Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

ФИФА қараша айындағы ұлттық құрамалардың жаңа рейтингін түзді.

ФИФА қараша айындағы ұлттық құрамалардың жаңа рейтингін түзді. Қазақстан бұл жолы үш саты жоғарылап, 132-ші орынға тұрақтады.

Ал көш басында ешқандай өзгеріс жоқ. Әлем және Еуропа чемпионы Испания өз орнын ешкімге берер емес. Одан кейінгі — сатыда Германия, Аргентина, Колумбия құрамалары, деп хабарлады alasharena.kz.

0
0
272

Роман Креч Әлем кубогінің кезеңіде 500 метрлік қашықтықта жеңімпаз атанды

Қазақстандық конькиші Роман Креч
Қазақстандық Роман Креч Астанада конькимен жүгіруден өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінің «В» дивизионында 500 метрлік қашықтықта үздік нәтиже көрсетті,

деп хабарлайды Vesti.kz.

Креч 500 метрді 35,38 секундта бағындырып, екінші орын алған жапондық Акио Охтадан 0,07 секундқа, үшінші нәтиже көрсеткен канадалық Вильям Даттоннан 0,08 секунқа озып кетті.

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Автор: Жасұлан Жолдыбаев
0
0
344

Сәтсіз кезең аяқталды: «Барыс» командасы «Металлургты» жеңе бастады

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Металлург» (Ресей, Магнитогорск) командасын ұтты. Бұл ойын аса қызықты әрі тартысты өтті. «Барыстың» хоккейшілері есепті бірінші болып ашты. Найджел Доустың керемет соққысынан кейін шайба қарсыластың қақпасынан табылды. Екінші кезеңнің басында «Металлург» таразы басын теңестірді. Үш минуттың ішінде Астана қаласының хоккей клубы тағы да алға шықты. Бірақ үшінші кезеңде Металлург құрамасының хоккейшісі Тим Брент дубль жасап, есепті теңестіріп кетті. 2:2. «Барыс» өз шабуылдарын үдетті. Соның арқасында үшінші шайба соғылды. Дастин Бойдтың соққысынан кейін шайба «Металлургтың» ойыншысы Е.Тимкиннің конькиіне тиіп, В.Кошечкиннің қақпасына бірақ кірді. Есеп — 3:2. Осыдан кейін «Металлург» есепті теңестіру үшін барын салды. «Барыстың» ережені бұзы…

0
0
473

Жамбыл облысында ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында спорт кешені ашылды

Жамбыл облысында ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында спорт кешені ашылды, деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметінен. Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев ҚР Тұңғыш Президенті күнін тойлауға орайластырылған Сарысу ауданындағы бірнеше әлеуметтік нысанның ашылуына қатысты. Жалпы құны 225,9 млн. теңге болатын 350 адамға шақталған спорт кешені Жаңатас қаласында салынған. Құрылыс жұмыстары 2012 жылдың тамызында басталыпты. Бас мердігер — «РемЭнерго» ЖШС. Спорт кешенінің төрт залы бар. Онда шағын футбол, баскетбол, волейбол, грек-рим күресі және басқа спорт түрлері бойынша жаттығуға болады. Мұнда 49 қызметкер жұмыс істейді. Олардың жалақысы орташа есеппен 40 мың теңгеден асады. Сонымен бірге, облыс әкімі Жаңатас тұрғындарына пәтер кілттерін тапсырды. Қайта жаңартылған бес қабатты үйд…

0
0
408

Аударыспақтан Азия чемпионатын да өткізуге болады — Қазақстанның ұлттық спорт түрлері қауымдастығы

Астанада аударыспақтан Азия чемпионатын да өткізуге болады. Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бірінші вице-президенті Бекболат Тілеухан осылай айтты. «Енді, қазір «Самұрық-Қазына» қоры үлкен бәйгелер тіккеннен кейін біз қазақ күресіне деген қызығушылықтың артқанын байқап жатырмыз. Мына бір қызықты қараңыз, биылғы оқу жылының басында елдің бәрі өз балаларын қазақ күресіне жазды. Қазақ күресіне бапкер жетпей қалды. Оның барлығы насихаттың арқасында жүзеге асып отыр. Сол сияқты аударыспақтан да арнайы бәсекелерді өткізуге болады. Оған көп шығындалудың қажеті жоқ. «Самұрық-Қазына» жүлдеге қомақты бір қаржы қойып жіберсе, аударыспақты да қазақ күресі сияқты алып кетуге мүмкіндік бар. Оны Астанадағы цирк ғимаратында өткізуге болады. Кел…

0
0
723

Еуропа лигасы: «Шахтер» соңғы мүмкіндікті жіберіп алды

«Шахтер» командасы

Футболдан «Шахтер» командасы Астанада гректің ПАОК клубын қабылдап, 0:2 есебімен ұтылды.

Ойынның бірінші таймында есеп ашылған жоқ. Ал екінші таймда грекиялық команда ойыншысы Лукастың сол жақтан асыра тепкен добын Мокин тоса алмады. Ал ойын соңында Кициу есепті еселеді.

