Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

«Формула-1» автожарысында Себастьян Феттель қатарынан тоғыз рет жеңіске жетіп әлемдік рекорд орнатты

Себастьян Феттель
«Формула-1» автожарысына «Ред Булл» командасының атынан қатысқан Себастьян Феттель Бразилияда өткен қорытынды 19-шы кезеңде тағы да жеңіске жетті.

Ол осымен тоғызыншы рет қатарынан үздік саналып, жеңіс саны бойынша әлемдік рекорд орнатты. Бұл тұрғыда ол 2004 жылдан бері сақталып келген әйгілі Михаэль Шумахердің рекордынан асып түсті. Аты аңызға айналған М.Шумахер қатарынан жеті жарыста алдына жан салмаған болатын.

Автожарыстағы екінші және үшінші орындар Марк Уэббер мен Фернанду Алонсоның еншісінде.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Руслан Ғаббасов
0
0
371

Месси: «Криштианудың Әлем чемпионатына баратынына қуаныштымын»

«Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси Бразилияда өтетін Әлем чемпионатына қосымша ойын арқылы өткен Криштиану Роналду және оның құрамасының қуанышына ортақ екенін мәлімдеді. Лионель Месси: «Әрине, Криштиану Роналду және оның құрамасының Әлем чемпионатына жолдама алғанына қуаныштымын. Төрт жылда бір келетін үлкен бәсекеде мықтылардың ғана болғаны дұрыс. ӘЧ-да тек үздік команда мен үздік ойыншылар ғана жеңіске жетуге тиіс. Бұл – футболдың деңгейі үшін керек. Криштиану – ұлы ойыншы. Көбісі оны соңғы кезде ғана жақсы ойнап жүр дейді. Бірақ ол көп жылдан бері жақсы ойнап келеді» — дейді. Ал Нидерланды құрамасына қатысты: «Сіздер Нидерланды құрамасынан кімдерді көрдіңіздер? Робин ван Перси және Арьен Роббен. «Қызғалдақтар елінде» басқа да мықты ойыншылар жетерлік. Ван Перси – керемет сұрмерге…

0
0
393

«Барыстың» ең қымбат ойыншысы

«Барыс» хоккей клубында өнер көрсететін үш ойыншының жалақылары анықталды. Команданың және ұлттық құраманың көшбасшысы Николай Антроповтың айлығы 2,7 миллион АҚШ долларын құрайды екен. Америкалық легионер Брэндон Боченски 1,4 миллион доллардан тапса, Найджел Доустың жалақысы 1,3 миллион «көкқағазды» құрайды. Хоккейшілердің жалақысын Ресейдің «Спортс.ру» сайты анықтапты. Нақты айтсақ, Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін ойыншылардың жалақыларын есептеген «Спортс.ру» ең көп табыс табатын 90 хоккейшінің тізімін жасап шығарыпты. Ал бастаманың себепшілері клубтың менеджерлері екен. Сондай-ақ ойыншылардың агенттері мен хоккейшілер де рейтингті жасауға өз үлестерін қосып, мәліметтерімен бөліскен. Жалпы, рейтингте спортшылардың салық төлегенге дейінгі жалақылары көрсетілген. Сонымен, рейти…

0
0
318

2014 жылы Н. Эрич Қазақстан құрамасының сапында ойнауы тиіс

Ненад Эрич

Елордалық «Астана» клубының қақпашысы Ненад Эрич жуық арада Қазақстан азаматтығын алуы мүмкін, деп хабарлайды «Sports.kz».

Естеріңізге сала кетейік, 31 жастағы серб қақпашысы өз отанында «Слога», «Раднички» (Крагуевац), ОФК, «Биг Бул», «Мачва», «Борац» (Чачак) клубтарында, ресейлік «Сибирь» (Новосибирск) және «Динамо» (Барнаул), қазақстандық «Қайрат» (Алматы) және «Астана» сапында өнер көрсетті.

Еліміздің премьер-лигасындағы үздік қақпашылардың бірі саналатын Эрич ұлттық құрамаға шақыртылуы ықтимал. Бұл жағдайда Эрич Қазақстан құрамасының негізгі қақпашысы Андрей Сидельниковпен бәсекеге түсетін болады.

0
0
247

Қазақ балуаны алтын алды

Нұрсұлтан Қалмұрзаев

Бакуде өтіп жатқан «Голден Гран При» турнирінде 55 келіде белдескен қазақ балуаны Нұрсұлтан Қалмұрзаев чемпион атанды.

Ол ширек финалда кілем иесі Сакит Гулиевті жеңсе, жартылай финалда тағы бір қазақ балуаны Жансерік Сәрсембиевті ұтты. Ал финалда әзірбайжандық балуан Орхан Ахмедовпен 3:3 есебімен тең түскен. Төрешілер қауымы белсенді күрескен Нұрсұлтанды жеңімпаз деп таныды.

