Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Қанат Ислам шаршы алаңға шығады

Қанат Ислам

Қазақ боксшысы Қанат Ислам 29 қараша күні өзінің кезекті кездесуін өткізеді.

Даңқты спортшы Эквадорда колумбиялық Эмелио Хулиомен рингке шығады. Хулио кәсіпқой бокста 41 кездесу өткізіп, 28 жекпе жекте жеңіп, 11 рет ұтылған. Ал 8 кездесуде тең түскен.

Қанат Ислам он төрт кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Қанат бұл кездесуден кейін 14 желтоқсанда тағы да шаршы алаңға шығады. Ол кездегі қарсыласы әзірге белгісіз, деп хабарлады alaman.kz.

0
0
624

«Сарыарқа» үздік командалардың бірін жеңді

Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы өз алаңында «Рубин» (Ресей, Тюмень) командасын ұтты. Бұл матчта «Рубиннің» хоккейшілері есепті бірінші болып ашты. Содан бастап өз шабуылдарын үдетіп, есеп айырмасын барынша ұлғайтуға тырысты. Алайда «Сарыарқаның» тасқамал қорғанысын бұза алмады. Ойынның бірінші және екінші кезеңінде есеп өзгермеді. Ал үшінші кезеңнің соңғы секундттарында Қарағанды қаласының хоккей клубы таразы басын теңестірді. Осы орайда бас бапкердің ойын тактикасын ерекше атап өткен жөн. Команда сапындағы бір ойыншының ережені бұзып, екі минуттық айып уақытын өтеуге аттанғанына қарамастан, ол қақпашыны алып тастап, тағы бір хоккейшіні шағырды. Сөйтіп, «Сарыарқаның» қақпасы бос қалса да, хоккейшілер барын салып, есепті теңестіре білді. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Ал б…

0
0
331

Ауыр атлетика федерациясына жаңа президент сайланды

Астанада ҚР Ауыр атлетика Федерациясының кезектен тыс конференциясы өтіп, жаңа президент сайланды.

Қайрат Тұрлыхановтың орнын ауыстырған Жанат Түсіпбеков федерация жетекшісі болды.

Түсіпбеков Жанат Рашидұлы 1977 жылы 6 наурызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін, 2007 жылы Л.Гумилев атындағы ЕҰУ экономика факультетін тәмамдаған. Бірнеше жыл бойы ол «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» АҚ атқарушы дирекоры, бас директордың орынбасары, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ және «ҚазМұнайГаз — қайта өңдеу және маркетинг» АҚ бас директоры қызметтерін атқарды. Сонымен бірге Ж.Түсіпбеков 2009 жылдан бері Қарағанды облыстық бокс федерациясын басқарып келеді. Қазіргі уақытта ол The Rompetrol Group-тың бас директоры.

0
0
235

Хоккей: «Сарыарқа» аутсайдерді овертаймда жеңді

Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы өз алаңында «Зауралье» (Ресей, Қорған қаласы) командасын ұтты. Ойынның бірінші кезеңінде есеп ашылған жоқ. Ал екінші кезеңде «Сарыарқаның» хоккейшілері бір ойыншыға кем ойнап жүріп-ақ, қарсыласын қапы қалдырды. Есеп — 1:0. Дегенмен, үшінші кезеңде таразы басы теңесті. Матчтың негізгі уақытында жеңімпаз анықталмаса да, овертаймда, яғни қосымша уақытта «Сарыарқа» өз шеберлігін барынша таныта білді. «Зауральенің» бір хоккейшісі ережені бұзып, екі минуттық айып уақытын өтеуге аттанған кезде, «Сарыарқаның» бас бапкері таймаут алды. Содан бір минуттың айналасында Қарағанды қаласының хоккей клубы өз басымдығын іске асыра білді. Кирилл Лебедев екінші шайбаны соғып, команданы жеңіске жетеледі. Қорытынды есеп — 2:1. Айта кетейік, бұл ойында «Сарыарқа» екі…

0
0
372

«Алтын доп» кімге бұйырады? — қазақ жанкүйерлерінің таңдауы

«Аламан» жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша қазақ жанкүйерлері биылғы «Алтын допты» алуға Криштиану Роналду лайық деп тапты. Бұл туралы ұлттық спорт порталының сайтында хабарланған.

Дауыс берушілердің жетпіс пайызға жуығы Роналдудың жеңісіне сенеді. Ал Мессиге сенетіндер 19 пайыз. Ал Еуропаның үздігі атанған Рибериге тек 8 пайыз дауыс келіп түсті. Қазақ жанкүйерлерінің үш пайызы Ибрагимовичтің «Алтын доп» алғанын қалайды. Бір пайыз «жыл үздігі» атағын Роналду да, Месси де, Рибери де, Ибра да алмайды деген пікірде.

