Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Үздіктер іріктеліп шықты

Алтын доп

Жаңа ғана «Алтын доптан» үміткер 3 футболшының есімдері белгілі болды. Олар: Роналду, Месси және Рибери.

Қазан айының соңына қарай ФИФА «Алтын доптан» үміткер 23 футболшының тізімін жариялаған болатын. Бүгін сол қатардан аталған үш футболшы өзгелерден жоғары дауыс жинап, оза шапты.

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Ференц Пушкаш атындағы cыйлыққа үміткерлер тізімінде Златан Ибрагимович (ПСЖ), Неманья Матич (Бенфика) және Неймар (Барселона) голдары үздік үштікті бастап шықты.

Ал жылдың үздік бапкерінен Юрген Клопп («Боруссия Д»), Юпп Хайнкес («Бавария») және «қызыл сойқандардың» экс-бапкері сэр Алекс Фергюсон үмітті.

Футболдағы 2013 жылдың мәртебелі атақтарының иегерлері 13 қаңтар күні Цюрих қаласындағы салтанатты кеште анықталатын болады.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

0
0
363

Хопкинс Шүменовты шаршы алаңға шақырды

Орта салмақтағы WBA нұсқасы бойынша супер-чемпион жерлесіміз Бейбіт Шүменовтың қарсыласы осы салмақтағы IBF чемпионы америкалық Бернард Хопкинс болуы ықтимал. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының Вконтактідегі жеке парақшасы хабарлап отыр. - Мен қазіргі таңда IBF белбеуінің иегерімін, және азулы қарсыласпын да. Стивенсон және Ковалевпен жұдырық түйістіргім келеді. Бірақ бұл әзірге мүмкін емес. Сондықтан Бейбіт Шүменовпен кездесу өткізгенді дұрыс деп шештім. Ол менімен жұдырықтасуды қаласа, келісімшартқа қол қоятын боламыз, – деді әйгілі чемпион. Естеріңізге сала кетсек, 30 жастағы жерлесіміз Бейбіт Шүменов осы сенбіде АҚШ-та словак Тамаш Ковачпен шаршы алаңда жекпе-жек өткізеді. Ал 48 жастағы Бернард Хопкинс соңғы кездесуін 26 қазан күні неміс Каро Муратаға қарсы өткізіп, ұпай айырмаш…

0
0
314

Италияда Қысқы Универсиада ойындары өтеді

Қысқы Универсиада

11 желтоқсан күні Италияның Трентино қаласында XXVI бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындары басталады. Дүбірлі додада ел намысын қорғайтын сайыпқырандар спорттың 8 түрі бойынша сынға түседі.

Студент жастардың арасында өтетін Универсиадада спортшыларымыз мәнерлеп сырғанау, фристайл, сноуборд, шорт-трек, тау шаңғысы, хоккей тағы да басқа спорт түрлерінен бақ сынайды. Алтын алады деп үміт күтетін спортшымыздың бірі – мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Денис Тен.

Италия жерінде өтетін Универсиаданы «KAZsport» арнасынан тамашалай аласыздар. Жарыс желтоқсанның 11-і күні басталып, 21 желтоқсанға дейін жалғасады. Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылғы ХXVII бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындары Алматы қаласында өтеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

0
0
416

Үндістан жемқор шенеуніктерін жауапкершілікке тартпаса Олимпиадаға қатыстырылмайды

Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) перзиденті Томас Бахтың мәлімдеуінше, Үндістан спорт саласында жемқорлыққа белшесінен батқан шенеуніктерін жауапкершілікке тартпаса, онда бұл мемлекет Ойындарға қатысудан шеттетіледі. Талаптарды орындауға ХОК Үндістанған үш күн берді, яғни 10 желтоқсанға дейін барлық кемшіліктер жойылуы тиіс. Олай болмаған жағдайда, Үндістанның Ұлттық олимпиадалық комитеті ХОК бастамасымен өтетін шаралардан шеттетіледі, ал үндістандық спортшылар елінің туының астында жарыстарға қатыса алмайтын болады. Бір жыл бұрын үкіметтің аталған комитет ісіне араласуы салдарынан Үндістанның Ұлттық олимпиадалық комитетін олимпиадалық спорттық шаралардан уақытша босатқан еді. Сарапшылардың пайымынша, айтулы Достастық Ойындарының Нью-Делиде сәтсіз өткізілуінен кейін 2010 жылы олимп…

0
0
427

Михай Нистор сүйіктісіне деген сағынышынан «Астана арландарынан» кетуге мәжбүр болды

Өткен маусымда «Астана арландарының» намысын қорғап, көрермендердің көзайымына айналған румыниялық боксшы Михай Нистор Қазақстаннан сүйік­тісі үшін кетіп қалыпты. Бұл туралы өзінің сұхбаттарында Михайдың өзі мәлімдеді. Әлбетте, «Астана арландары» клубының басшылығы румын жігітін командада қалдыр­ғысы келген. Бірақ қанша келіссөздер жүргізгенімен, Нистор Қазақстанда қалғысы келмеді. Жаңа маусымның алдында «Милан найзағайымен» келісімшартқа отырып, Италияға көшіп кетті. «Қазақстан Румынияға тым алыс болды. Жақында­рыммен, туыс, бауырларыммен көрісуім тым сиреп, елге ілуде бір келіп жүрдім. Сүйіктіммен де көрісе алмай қиналдым. Ал Италия Румынияға жақын. Менталитетіміз де ұқсас. Қазір сүйіктім қасымда. Дегенмен «Астана арландарының» басшылығына да алғысым шексіз. Қазақстанды ешқашан ұмытпайм…