Қола жүлдегер қатарында Жансерік Сәрсембиев те бар. Ол қола жүлде үшін күресте жапон балуанын жеңді, деп хабарлады alasharena.kz.

0
0
360

Қазақстандық спортшы — күміс жүлдегер

Денис Волотка

Финляндияның Саариселька қаласында өткен халықаралық жарыста шаңғышылар 10 шақырымға классикалық стильмен жарысқан болатын.

Қазақстандық шаңғышы Денис Волотка айтулы турнирде күміс жүлде жеңіп алды. Оның көрсеткіші — 26.20,7.

Бұл сында бас бәйгені ресейлік шаңғышы Дмитрий Япаров қанжығасына байлады. Қола жүлде тағы да бір ресейлік Александр Бессмертныхтің еншісінде, деп хабарлады alasharena.kz.

0
0
399

БОКС: «Арландар» жеңісті жолдан жаңылған жоқ

«Астана арландары» WSB додасының төртінші маусымындағы екінші кездесуін өткізіп, тағы да жеңіске жетті. Петербор қаласында өткен «Ресей құрамасымен» матч 3:2 есебімен біздің пайдамызға шешілді, деп хабарлайды «Аламан». Алдымен 52 келіде Миша Алоян мен Олжас Сәттібаев шаршы алаңға шықты. Үш раунд бойы Олжас қарсыласына соққы жасауға тырысқанымен Алоян тәжірибесінің арқасында қарсыласынан басым болды. Есепті Ресей құрамасы ашты. Артынша, 60 келіде команда капитаны Самат Башенов Адлан Абдурашитовты жеңді - 2:1 (48:47, 48:47, 47:48). Кейін 69 келіде Мейірім Нұрсұлтанов Александр Ивановты сабады - 3:0 (49:45, 49:46, 50:45). 75 келіде Лондон Олимпиадасына қатысушы Данабек Сужанов Дмитрий Биволдан техникалық нокаутпен ұтылып қалды. Есеп — 2:2. Ал соңғы шешуші кездесуде аса ауыр салмақта хорватия…

0
0
367

«Тұлпар» футзалдан УЕФА Кубогында алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қарағандылық «Тұлпар»

Қарағандылық «Тұлпар» Боснияның «Танго» клубын тізе бүктіріп, өз тарихында футзалдан УЕФА Кубогының Элиталық кезеңіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды vesti.kz

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен кездесу 8:3 есебімен аяқталды. «Тұлпар» сапында Шыңғыс Чингиз Есенаманов пен Алвес Дуглас Грасиано хет-трик авторлары атанса, Александр Довгань және Фейтоса Талес бір-бірден гол соқты, қонақтардан Семир Гушо және Огнен Эрич екі мәрте қақпадан саңылау тапты.

Бүгін осы уақытта алматылық «Қайрат» беларусьтің «ВитЭн» командасын қабылдап жатыр. Ойынның басталуы Астана уақытымен 20:30-да. Кездесуді «Ел Арна» тікелей эфирден көрсетеді.

Өздерінің келесі матчын қарағандылықтар 22 қараша күні «ВитЭнмен» өткізеді.

0
0
374

«Қайрат» УЕФА Кубогында белорустардың «ВитЭнін» 9:0 есебімен ойсырата жеңді

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде шағын футболдан УЕФА кубогының элиталық кезеңіндегі «С» тобындағы командалардың сайысын қазақстандық қос команда да сәтті бастады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, кешегі алғашқы ойында Әміржан Мұқанов жаттықтыратын Қарағандының «Тұлпары» босниялықтардың «Тангосын» 8:3 есебімен ұтқан болатын. Одан кейін ойнаған Алматының «Қайраты» да белорустардың «ВитЭнін» 9:0 есебімен ойсырата жеңді. Бүгін «Тұлпар» мен «ВитЭн», «Қайрат» пен «Танго» өзара жұп құрамақ. Ал жексенбі күні ақтық сында қазақстандық қос клуб пен Беларусь пен Босния өзара күш сынасады. Онда үздік шыққан аяқдопшылар УЕФА кубогының келесі кезеңіне жолдама алады. Жалпы УЕФА кубогының элиталық кезеңінде тұңғыш рет Қазақстаннан екі команда қатысып отыр. Бұған дейін бұл додада ел намысын…

0
0
331

Ауыр атлетикадан 2014 жылғы әлем чемпионатының өтетін орны ауысты

Ауыр атлетика

Ауыр атлетикадан 2014 жылғы әлем чемпионаты Астанада емес, Алматыда өтетін болды.

Бұл туралы халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) мәлімдеді. 2011 жылы Парижде өткен федерация конгресінде әлемдік сынды өткізу құқығын Астана жеңіп алған. Ал 21 қараша күні IWF ресми сайты келер жылғы әлемдік дода Алматыда өтетінін мәлімдеді. Жарыс неліктен Астанадан Алматыға көшірілгені туралы нақты ақпарат жоқ, деп хабарлады alaman.kz.

0
0
401