақжайық» екінші топта үздік шыққан болатын.

Жалпы, «Ақжайық» биылғы маусым қорытындысында бірінші топқа түсіп қалғанымен, әсіресе, оралдық жастардың ерекше көзге түсуі олардың болашағынан үміт күттіреді. Қосалқы құрам финалға жолдама алса, «Ақжайық-96» командасы 1996 жылғы өз құрдастары арасында Қазақстан чемпионы атанды.

0
0
239

«Алау» мұз сарайында конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогы өтеді

29 қарашада «Алау» мұз сарайында конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогы өтеді. Әлемнің 30 мемлекетінің 200 үздік спортшысы, әлемдік жұлдыздар, Олимпиада жүлдегерлері мен Әлем чемпиондары Астанада Олимпиада лицензияларын сарапқа салады. Сочи-2014 Олимпиадасында 10 000 метр қашықтықтағы жарысқа іріктеу «Алау» мұз сарайында өтеді. Бұл туралы мұз сарайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап astana.kz хабарлады. «Қазақстан құрамасы мен әлемдік жұлдыздар конькимен жүгіруден күш сынасады. Олимпиада ойындарына іріктеу барған сайын қиындап келеді. Бәсекелестік артуда. Сочиде 10 000 метр қашықтықта жарысқа қатысу үшін Әлем кубогында үздік 16 спортшының қатарына ену керек», — делінген хабарламада. «Алау» сарайындағы мұздың сапасын және спортшылардың Олимпиада қарсаңындағы аса жоғары деңгейдегі дайынды…

0
0
620

Астанада мектеп оқушылары арасында Д. Сәдуақасов кубогі үшін VIII Республикалық шахмат турнирі өтуде

Дарынды балаларды анықтау мен жас шахматшыларды дайындау және мектеп оқушылары арасында шахмат ойынын жоғары деңгейде насихаттау мақсатымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ҚР Шахмат Федерациясының қолдауымен Астана қаласында үстіміздегі жылдың қараша айының 3-і мен 9-ы аралығында Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов кубогіне мектеп оқушылары арасында VIII Республикалық шахмат турнирін өткізуде. Бұл туралы ҚР БҒМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады. Шахмат турниріне еліміздің барлық аймақтарынан 140-тан астам жас шахматшылар мен Челябі облысының Сатка қаласының «Вертикаль» шахмат клубы қатысады. Командалар жас ерекшелігіне қарай 9 жасқа дейінгілер, 13 жасқа дейінгілер және 17 жасқа дейінгі үш топта өз қатысушыларын…

0
0
479

Футбол: «Ақжайықтан» ойыншылардың алды кете бастады

Биылғы маусымды сәтсіз өткізіп, бірінші лигаға түсіп қалған Оралдың «Ақжайығынан» ойыншылардың алды кете бастады. Чехиялық қорғаушы, бойы да ұзын, техникасы да қалыптасқан Якуб Хлебоун өз орнын нық ұстаған футболшының бірі еді. Қысылтаяң уақытта шабуылға да қосылып, доп соға білетін. «Ақжайыққа» өткен жылғы қыста келген Я. Хлебоун 57 матчта 8 доп соққан екен. Сонымен бірге биылғы маусымда барлық ойынды бастан-аяқ өткізген премьер-лигадағы үш ойыншының бірі. Яғни, биыл 31 матчта қорғанумен бірге 3 доптың авторы атанды. 28 жастағы футболшы енді премьер-лигадағы клубтардың біріне ауысатынын мәлімдеп үлгерді. «Ақжайықтың» тағы бір легионері, босниялық Недо Туркович те екі ойлы отыр. Басқа, мықтымын дейтін ойыншылардың да, әрине, бірінші топта доп тепкісі келмейтіні анық. ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ав…

0
0
384

Қытай: Олимпиада чемпионы бір аптаға түрмеге жабылды

Жүзуден Олимпиада чемпионы қытайлық Сунь Ян автокөлікті жүргізушілік куәлігінсіз басқарғаны үшін өмірінің жеті күнін абақтыда өткізеді. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Спортшы Weibo (Twitter-дің қытайлық баламасы) парақшасындағы өзінің оқырмандарынан кешірім сұраған көрінеді.

Жүзушіні жексенбіде Қытайдың шығысындағы Гуанчжоу қаласында оның көлігінің артына автобус соғылған кезде ұстаған екен.

Лондон Олимпиада ойындарында екі алтын медаль иеленген 21 жасар спортшы бұл оқиғаны қателік деп атап өтті. Осы орайда ол өзінің бар уақытын жаттығуға арнағандықтан, заңнаманы дұрыс білмейтіндігін алға тартуда.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Руслан Ғаббасов
0
0
363

Тоғыз қазақстандық екі жылға спорттан шеттетілді

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы биылғы жылғы жарыстарда допинг қолданған спортшылардың тізімін жариялады. Араларында тоғыз қазақстандық атлет бар.

Астанада өткен Азия чемпионатында алтын алған Александра Аборнева мен Александр Зайчиков, қола жүлдегер Евгений Ефстафеев 2015 жылға дейін спорттан кетті. Үшеуі де тестостерон қолданды деп айыпталуда (Dehydrochloromethyl- testosterone). Үш спортшы Астанада өткен Азия чемпионатындағы медальдарын қайтарып беруі тиіс.

Сондай-ақ Бішкекте өткен жастар арасындағы Азия біріншілігінде жүлде алған алты қазақстандық допинг дауына ілінді. Чемпиондар Ерболат Жоламанов пен Максим Локтинов, Әсем Сәрсекенова, Ғалымбек Жұбатқанов, күміс жүлдегер Майра Файзоллаева, Айдар Казов екі жыл жарысқа қатыса алмайды. Бұл туралы alaman.kz хабарлады.

0
0
268

Ұлттық хоккей лигасының ойыншысы «Барыстың» сапына өтуі мүмкін

Кэм Баркер
Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы Ұлттық хоккей лигасының ойыншысы, қорғаушы Кэм Баркермен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, ол жұмыс сәтті аяқталса, ойыншының Құрлықтық хоккей лигасындағы екі апталық демалыстан кейін «Барыс» сапына қосылуы әбден мүмкін. К.Баркер «Чикаго Блэкхоукс», «Миннесота Вайлд», «Эдмонтон Ойлерс» және «Ванкувер Кэнакс» сынды командаларда өнер көрсетті. Ұлттық хоккей лигасында ол жалпы саны 310 матч өткізіп, 96 ұпай жинаған.

Айта кетейік, соңғы матчта Астана қаласының хоккей клубы «Салават Юлаевты» (Башқұртстан, Уфа) жеңіп, екі апталық демалысқа шықты. «Барыстың» келесі ойыны 13 қараша күні сырт алаңда өтеді. Латвияның Рига қаласында жергілікті «Динамо» хоккей клубымен кездеседі.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
0
0
411