  • Роналду (69%,)
  • Месси (19%,)
  • Рибери (8%, )
  • Ибрагимович (3%, )
  • басқа футболшы (1%, ).
0
0
369

«Барыстың» хоккейшілері «Слованды» айқын басымдықпен жеңді

Кеше «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Слован» (Словакия, Братислава) командасын ойсырата ұтты. Айта кеткен жөн, бұған дейін Братислава қаласында өткен ойында «Барыстың» хоккейшілері «Слованды» 6:2 есебімен тізе бүктірген болатын. Осы жолы да Астана қаласының хоккей клубы қарсыластың қақпасына алты шайба соғып, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Ойынның басында «Слован» есепті бірінші болып ашты. Алайда кейін сол бір шайбадан аса алмады. «Барыс» болса, үш кезеңнің әрбіреуінде екі шайбадан соғып, есеп айырмасын 6:1-ге жеткізе білді. Бұл матчта Константин Руденко, Дмитрий Уппер, Майк Ландин және Дастин Бойд нәтижелі соққылармен көзге түссе, Найджел Доус дубльдың, яғни екі бірдей шайбаның авторы атанды. Оны ол үшінші кезеңде қатарынан соқты. Бұл ойыннан кейін «Барыс» тағы үш ұпайға қол жеткізі…

0
0
299

Қазақстан құрамасы әлемде екінші орында

Қол күрестен биылғы жылдың қорытынды турнирі «NEMIROFF WORLD CUP 2013″ коммерциялық турнирі Польшаның Варшава қаласында болып өтті. Бұл додадан Қазақстан бес алтын алды. Жүлде қоры — 31 400 доллар. Әлемнің 27 мемлекетінен 200 аса кәсіпқой спортшылар жарысқа түсті. Бұл турнир 13-ші рет жалауын көтеріп отыр. Кіші әлем чемпионаты саналатын додаға қол күрестің жілігінің майын ішкен Денис Цыпленков, Андерий Пушкарь, Қажымұрат Золоев секілді спортшылар бақ сынады. Турнирде спортшылар 63, 70, 78 , 86, 95, +95 келі дәрежесінде сынға түсті. Жарыстың алғашқы күні сол қол арасында жүлделер сарапқа салынды. Кәсіпқойлар арасында өткен турнирде 63 келіде қазақ елінің намысын турнирде ОҚО Шардара ауданының тумасы Әбілда Ержан қорғады. Ол финалда украиналық спортшы Ибришев Хайсерді айқым басымдылықпен ұт…

0
0
412

Жапонияда өтетін айтулы турнирге баратын дзюдошыларымыз белгілі болды

«Үлкен Дулыға» турнирі

29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Жапонияның Токио қаласында дзюдодан «Үлкен Дулыға» турнирі өтеді. Бұл биылғы маусымның шымылдығын жабатын ең соңғы сайыс болмақ.

Ермек Имамбеков пен Владимир Кичатов баптайтын Қазақстан ерлер құрамасы Токиоға төмендегі құраммен аттанады:

60 келіге дейінгі с/д — Елдос Сметов пен Асхат Тельманов

66 келіге дейінгі с/д — Азамат Мұқанов пен Елдос Жұмаханов

73 келіге дейінгі с/д — Дастан Ықыбаев пен Ертуған Төренов

81 келіге дейінгі с/д — Дәулетхан Жақыпов пен Бекжан Әбдуәлиев

100 келіге дейінгі с/д — Максим Раков

100 келіден жоғары с/д — Ержан Шынкеев

Сергей Лим (66 келіге дейінгі с/д) мен Ислам Бозбаев (90 келіге дейінгі с/д) бұл турнирге қатыспайды, деп хабарлады alasharena.kz.

0
0
366

Ж.Әбдімәлік Чехияда «Брно Опен- 2013» халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды

Қазақстандық жас шахматшы Жансая Әбдімәлік Чехияда «Брно Опен — 2013» халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды. Бұл туралы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (ИЖТМ) туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Игали өзінің facebook-тегі парақшасында мәлім етті. «13 жасар қазақстандық шахматшы қыз Жансая Әбдімәлік CZECH TOUR сериясына жататын «Брно Опен- 2013» халықаралық турнирін жеңіп алды. 20 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем вице-чемпионы мүмкін болар 9 ұпайдан 7,5 ұпай жинаған», — деді комитет төрағасы. Айта кету керек, Жансая Әбдімәлік жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында 4-рет жеңіске жеткен болатын. Сондай-ақ, ол — Қазақстандағы әйелдер арасындағы ең жас халықаралық гроссмейстер. 13 жастағы қаршадай қыз биыл Түркияда шахматтан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемп…

0
0
304

Қызылорда қаласының әкімі Алмас Өтешовке құрмет көрсетті

Қызылордада ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері болып оралған ауыр атлет Алмас Өтешовті ұлықтау рәсімі болды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлайды. «Сыр жастары — жасампаздық жаршысы» атты қала жастарының дәстүрлі IV форумында 2013 жылы Польшада өткен ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешовті ұлықтау шарасы да жүргізілді», — делінген хабарламада. Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев әлем чемпионатында қызылордалықтардың мәртебесін үстем етіп, патриоттық рух берген Алмас Өтешовке 500 мың теңге сыйақы берсе, Сыр жастарының атынан Қызылорда Студенттер альянсының көшбасшысы Жасұлан Алдабергенов «Сыр мақтанышы» номинациясы мен қала жастарының алғыс хатын табыс етті. Өз кезегінде, Алмас Өтешов жоғары дәрежеде қолдау, қошемет көрсеткен қала…

0
0
375