«Шахтер» (Қазақстан) — ПАОК (Салоники, Грекия) 0:2 (0:0)

Гол: Лукас 54 (0:1). Кициу 90 (0:2)

«Шахтер» соңғы ойынын 12 желтоқсанда сырт алаңда «Маккабимен» өткізеді. Бұл ойынның нәтижесіне қарамастан қарағандылық команда топтан шығу мүмкіндігінен айырылды, деп хабарлады alaman.kz.

0
0
348

Бокс: Қазақстан біріншілігі мәресіне жетті

Атыраудың «Жайық» спорт кешенінде қарашаның 22-сі күні басталған бокстан Қазақстан біріншілігі мәресіне жетіп, ел чемпиондары анықталды, деп хабарлады alasharena.kz. Жалпыкомандалық бейресми есепте 3 алтынды қоржынға салған Ақмола облысының командасы көш бастаса, 2 алтын, 3 күміс, 3 қоласы бар Оңтүстік Қазақстан облысының боксшылары екінші орынды иемденді. Ал үздік үштікте Жамбыл облысы. Олардың еншісінде 1 алтын, 1 күміс, 2 қола бар. Бұлардан бөлек, Шығыс Қазақстан облысы, Атырау, Қостанай облыстары мен Алматы қаласының қоржынына да бір-бір алтыннан түсті. Сонымен қатар, ел біріншілігінің қорытындысы бойынша үздік боксшы мен үздік төреші де анықталды. 52 келі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей, финалда астаналық Ілияс Сүлейменовті сүріндірген шығыстық Әділет Құрметов үздік боксшы…

0
0
647

«Барыс» өз жерінде «Арыстаннан» жеңілді

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Лев» (Чехия, Прага) командасынан ұтылды. Бұл ойында қонақтар есепті бірінші болып ашты. Алайда алғашқы кезеңнің соңына дейін «Барыстың» хоккейшілері таразы басын теңестіре білді. Екінші кезеңде «Лев» тағы да бір шайбамен алға шықты. «Барыс» оған да жауап беріп, үшінші кезеңде есепті тең қылды. Алайда контршабуылдың арқасында чехтар бір минуттың ішінде өз басымдығын ұлғайтты. Есеп — 2:3. Өкінішке қарай, Астана қаласының хоккей клубы оны өзгерте алмады. Ойынды қосымша уақытқа ұластыруға тамаша мүмкіндіктер болды. Матчтың соңында «Барыс» қақпашыны алып тастап, алтыншы ойыншыны да шығарды. Бірақ «Лев»-тың қорғанысын бұза алмады. Айта кетейік, Прага хокей клубының Құрлықтық хоккей лигасына қосылғанына көп болған жоқ. Сондықтан осы ойынға дейін…

0
0
229

Батысқазақстандық тоғызқұмалақшы Азия чемпионы атанды

Батысқазақстандық тоғызқұмалақшылар Павлодар қаласында өткен Азияның ашық чемпионатынан олжалы оралды. Аталмыш жарысқа тоғыз мемлекеттен 110-нан астам спортшы қатысты. Соның ішінде БҚО-дан барған екеудің бірі, Оралдағы №19 орта мектептің 7-сынып оқушысы Әсет Қайыржанов жасөспірімдер арасында алтыннан алқа тағынса, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ІІ курс студенті Ақгүл Нұрғалиева жастардан қола жүлдені иеленді. Әсет — қалалық мектептен тыс жұмыс орталығы тоғызқұмалақ үйірмесінің мүшесі. Бұдан бұрын да екеуі осы жылдың басында тоғызқұмалақтан Шымкент қаласында өткен жасөспірімдер және жастар арасындағы жекелей және жекелей-блиц бойынша республикалық чемпионаттан табысты оралған болатын. Тоғызқұмалақ бойынша облыс бапкері Қанапия Қаяпбергеновтің айтуынша, жары…

0
0
544

«Astana Arlans» — «Mexico Guerreros»: шаршы алаңға шығатын жұптар анықталды

Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) жаңа маусымындағы үшінші матчта қазақстандық «Астана Арланс» клубы мексикалық «Mexico Guerreros» командасымен бақ таластырады, деп хабарлайдыVesti.kz. Қазақстандықтар құрамында шаршы алаңға Мардан Берікбаев (49 келі), Мейірболат Тоитов (56 келі), Жәнібек Әжібай (64 келі), Сергей Деревянченко (75 келі), Василий Левит (91 келі) шығады. Мексика клубы келесі құрамды ұсынды: Хосе Альберто Залета Рейес, Серхио Чирино Санчес, Кристиан Биелма, Диего де Хесус Морено Амадор және Кристиан Демай. Сонымен, шаршы алаң төрінде атой салатын жұптар құрамы: 49 келі. Мардан Берікбаев — Хосе Альберто Залета Рейес 56 келі. Мейірболат Тоитов — Серхио Чирино Санчес 64 келі. Жәнібек Әжібай — Кристиан Биелма 75 келі. Сергей Деревянченко — Диего де Хесус Морено Амадор 91 келі. Ва…

0
0
345