0
0
278

Допты хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионаты қазақстандықтар үшін сәтсіз аяқталды

Кеше Мәскеу түбіндегі Обуховода допты хоккейден әлем чемпионаты мәреге жетті. Аталмыш біріншілік барысында Оралдың «Ақжайығы» ойыншыларынан құралған Қазақстан құрамасы Финляндия, Ресей, Швеция құрамаларына ірі есеппен ұтылса, өзінің негізгі қарсыласы норвегиялықтарға 0:1 есебімен жол берді. Бұл ойында команда капитаны Ескендір Нұғманов соққан пенальтиді Норвегия қақпашысы қайтарып, есепті теңестіруге мүмкіндік бермеді. Сөйтіп қазақстандықтар жүлделі орын үшін таласу мүмкіндігінен айрылды. Чемпионат қорытындысында шведтерді 11:2 есебімен ойсырата ұтқан Ресей құрамасы жеңімпаз атанса, 5:2 есебімен норвегтерді тізе бүктірген финдер қола жүлдені еншіледі. Өз тұрғыластарымен кездесіп, тәжірибе жинақтаған «Ақжайық» командасы енді допты хоккейден жоғары лига командалары арасында Ресей чемпионаты…

0
0
236

1936 жылғы Олимпиаданың алтын медалі 1,5 млн. долларға сатылды

жесси Оуэнс

1936 жылы Берлинде өткен Олимпиада ойындарында американдық жеңіл атлетші Джесси Оуэнске бұйырған алтын 8 желтоқсан күні онлайн SCP бассаудасында 1466574 долларға сатылды.

Бұл туралы Associated Press хабарлады.

Медальді американдық миллиардер Рон Беркл сатып алды.

1936 жылы Адольф Гитлердің қатысуымен Берлинде өткен жазғы Олимпиада ойындарында АҚШ құрамасының сапында бағын сынаған қара нәсілді спортшы төрт алтын иеленген болатын.

Бәссаудада сатылған медаль осыған дейін биші Билла Робинсонға тиесілі болды. Оны Оуэнстің өзі оған жұмыс іздеуге көмектескені үшін алғыс ретінде сыйлаған. Қалған үш медальдің қайда екені белгісіз.

0
0
500

ФИФА 2014 жылғы әлем чемпионатының билеттерін сатуды бастады

ФИФА 2014

ФИФА 2014 жылы футболдан өтетін әлем чемпионатының билеттерін сатуды бастады.

Ұйымның баспасөз қызметінен хабарлағандай, алғашқы бес сағаттың ішінде шамемен 350 мың сатып алушы тілек білдірген. Олардың көбі - бразилиялықтар. Билеттерді сатып алушылардың арасындағы ең белсенділері Чили, АҚШ, Аргентина мен Австралия өкілдері болып отыр.

Бразилияда әлем чемпионаты 2014 жылғы 12  болып отырмаусымнан 13 шілде аралығында елдің 12 қаласында өтеді, деп хабарлады «Новости».

0
0
429

Сочи олимпиадасына қатысатын ел құрамасын спорттың 8 түрінен 17 шетелдік маман дайындайды

Қазақстанның Сочи олимпиадасына қатысатын құрама командасын спорттың 8 түрінен 17 шетелдік маман дайындайды.Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев мәлім етті. «Спорттың 8 түрі бойынша ұлттық құрама команданы дайындау үшін келісімшарт негізінде 17 жетекші шетелдік маман тартылды. Олардың қатарында біліктілігі жоғары шаңғы майлаушылар мен спорттық медицина саласындағы мамандар бар»,-деді Т. Есентаев. Оның атап өтуінше, олимпиадалық циклге дайындық барысында 2012-2013 жылдардағы спорттық маусымға дайындықтың қорытынды кезеңіне ерекше назар аударылуда. Оның нәтижесі команданың олимпиада ойындарына дайындығында басты критерий болып саналады. «Бұл тұрғыда Ұлттық құрама команда 193 оқу-жаттығу жиындарына және 175 халықаралы…

0
0
257

Қазақстан Сочи Олимпиадасында кемінде 2 медальдан үмітті

Талай спортшының сан жылдардағы еңбегінің өтеуі, төккен терінің қайтарымы болар сәт ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының басталуына да 2 айдан сәл астам уақыт қалды. Ресейдің Сочи қаласында өтетін бұл дүбірлі додаға әлемнің 80-нен астам елінің 5 мың спортшысы қатысып, спорттың 15 түрінен 98 медаль жиынтығын сарапқа салмақ. 4 жылда бір рет өтетін Олимпиада ойындары әлемдік спорттың ең биік шыңы десек, ал осы байрақты бәсекенің жеңіс тұғырына көтерілу әрбір спортшының басты арманы, мемлекеттің саяси һәм экономикалық жағынан қуатты екендігінің әрі қарқынды дамуының белгісі екендігі сөзсіз. Қазақ елі де осы қысқы ойындарда өзінің қауқарлы ел екендігін әлем жұртшылығына паш ету үшін бар күш-жүгерін жұмсайтындығы анық. Жалпы, бұл Олимпиада ойындары Қазақстанның Тәуелсіздік алғаннан бергі 6-шы байра…

0
0
498